Жалпы тарих және әгп кафедрасы саясаттану пәнінен дәрістер


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



бет30/73
Дата02.02.2023
өлшемі0.82 Mb.
#469077
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   73
lektsii po politologiya

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1.Жанжалдық жағдайларды реттеудің құқықтық нормалары мен конституциялық негіздері.
2.Ішкі саяси дағдарыс: пайда болу себептері мен даму кезеңдері.
3.Ұлтаралық жанжалдың саяси алғышарттары, мәні және оны шешудің жолдары.
4.Полиэтникалық мемлекеттердегі ұлттық мәселелерді шешудің халықаралық тәжірибесіне салыстырмалы талдау (АҚШ, Бельгия, Швейцария).
5.Өтпелі кезеңдегі саяси келісімге қол жеткізудің механизмдері.
6.Саясаттағы жанжал және дағдарысты жағдайлар.


Тақырып: Саяси процесс.
Жоспар:
1. Саяси процесс туралы ұғымы.
2.Саяси процестің жіктелуі.
3.Саяси процеске қатысу түрлері.
1.Саяси процесс дегеніміз 1) қоғамның саяси жүйесінің, құбылыстарының уақыт пен кеңістікте даму барысы, өзгеруі; 2) түпкілікті нақты нәтижеге жеткен белгілі бір көлемдегі процесс. Мысалы, қайсыбір партия не қозғалыстың қалыптасуы, сайлаудың өткізілуі, басқарудың жаңа құрылымының дүниеге келуі және т.с.с.
Қоғамдық өмір, оның ішінде саяси сала- өте күрделі құбылыс. Онда өмір сүріп жатқан топтардың, жіктердің, ұйымдардың мақсат-мүдделері кейде қабысып, кейде келіспей, шырмалып жатады. Соған орай күн сайын көптеген өзгерістер болып, бір саяси нұсқаулар дүниеге келіп, екіншілері өз күшін сақтап, үшіншілері өшіп дегендей, өзгеріп жататыны белгілі.Осындай саяси жүйенің бір қалыпты жағдайдан екінші жағдайға келіп, ауысуын, өзгеруін, қозғалысын саяси процесс дейді. Бұл процесс саяси деп аталғандықтан ондағы өзгерістер ең алдымен билікке, оны бөлу және қайта бөлуге, азаматтарды шешім қабылдауға, басқарушылардың қызметін бақылауға және т.с.с. жұмылдыруға, халықтың саяси белсенділігін арттыруға байланысты болады. Сондықтан саяси процестің басты мәселесі - азаматтардың әр түрлі мүдделерін біріктіріп, жинақтайтын саяси шешім қабылдауда және оны іске асыруда.
Саяси процесс – күрделі құбылыс. Ол күнделікті өзгерістерден бастап, қоғамның саяси жүйесінің түбегейлі өзгерісіне дейінгі аралықты қамтиды.
Саяси жүйені тұтас алсақ, оның даму процесін төрт сатыға, кезеңге бөлуге болады:
1. Саяси жүйені конституциялық тұрғыдан айқындау. Ескі саяси жүйенің орнына жаңасы келгенде, ол бұрынғы мемлекеттік билікті ауыстыруы немесе оған дейінгі саяси –құқықтық құрылымдарды жаңарған жағдайға бейімдеуі мүмкін. Егер көпшілік жұрт жаңа жүйені мойындап, қолдаса, оны легитимді болғанын білдіреді. Мұндайда саяси жүйе өзін-өзі қалпына келтіретін жағдайға жетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет