Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы


-тарау. «Тәжік әдебиеті» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру



бет83/246
Дата01.11.2022
өлшемі3.11 Mb.
#463778
түріБағдарламасы
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   246
74-132

2-тарау. «Тәжік әдебиеті» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
1-параграф. «Тәжік әдебиеті» оқу пәнінің мазмұны
4. «Тәжік әдебиеті» пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі:
1) 10-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында 72 сағатты;
2) 11-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында 72 сағатты құрайды.
Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарына тәуелді (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 тіркелген).
5. «Тәжік әдебиеті» оқу пәні бойынша бағдарламаның мазмұны білім беру бөлімдері бойынша ұйымдастырылған. Бөлімдер күтілетін нәтижелер түріндегі сабақтардың оқу мақсаттарын қамтитын бөлімшелерден тұрады: дағды немесе қабілет, білім немесе түсінік.
6. Әрбір бөлімшеде бірізді ұйымдастырылған оқу мақсаттары мұғалімдерге өз жұмысын жоспарлауға және оқушылардың жетістіктерін бағалауға мүмкіндік береді, сонымен қатар оларды оқытудың келесі кезеңдері туралы хабардар етеді.
7. Пәннің мазмұны 3 бөлімнен тұрады: «Мәтіндегі түсінік және жауаптар», «Мәтінді талдау және түсіндіру», «Бағалау және салыстырмалы талдау».
8. «Мәтін бойынша түсінік және жауаптар» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) терминдерді түсіну;
2) көркем шығарманы түсіну;
3) жатқа оқу және дәйексөз келтіру;
4) жоспар құру;
5) қайталау;
6) сұрақтарға жауаптар.
9. «Мәтінді талдау және түсіндіру» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) жанр;
2) тақырыбы мен идеясы;
3) құрамы;
4) эпизодты талдау;
5) қаһармандардың мінездемесі;
6) шығарманың көркемдік әлемі әр түрлі ұсыну формасында;
7) автордың көзқарасы;
8) көркемдік және бейнелеу құралдары;
9) шығармашылық жазу.
10. «Бағалау және салыстырмалы талдау» бөлімі келесі бөлімдерден тұрады:
1) өнер туындысын бағалау;
2) өнер туындысын өнердің басқа түрлерінің туындыларымен салыстыру;
3) әдебиет шығармаларын салыстыру;
4) мәлімдемелерді бағалау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет