Жоғарғы сезімдердің бұдан басқа бір түрі – интелетік сезімдер адамдардың таным
прецестерімен ақыл ой əрекетімен тығыз байланыста жатады.
Ерік.
1. Ерік туралы жалпы түсінік.
Ерік-адамның өз мінез-құлқын саналы түрде меңгере алу қабілеті.
Ерік деп саналы түрде алға тұтқан мақсатқа жету үшін жұмсалатын жан қуатының
белсенділігін жəне адамның өзін меңгере алу қабілетін айтамыз. Ерік алға мақсат қоюдан
басталады. Ал мақсат адамға айқын, ашық, саналы түрде түсінікті болуы қажет.
Адамның ерікті əрекеті жүзеге асу үшін мынандай шарттар қажет: а)
алға тұтқан
мақсатты орындау қайткенде де соған жету; ə) жолда ұшырайтын кедергі, бөгеттерді
жеңу; б) мақсатқа
жкту жолында қайраткерлік, ерлік, табандылық көрсету,
қиыншылықтан жол табу, тəсілқой болу т.б.; в) қиындықтарға қарсы тұрып, үрейленбеу,
қорықпау.
Ерік пайда болу үшін, ең алдымен, оны тудыратын себеп, түрткілер болу керек.
Бұлар адамның мұқтаждылықтарынан туындайды. Кісінің күн көруі, тіршілік ету үшін
оған өзінің табиғи жəне рухани мұқтаждылықтарын қанағаттандыру керек.
Адамның
алдына мақсат қоюдан басталады. Ал мақсат адам мұқтаждылықтарын өтеу үшін пайда
болады.
Еріктің амал кезеңдері.
1. Мақсат жəне оған жетуге ұмтылу (дайындық кезең)
2. Мақсатқа жету мүмкіншіліктерін түсіну (мақсат қою)
3. Ниет – тілектердің пайда болуы
4. Ниеттер шартысы жəне оның бірін қалау
5. Тоқтамға келу үшін мүмкіншіліктердің бəрін қалау
6. Тоқтамға келген шешімді қалау
Адамның ерік – жігер сапалары.
Ерік күші. Шыдамдылық.Табандылық.Дербестілік.Шешімге келгіштік
Ерік туралы теориялар.
Ерік – жігер туралы теориялардың бастылары мына
төмендегілер:Интеллектуалдық немесе ассоциялық теориялар (Э.Мейман т.б). Бұл
теорияны жақтаушыларды жəне дамытушылардың бірі Германияда негізін салған
Э.Мейман.
Бұлардың айтуы бойынша ерікті əрекеттердің барлығы ақыл – ой, интеллектімен
байланысып, солардың нəтижесінен
пайда болады, яғни ерік адамның мұқтаждығы мен
қажеттілігі секілді рухани күшінен туындайды.
Ерік туралы эмоциялық теорияны ұсынушы неміс психологы В.Вундт. Оның
көзқарасы бойынша, ерік эмоциялық сезімдердің тек бір түрі ғана болып табылады. Ерік
ең күшті сезімдердің, аффектердің ерекше варианты.
Америка психологы Джемс ерік адамда пайда болған ойдың еріксіз қимылға
айналуы дейді.
Ерікті тəрбиелеу. Адам ерік саналарын қалыптастыру мен тəрбиелеу өз алдына нақты
мақсат, іс - əрекеттерді орындау нəтижесінен басталады. Ерікті əрекеттер кезінде адам өз
еркін меңгеріп, күш – қуатын қиын жұмыстарды дұрыс ұйымдастыруы жəне бастаған ісін
аяғына дейін жауапкершілікпен орындауы қажет.Бастаған істі жүзеге асыра білу тиіс.
- Содан адам өз еркін шыңдай алады жəне қалыпты деңгейде қалыптастырады.
- Адамның ісі мен мінез –құлқын меңгеруі жəне азаматтық қасиеттері ерікті қимыл –
қозғалыстарынан жəне істеген ісінен байқалады.
- Адамның даралық қасиеттері барлық психикалық процестер ішінен еріктен анық
көрінеді. Соған байланысты адам өмірдегі аса
маңызды кезең - өзінің іс -
əрекеттерін бақылап, ерік – жігерін дамыта білу кезеңі болып табылады .Бұл кезең
адам мінез – құлқындағы ұнамды əрі жағымды саналарда қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: