Жалпы патофизиология


Фенокопия (гр. phaino-көрсету+копия)



Pdf көрінісі
бет13/35
Дата18.09.2023
өлшемі334.67 Kb.
#477822
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35
терминдік сөздік ПФ-1 2

Фенокопия (гр. phaino-көрсету+копия) – организмнiң кейбір белгілерінің сыртқы 
орта әсерлерiнен пайда болған, тұқым қумайтын өзгерiстерiнiң тектiк мутацияға 
ұқсас болуы. 
Фенотип – генотип және сыртқы орта арасындағы қатынастың негiзiнде құралған 
организмдегi барлық белгiлер мен касиеттердiң жиынтығы. 
Пенетранттық (лат. penetrans- өтетiн) – тасушының фенотипiнде геннiң көрiну 
жиiлiгi. 
Экспрессивтiк (лат. expressus- дәл, айқын)  сол немесе басқа геннiң фенотиптiк 
көрiнiсi.
Мутация (лат. mutatio- өзгерiс) – генетикалық аппараттың тұрақты өзгеруi. 
Мутаген (лат. mutatio- өзгерiс+ genos- туындатушы, тегi) – мутацияны 
шақыратын фактор. 
Гендiк мутация – бiр аллельдердiң басқасына ауысуын анықтайтын бөлек 
гендердiң iшкi құрылымының өзгеруi. 
Хромосомдық мутациялар – бiр немесе бiрнеше хромосомалардың құрылымдық 
және морфологиялық қайта құрылыстары (аберрациялары).
Геномдық мутация – жиынтықта хромосомалардың құрылысы өзгермей 
санының өзгеруi. 
Трансверсия (лат. transverto- аудару, алмастыру)  пуриндiк негiздiң пиримидиндiк 
негiзге және пиримидиндiк негiздiң пуриндiк негiзге ауысуымен сипатталатын гендiк 
мутацияның түрi. 


Транзиция (лат. transitio- өту) – бiр пуриндiк негiз басқа пуриндiк негiзбен, ал 
пиримидиндiк негiз басқа пиримидиндiк негiзге ауысуымен сипатталатын гендiк 
мутацияның түрi. 
Трисомия- хромосомалардың бiр жұбына тағы бiр хромосоманың қосылуы. 
Плейотропия- бiр геннiң көптеген көрiнiстерi. 
Делеция (лат. deletio- жою) – бөлек нуклеотидтердiң (гендiк мутация) немесе 
хромосома бөлшегiнiң (хромосомалық мутация) түсiп қалуымен өтетiн мутация түрi. 
Инверсия (лат. inversio-алмастыру) – хромосома бөлiгiнiң 180 градусқа ауысуы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет