Ағылшын тілінде оқытуды «ішінара енуді» Ұйымдастыру



бет1/8
Дата02.01.2022
өлшемі303.5 Kb.
#454239
  1   2   3   4   5   6   7   8
3 тілді оқыту

АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ОҚЫТУДЫ «ІШІНАРА ЕНУДІ» ҰЙЫМДАСТЫРУ

  • Информатика пәні мұғалімі: Нуржанова Ш.А.
  • “Сарыжар жалпы орта мектебі”
  • Қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесінде оқыту процесін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнмен қамтамасыз ету міндеті тұр. Орта білім берудің басты мақсаты – әлеуметтік, экономикалық, қоғамдық - саяси өмірге белсенді араласуға дайын, құрзыретті тұлғаны қалыптастыруға ықпал ету болып отыр. Осы мақсатқа жету үшін педагог алдымен білім мазмұнының даму тенденцияларымен оқу процесін ұйымдастыруда қолданылатын білім берудің жаңа технологияларын білуі керек.
  • Зерттеудің өзектілігі: ҚР «Білім туралы» Заңында, білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық, коммуникациялық желілерге шығу, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделген. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды. Бүгінгі мақсат – әрбір білім алушыға түбегейлі білім мен мәдениеттің негіздерін беру және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау болып отыр.
  • Әдістемелік ұсынымдардың зерттеу объектісі білім алушыларды тілдік ортаға енгізу арқылы ЖМБ оқу пәндерін оқыту процесі болып табылады.
  • Жұмыстың мақсаты – тілдік ортаға ену арқылы оқыту ерекшеліктерін анықтау.
  • Зерттеудің теориялық негізі психология, педагогика, лингвистика, психолингвистика, логопедия оқыту саласындағы іргелі классикалық және заманауи тұжырымдамалар болып табылады.
  • Практикалық маңыздылығы – әдістемелік ұсынымдарды мектепте ЖМБ пәндерін ағылшын тілінде оқыту процесінде қолдануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет