Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы 5-11-сыныптарына арналған «Қазақстан тарихы»


/2023 оқу жылында «Қазақстан тарихы» оқу пәні бойынша оқу процесін ұйымдастыруда



бет2/3
Дата13.03.2024
өлшемі34.02 Kb.
#495376
түріБағдарламасы
1   2   3
Түсінік хат Қазақстан тарихы 2022-2023 жж

2022/2023 оқу жылында «Қазақстан тарихы» оқу пәні бойынша оқу процесін ұйымдастыруда келесі оқу бағдарламалары қолданылады:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы «26» шілдедегі № 334 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақстан тарихы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы,
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы «27»қарашадағы № 496 бұйрығымен бекілген Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған «Қазақстан тарихы» пәнінен оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу бағдарламасы;
Жалпы орта білім беру деңгейінің 5-11-сыныптары бойынша:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы «7» наурыздағы № 105 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарға арналған «Қазақстан тарихы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (жаратылыстану-математикалық бағыт, қоғамдық-гуманитарлық бағыт) https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1900018382);
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы «27»қарашадағы № 496 бұйрығымен бекілген Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақстан тарихы» пәнінен оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу бағдарламасы қолданылады.
Негізгі орта білім беру деңгейінде тарихты оқыту:
-білім алушыларда тарихи сананы, қазақстандық патриотизм, өз елінің тарихы мен мәдениетіне құрмет, өз ата-бабаларының жетістіктеріне деген мақтаныш сезімін қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дарыту, зерттеушілік, ойлау, коммуникативті дағдыларды дамытуға;
-білім алушылардың ұлттық және әлемдік мәдениет жетістіктерін, қазақ халқының мәдени және тарихи мұрасының құндылығы мен ерекшелігін түсіну, қазіргі кездегі саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени процестерде бағдарлану үшін тарихи білімдерін қолдана білу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау «Орта білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы»
ҚР БҒМ 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады (2022 жылғы 12 мамырдағы №193 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет