Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы


-тарау. Оқу курсының базалық мазмұны



бет241/246
Дата01.11.2022
өлшемі3.11 Mb.
#463778
түріБағдарламасы
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   246
74-132

2-тарау. Оқу курсының базалық мазмұны
6. Курс бағдарламасы білім алушылардың жас ерекшеліктері мен қызығушылықтарын ескере отырып әзірленген бес бөлімнен тұрады.
7. Бірінші бөлімде білім алушылар «Жаһандық құзыреттіліктер» ұғымымен танысады, жобалық жұмыстың тақырыптары мен мақсаттарын, жобалық топ мүшелерін, қажетті ақпарат көздерін, ақпаратты талдау және жинау, нәтижелерді ұсыну тәсілдерін айқындайды. Білім алушылар жоба нәтижелерін бағалау рәсімдері мен критерийлерін белгілейді, жобалық топ мүшелері арасында міндеттерді бөледі.
8. Екінші бөлімде жаһандық экономикалық, саяси, әлеуметтік, экологиялық және басқа да мәселелердің негізгі түрлері қарастырылады. Жобалау жұмысы кезінде білім алушыларға зерттеу жүргізу үшін тақырыпты таңдауда еркіндік беріледі. Зерттеу тақырыбын анықтағаннан кейін білім алушылар халықаралық және жергілікті дереккөздерге шолу жасайды.
9. Үшінші бөлім аясында білім алушылар әртүрлі мәдениеттер өкілдерінің дүниетанымын түсінуге, толеранттылық танытуға, басқа адамдардың көзқарастарын құрметтеуге үйренеді. Білім алушылар жобаның зерттеу міндеттерін жинауға және нақтылауға, кезең-кезеңімен орындауға кіріседі.
10. Төртінші бөлім білім алушылардың өзіндік ерекшелігі мен мәдениеттердің әртүрлілігін түсінуін қалыптастыруға, әртүрлі мәдениеттердің құндылықтар жүйесімен танысуға бағытталған. Білім алушылар ақпаратты талдау, түйінді ойларды тұжырымдау және жобаны рәсімдеу бойынша жұмыс істейді.
11. Бесінші бөлім ұжымдық әл-ауқат пен тұрақты дамудың маңыздылығына арналған. Білім алушылар алынған нәтижелерді түсіндіре отырып, жобаның орындалу барысы туралы есеп дайындайды, негізгі қорытындыларға талдау жүргізеді.


1-параграф. Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

12. Білім алушылар:


1) жаһандық мәселелерді зерттейді;
2) мәдениетаралық айырмашылықтарды түсінеді;
3) басқа адамдардың дүниетанымдарын қабылдайды;
4) экологиялық тұрақтылықты насихаттау және сақтайды.
13. Білім алушыларда:
1) аналитикалық және сыни ойлау;
2) мәдениетаралық коммуникация;
3) икемділік;
4) жанжалдарды басқару дағдылар қалыптасады.
14. Білім алушылар:
1) ашықтық;
2) құрмет;
3) адалдық;
4) адамның қадір-қасиеті;
5) мәдени әртүрлілік құндылықтарын дамытады.
15. Білім алушылар:
1) басқа мәдениеттер өкілдеріне ашықтық;
2) басқа мәдениеттер мен мәдени айырмашылықтарды құрметтеу;
3) көзқарастар кеңдігі;
4) жауапкершілік;
5) бейімделу қасиеттерін көрсетеді
16. Осы оқу бағдарламасы Жалпы орта білім беру деңгейінің 10 сыныбына арналған «Жаһандық құзыреттілік» курсының үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес іске асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет