Жалпы тарих және әгп кафедрасы саясаттану пәнінен дәрістер



бет19/73
Дата02.02.2023
өлшемі0.82 Mb.
#469077
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   73
lektsii po politologiya

Демократиялық партиялар басқа партияларға төзімділікпен, түсіністікпен қарайды, пікір алалығын жақтайды. Идеологиялық факторға онша мән бермейді.
Тоталитарлық партиялар, керсінше саяси жүйенің басқа элементтерін өзіне бағындыруға тырысады. Әсіресе идеологияланған, қатаң тәртіпке негізделген бірпартиялық жүйе құруға тырысады.
Авторитарлық партиялар, әдетте, дамып келе жатқан елдерге пайда болады және отаршылыққа қарсы бағытталады. Олардың көбі ең алдымен өз елдерінің саяси және экономикалық тәуелсіздігі, әлеуметтік прогресі үшін күреседі. Өз әрекеттерінде көбінесе күшке сүйенеді.
Саяси өмірдегі алатын орны, билікті жүзеге асыруға қатысына қарай саяси партиялар билеуші және оппозициялық (латынның “қарсы қою”деген сөзінен шыққан) болып бөлінеді.
Билеуші партиялардың қолдарына мемлекеттік билік тигендіктен, оларға бүкіл қоғам дамуының басты бағыты мен сипатын айқындауға мүмкіндік туады. Яғни,олар басқа партиялардың үстінен билікке ие болады. Мұндай мүмкіндігі жоқ қалған партиялар өз мүдделерін басқа жолмен қорғайды. Олар бұл мақсатта өздерінің конституциялық құқығын, парламент мінбесін, бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланады. Белгілі бір қоғамдық пікір тудырып билеуші партияға сырттай ықпал жасайды. Мұндай саяси партияларды оппозициялық деп атайды. Олар басқарушы партияның саясатын сын көзбен бағалайды. Қоғамның даму бағдарламасын жасайды, басқа мемлекеттермен қарым-қатынастарға өздерінің көзқарастарын білдіреді. Жалпы оларға қарсыластық қасиет тән келеді.
Жұмыс істеу жағдайына, заңның рұқсат етуіне байланысты партияларды ресми, жартылай ресми, құпия деп жіктейді. Егер қоғамдық-саяси өмірге қатынасуына заң жүзінде рұқсат етіліп, мемлекеттік тіркеуден өтсе, ол ресми партия болып саналады. Ол жұмысын ашық жүргізеді. Бірақ формальды түрде рұқсат етілсе, оны толық танылды деуге болмайды. Біраз жағдайларда партияға сыртттай мойындаған сынай білдіріп, шын мәнінде, жұмысына шек қойып, кедергілер жасалады. Мұндай партияларды жартылай ресми деуге болады. Ал егер партияға заң бойынша тыйым салынып, жұмысын астыртын, жасырын жүргізсе, ол құпия партияға жатады. Әдетте, олар үстемдік етіп отырған құрылысты күшпен өзгертуді мақсат етіп қояды. Егер құпия партияны халық шынымен қолдап, беделі зор болса, оны ресми мойындамағанымен жұмысын тоқтата алмайды. Оның айғақтығын құпия жағдайда жүріп отаршылыққа қарсы қажырлы күрес жүргізген көптеген ұлт-азаттық партиялардың даму жолынан байқауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет