ТАҚЫРЫБЫ: «Патологиядағы тұқым қуалаушылықтың маңызы»
Тұқым қуалайтын аппарат – ұрықтандырғаннан
кейiн ұрпаққа толық өтетiн,
көптеген гендерден тұратын хромосалар жиынтығы.
Хромосомалар (гр. chroma- түс+soma- дене) – құрамына ДНҚ кiретiн және
тұқым қуалайтын мәлiметтi тасушы жасуша ядросының құрылымдық элементi.
Ген (гр. genos- туындатушы, тегi) – ата-ана қасиеттерiн
және айрықшылығын
ұрпақтан ұрпаққа тарататын хромосоманың арнайы бөлшегi.
Аллель (гр. allelon-өзара) – бiр белгiнi анықтайтын, гомологиялық (жұптық)
хромосомалардың бiрдей бөлiктерiнде орналаскан жұп гендердiң бiреуi.
Геном (гр. genos- туындатушы, тегi) –
хромосомалардың гаплоидты
құрамындағы гендердiң жинағы.
Генотип ( гр. genos- туындатушы, тегi+typos-үлгi) –
жеке организмге тән
гендердiң жинағы.
Генофонд- организмнiң бiр түрi популяциясындағы гендердiң жинағы.
Гаплоидты құрам (гр. gaplos-қарапайым, бiр ғана) –
жыныс жасушасындағы
хромосомалардың жинағы. Онда осы түрге тән әр хромосомалар жұбынан бiр ғана
хромосома бар (адамда 22 аутосома+1 жыныстық хромосома).
Диплоидты құрам (гр. diplos- екi еселенген) –
барлық хромосомалардың
жұптық жинағы немесе 2 гаплоидтық құрам.
Кариотип (гр. carion-ядроға қатысы бар+typos-үлгi) – бiр биологиялық түрге
жататын организмнiң соматикалық жасушаларындағы хромосомдық құрамның
морфологиялық ерекшелiктерiнiң жинағы.
Код – ақуыз молекуласында аминқышқылдарының
орналасу ретiн анықтайтын
ДНҚ молекуласындағы нуклеотидтердiң орналасу ретi.
Кодон – белгiлi аминқышқылының полипептидтi тiзбекке енуiн реттейтiн ДНҚ
немесе РНҚ молекуласындағы 3 азот негiзiнен
тұратын генетикалық кодтың
бiрлiгi.
Достарыңызбен бөлісу: