Ырықты қиял түрлері қайта жасау қиялы жəне шығармашылық қиял. Қайта жасау қиялы
адамның өмір тəжірибесінде кездескен, бұрын болған бейнелерді қайта жаңғыртады.
Қиялдың ең жоғары түрі – шығармашылық қиял немесе жасампаздық қиял.
Қиялдың бұл түрі арқылы жаңа бейнелер мен образдар жасалады.
Творчестволық қиял
бейнелері түрлі тəсілдер арқылы жасалады.
1. Қиыстыру-белгілі элементтердің қосындысы ғана емес, творчестволық синтез.
2. Аглютинация түрлі объектіге тəн бөлшектерді (жинастыру немесе) жинақтау.
3. Объектінің кейбір сапасын немесе басқаларға
қатынасын алға шығара, күшейте
көрсетуден байқалатын акцент жасау.Əсірелеу жəне кеміте көрсету əдістері акцент
жасау тəсіліне жатады.
4. Əдеби, мүсін жəне сурет арқылы бейне жасаудың кең тараған тəсілі-типтік бейне
жасау тəсілі.
Творчестволық қиял бейнелерінің бір түрі фантастикалық бейнелер. Бұларға діни-
мистикалық, ертегі – фантастикалық, ғылыми – фантастикалық бейнелер жатады.
Армандар мен мұраттар қиялдың ерекше формалары.
Творчество,
қажырлы еңбек, сонымен бірге адамның барлық дене жəне рухани күшін
жұмсауды қажет ететін шабытты еңбек болып табылады.
Творчестволық процесс кезінде адамның психикалық əрекеті жоғары деңгейде өтеді. Бұл
жеке адамның интелектуальдық эмоциялық, еріктік күйіне жатады.
Достарыңызбен бөлісу: