бойлап, болашақ ұрпаққа тағылым берерлік мол рухани қазына жатқандығын қазіргі кезде
əр
тарапты зерттеліп, белгілі жүйеге келтірілуде.
Аса көрнекті ғалым Ш.Уəлиханов шығармаларында халықтың рухы оның таным –
наным түсініктерімен тығыз ұшырастырылады. Ы.Алтынсарин еңбектері этникалық жəне
балалар психологиясының қыр – сырына толы болды. Абай туындылары да туған
халқының жан дүниесіне тəн қарапайым сезімнен бастап кемеңгерлік ақыл – ой шыңына
дейінгі мəселелерді қамтиды. Ал Сұлманмахмұт Торайғыров жан мен тəн
ылғи да
бірлікте, байланысты болады деген орынды сөз қалдырды. Психологиялық ой – толғаулар
мен пайымдау – түсініктер Шəкəрім Құдайбердіұлы мен өзге де ағартушы –
демократтарда, ақын – жырауларда көп кездеседі.
Кеңестік кезеңде де Қазақстандағы психология ғылымының өрісі кеңейіп, халыққа
білім беру, тəлім – тəрбие істерінің мақсат – міндеттерімен сабақтасты. Жүсіпбек
Аймауытовтың “Психология” оқулығы мен “Жан жүйесі жəне өнер таңдау” деген
туындысы – психология пəні бойынша таза ана тілімізде жазылған алғашқы еңбек. 1920 –
1930 жылдары А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатовтардың оқу – ағарту, тəлім –
тəрбие істерімен өзара ұшырастырылған ұлттық сипаттағы психологиялық ой –
пікірге
толы мəнді еңбектер жазды. С.Балаубаев, Т.Тəжібаев, М.Мұқанов, А.Темірбеков,
Ə.Ситдықов, Е.Суфиев тəрізді психолог мамандардың ғылыми зерттеулер жүргізген
мəселелері, тақырыптары сан алуан. Қазақстандағы психология ғылымы сан – салаға
тарамдалып, қанатын кеңінен жайып өркендеп келе жатқан ғылыми пəндер
қатарына
жатады.
Достарыңызбен бөлісу: