Жалпы тарих және әгп кафедрасы саясаттану пәнінен дәрістер


Мәміле—дау-жанжалға қатысушы жақтардың өзара кешірімділік білдіріп, ымыраға келуі. Мәртебе



бет51/73
Дата02.02.2023
өлшемі0.82 Mb.
#469077
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   73
lektsii po politologiya

Мәміле—дау-жанжалға қатысушы жақтардың өзара кешірімділік білдіріп, ымыраға келуі.
Мәртебе — азаматтың, мемлекет органының, халықаралық ұйымның және т. с. с. Құқықтық орнын білдіретін құқықтар мен міндеттер жиынтығы.
Мемлекет — белгілі бір аумақ шеңберінде адамдардың, әлеуметтік топтар, таптар мен бірлестіктердің қатынастары мен қызметтерін ұйымдастыратын, бақылайтын қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементі. Мемлекеттің ерекше өкімет аппараты болады. Ол бүкіл қоғам атынан ресми істерді жүргізуге құқылы. Оның заңдарын сол елдегі адамдардың бәрі де сыйлайды және орындауға тиіс. Егер орындамаса, оның ырықсыз көндіруге қақысы бар.
Мемлекеттік билік—барлық адамдарға міндетті зандарды шығаруға жеке-дара құқығы бар, заңдар мен ұйымдарды сақтау үшін ерекше күштеу аппаратына сүйенетін саяси биліктің түрі.
Меморандум — дипломатиялық хат жазысудың бір түрі. Ол жүргізілетін келіссөз мәселелерінің заңдылық жақтарын дамытады, негіздейді.
Менталитет — 1) ойдың бағыты, жүйесі, ақыл шабыты, құрылымы; 2) адамның, топтың, таптың, халықтың дүниетанымы, өмірге, саясатқа, билікке қатынасы; 3) рухани өмірдің ерекшелігі.
Меритократия — ерекше қабілетті, құзыретті, таланаттылардың билігі.
Метрополия — қол астында колониялары бар мемлекет.
Милитаризм—жаппай қарулану, соғысқа әзірлену, ішкі және сыртқы мәселелерді қарулы күшпен шешуге тырысқан саясат.
Модернизация—қазіргі, жаңа жағдайға байланысты жаңару, өзгеру, икемделу. Саясатта саяси жүйенің, әдіс-тәсілдердің, бағдарлама, тұжырымдамалардың өзгеруі. Заман талабына сай жаңару қоғамның жылдам дамуына мүмкіндік беріп, тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Ондай өзгерістер жасалмаса, саяси тоқырауға ұшырауға болады.
Монархия — мемлекеттің жоғарғы өкімет билігі жеке-дара бір билеушінің қолында болып, ол әкеден балаға мұра ретінде қалатын түрі. Оны хан, патша, император, король, сұлтан, шах және т. б. деп атауы мүмкін.Монархия өз кезегінде абсолюттік (шексіз) және конституциялық болып екіге бөлінеді. Абсолюттік монархия деп жоғарғы өкімет билігі бүтіндей, тұтас, формальды түрде де шектелместен бір адамның қолында тұрған қоғамдық құрылысты айтады. Бұрын басқарудың мұндай түрі кең тараған болатын, қазір жоқ.Конституциялық монархияға монархтың билігі заң шығаратын билік — парламентпен шектеледі.
Ондай елдерге Бельгия, Голландия, Дания, Жапония, Иордания, Ұлыбритания, жөне т. б. жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет