Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы



бет76/246
Дата01.11.2022
өлшемі3.11 Mb.
#463778
түріБағдарламасы
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   246
74-132

Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Өзбек әдебиеті» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту өзбек тілінде)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Оқу бағдарламасы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес әзірленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №29031 болып тіркелген).
2. «Өзбек әдебиеті» пәнін оқытудың мақсаты – шығарманың әлеуметтік-тарихи және рухани-эстетикалық аспектілерін ескере отырып, өзін-өзі дамытуға және өзін-өзі жетілдіруге дайын тұлғаның рухани құндылықтарын қалыптастыруға ықпал ету, құзыретті, сыни ойлай, идеялық-көркемдік мазмұнына талдау жасай алатын оқырман тәрбиелеу..
3. «Өзбек әдебиеті» пәнін оқытудың міндеттері:
1) өзбек әдебиеті негізінде оның қазақ және әлем әдебиетімен және мәдениетімен байланысын ескере отырып, табысты әлеуметтік бейімделуге ықпал ететін білім, білік және дағдыларды қалыптастыру;
2) көркем әдебиет арқылы «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы негізінде отансүйгіштікке, азаматтыққа, белсенді өмірлік ұстанымға тәрбиелеу;
3) қазіргі әлемнің жаһандануы жағдайында әдебиеттің рухани мұра ретіндегі құндылығы туралы түсінік қалыптастыру;
4) шығармаларды талдау негізінде сыни талдау, салыстыру, жалпылау, ұқсастықтар мен себеп-салдарлық байланыстарды орнату, құбылыстарды жіктеу, логикалық және сыни пайымдаулар, қорытындылар мен қорытындылар құру дағдыларын жетілдіру;
5) әрбір оқушының шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, оқуға рухани-интеллектуалдық қажеттілігін қалыптастыру, сыни тұрғыдан оқу және мәтінді түсіндіру дағдыларын жетілдіру;
6) әртүрлі жанрдағы шығармалардың идеялық-көркемдік, қоғамдық-тарихи және рухани-эстетикалық аспектілерін терең түсінуге, талдауға негізделген қарым-қатынас дағдыларын дамыту;
7) зерттеу мәдениеті саласында құзыреттілігін көрсете отырып, шығарманың, әдеби сын мақалалардың ауызша немесе жазбаша мазмұнын бағалау дағдыларын жетілдіру;
8) әдеби құбылыстарды контекстік тұрғыдан қарастыру, әдеби фактілерді салыстыру, аналогиялар жасау, әдеби параллельдер құру дағдыларын жетілдіру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет