Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10-11-сыныптарына арналған «Орыс тілі» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту орыс тілінде)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Оқу бағдарламасы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес әзірленген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген).
2. «Орыс тілі» оқу пәні оқу процесінде екі функция орындайды: біріншіден, оқу пәні, екіншіден, басқа оқу пәндерін оқудағы құрал болып табылады.
3. «Орыс тілі» оқу пәнін оқытудың мақсаты әртүрлі деңгейдегі құралдардың қолдану нормаларын және әртүрлі қарым-қатынас салаларында олардың белсенді түрде тиімді қолданылуын ескере отырып, тілдің қалыптасқан біліміне негізделген сөйлеу әрекеттерінің барлық түрлерінде (тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым) білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру арқылы шығармашылық белсенді тілдік тұлғаны дамыту.
4. Оқу пәні – заманауи көпұлтты және көп тілді Қазақстан жағдайындағы қолданыстағы қазіргі орыс әдеби тілі.
5. Оқыту міндеттері:
1) әртүрлі салалардағы және қарым-қатынас жағдайында орыс тілін меңгеру, әдеби тіл нормаларын (орфоэпиялық, орфографиялық, лексикалық және грамматикалық) және сөйлеу этикетінің ережелерін ауызша және жазбаша тілде сақтау;
2) ақпараттарды іздеу, өндіру және ақпаратты қайта өңдеу дағдыларын жетілдіру;
3) сөздік қорды байыту және академиялық тілдің қолданылатын грамматикалық құралдарының ауқымын кеңейту;
4) сыни ойлау дағдыларын жетілдіру: алынған ақпаратты талдау, талдау, синтездеу, бағалау, түсіндіру;
5) коммуникативтік міндеттерге байланысты әртүрлі оқылым түрлерін қолдану;
6) тыңдау және сөйлеу дағдыларын жетілдіру;
7) көпшілік алдында сөйлеудің әртүрлі жанрларында монолог құру дағдыларын, нормативтік тұрғыдан тілдік құралдарды таңдап, сыни бағалауды жетілдіру;
8) диалогты коммуникациялық қарым-қатынастың дағдыларын жетілдіру, түрлі салалардағы пікірталастар мен коммуникативтік жағдайларды талқылау, проблеманы шешу жолдарын ұсынады;
8) туындаған мәселелерді шешу мақсатында қарым-қатынас жасау үшін әртүрлі салалар мен коммуникативтік жағдайларда диалог құру, дискуссия жүргізу дағдыларын дамыту;
9) түрлі жанрларда мәтіндер құрастыру кезінде стилистикалық сауаттылықты жетілдіру; жеке авторлық стильді қалыптастыру; мәтінді түзету және өңдеу мүмкіндігі; жеке авторлық стильді қалыптастыру;
10) орыс тiлiнiң ұлттық және мәдени ерекшелiктерi, орыс, қазақ және басқа халықтар мәдениетi туралы түсініктерді кеңейту;
11) тілді қоғамға табысты әлеуметтендіруге ықпал ететін лингвистикалық капитал ретіндегі қарым-қатынас құралы, білімнің, рухани және адамгершілік құндылықтардың көзі ретінде қабылдап, саналы көзқарасты қалыптастыру.
6. Грамматикалық материал сөйлеу тақырыбы бойынша оқытылады. Тілді оқыту басқа оқу пәндерімен ортақ тақырыптары арқылы кіріктіре оқыту, әртүрлі пәндер бойынша мәтіндерді пайдалану, академиялық тілді дамыту арқылы жүзеге асырылады.
7. «Орыс тілі» пәні бойынша оқу жоспары жоғарғы мектептің 2 жылына арналған.
Достарыңызбен бөлісу: |