Жалпы тарих және әгп кафедрасы саясаттану пәнінен дәрістер



бет10/73
Дата02.02.2023
өлшемі0.82 Mb.
#469077
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   73
lektsii po politologiya

Элитарлы-демократиялық саяси режим ең алдымен, формальды –құқықтық бастамаларға, нақты айтқанда демократиялық институттар мен билікті жүргізу тәртібіне негізделеді. Онда азаматтар биліктің демократиялық институттарын қалыптастыруға қатысады, алайда мұнымен олардың билік жүйесіне ықпалы шектеледі. Азаматтардың басым көпшілігі саяси шешімдер қабылдау процесіне әсер етуден шеттетіледі, өйткені, олар саяси процеске және мемлекеттік билікке нақты ықпал ететіндей жағдайда емес.
Биліктің элитарлы-демократиялық жүйесі жағдайында элитарлы саяси күштердің бақталастығы шынайы қоғамдық проблемалардың шағын ортасына салыстырмалы түрде қозғау салады; негізгі мәселелер бойынша олардың бірлігі мен келісімі жеке сипаттағы айырмашылықтан басым болады.
Элитарлы- демократиялық саяси режимнің біршама тиімді қызмет етуінің мысалы АҚШ бола алады.
Әлеуметтік демократия саяси режимі азаматтардың қоғамдық істерге формальды емес қатысуын, өте әр түрлі әлеуметтік жіктер мен топтардың жекелеген саяси партиялардың қатаң монополия орнатуынсыз және билік ресурстары мен биліктік шешімдер қабылдау процесін күштеуінсіз мүдделердің күрделі келісімін ұйғарады.
Әлеуметтік демократия режимнің саяси жүйесі “ашық” сипатта болады, ал, заңның шеңберінде әрекет етуші кез келген әлеуметтік-саяси күштердің дербес қимыл жасауға және саяси шешімдер қабылдау процесіне ықпал ету мүмкіндігіне шынайы құқығы бар. Әлеуметтік демократияның көптеген идеялары мен принциптері Дания, Финляндия, Швеция сияқты және т.б. бірқатар европалық елдерде жүзеге асырылуда.
Демократиялық режимдердің нақты түрін таңдау көптеген факторларға байланысты. Олар: тарихи дәстүрлер мен тарихи тәжірибенің сипаты; елдің материалдық және рухани мүмкіндіктері, саяси күштердің арақатынасы, азаматтардың саяси санасының жай –күйі мен қоғамның саяси мәдениетінің типі, үстемдік етуші басқарушы элитаның мақсаты және т.б.
Осыған байланысты барлық демократиялық саяси режимдерге тән ортақерекше белгілерді атап көрсеткен жөн. Демократиялық режимдер мынандай ортақ белгілермен сипатталады: құпия дауыс беруді пайдаланып, тең, жалпыға бірдей тікелей сайлаулар арқылы мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқарудың өкілдік органдарын сайлау, жалпы мемлекеттік заңдар шығаруға деген парламенттің ерекше құқығының болуы, биліктің заң шығарушы, атқарушы және соттық тармақтарға бөлінуі олардың арасында билік пен өкілеттілігін бөлуде бір –бірін тоқтату және қарсы салмақ механизмінің болуы; көппартиялық, партиялық жүйеде өмір сүріп тұрған құрылыстың негізі ретінде тұратын, сондай-ақ оны терістейтін, бірақ, әрекет етуші конституция шеңберінде ғана, саяси партиялардың болуы; азшылықтың мүдделері мен құқықтарын қадірлеу барысында көпшіліктің саяси шешімдер қабылдауы; азаматтардың тең құқықтылығының кепілдігі, билік пен оның кез келген өкілін сынауға әрбір аданың құқығын мойындау; саяси партиялардың тікелей жария- биліктік өкілеттілігінің болмауы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет