Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы



бет82/246
Дата01.11.2022
өлшемі3.11 Mb.
#463778
түріБағдарламасы
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   246
74-132

Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған «Тәжік әдебиеті» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту тәжік тілінде)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Оқу бағдарламасы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес әзірленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген).
2. «Тәжік әдебиеті» пәнін оқытудың мақсаты – өзін-өзі дамытуға және өзін-өзі жетілдіруге дайын тұлғаның рухани құндылықтарын қалыптастыруға ықпал ету, сауатты, сыни ойлайтын, талдау жасай алатын оқырман тәрбиелеу. Шығарманың әлеуметтік-тарихи және рухани-эстетикалық аспектілерін ескере отырып, идеялық-көркемдік мазмұны.
3. «Тәжік әдебиеті» оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері:
1) тәжік әдебиеті негізінде, оның қазақ және әлемдік әдебиет пен мәдениетпен өзара байланысын ескере отырып, табысты әлеуметтік бейімделуге ықпал ететін білім, білік және дағдыларды қалыптастыру;
2) «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы негізінде патриотизмді, азаматтықты, белсенді өмірлік ұстанымды көркем әдебиет құралдарымен тәрбиелеу;
3) қазіргі әлемнің жаһандануы жағдайында әдебиеттің рухани мұра ретіндегі құндылығы туралы түсінікті қалыптастыру;
4) сыни талдау, салыстыру, жалпылау дағдыларын жетілдіру, ұқсастықтар мен себеп-салдарлық байланыстарды орната білу, құбылыстарды сыныптау, логикалық және сыни пайымдауларды құру, туындыларды талдау негізінде қорытынды жасау;
5) оқуда рухани-зияткерлік қажеттілікті қалыптастыру, әрбір оқушының шығармашылық қабілетін дамыта отырып, мәтінді сыни оқу және түсіндіру дағдыларын жетілдіру;
6) әр түрлі жанрдағы шығармалардың идеялық-көркемдік, қоғамдық-тарихи және рухани-эстетикалық аспектілерін терең түсіну, талдау негізінде коммуникативтік дағдыларды дамыту;
7) зерттеу мәдениеті саласында құзыреттілік көрсете отырып, туындылардың, көркемдік және сыни мақалалардың мазмұнын бағалау дағдыларын ауызша немесе жазбаша түрде жетілдіру;
8) әдеби құбылыстарды контексте қарастыру білігін, әдеби фактілерді салыстыра білуді, ұқсастықтарды, әдеби параллельдерді жүргізе білуді жетілдіру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет