Жалпыадамзаттық құндылықтар: АҚИҚат үсенбаева Гүлжан Жұмалбекқызы 2016 ж Жоспар



бет4/5
Дата10.02.2024
өлшемі30.87 Kb.
#491564
1   2   3   4   5
Реферат тақырыбы Жалпыадамзаттық құндылық Ақиқат (1)



Ақиқаттың өлшемі


Ақиқат пен адасу мәселелерін зерттеу ақиқат өлшемі зандылықтарын карастырмайынша, толық бола алмайды. Ақиқат пен адасудың арасьш қалай ажыратып алуға болады? "Ақиқат елшемі" деп, әдетте, бір - қатар эталондарды немесе тексеру амалдарын айтамыз. Ақиқаттың елшемі бір мезгілде екі шартты қанағаттандыруы керек:

  1. ол тексерілетін білімге тәуелді болмауы керек;

  2. құптау немесе теріске шығару үшін ол белгілі бір бейнеде біліммен байланысты болуы керек. Ақиқаттың өлшем мәселесі әрқашан таным теориясында орталық межеде болған, өйткені ондай елшемді табу ақиқатты адасудан бөліп алу амалын табумен парапар.

Философтардың кейбіреулері ақиқаттың өлшемі деп — тиімділікті, пайдалылықты және жайлылықты , енді біреулері жалпыға танымалдыльқты ұсынады, үшіншілері жаңа білімдерді ескі білімдермен қиыстыратын, ақикаттың формалды логика өлшемімен шектеледі, төртіншілер білімнің ақиқаттылығын жалпы шартты келісу ісі деп түсінеді. Аталған жағдайлардың бәрінде ақиқаттың өлшемі ақылдан тысқары шығарылмайды, сондықтан білім өзімен-өзі тұйықталады, ал ақиқатты айкындауға практикалык қызмет үдерісінде білімді объектімен қатар қоя қарастырғанда ғана кол жеткізуге болады. Мұндайда ақикат өлшемі шарттарын практика, демек, қоғамдық - тарихи үдеріс ретінде түсіндіретін материалдык кызмет қана қанағаттандыра алады. Практика коғамдағы адамның қоршаған дүниені материалдық игеруі болып табылады. Практика, ақиқат өлшемі ретінде көріне отырып, оған кажетті қасиеттерге ие, мысалы, объектіге бағытталады және кызметімен білім аясының шеңберінен шыға алады. Практика адамды объективті шынайылықпен қауыштырады. Онда заттар өзгеріп кетуі мүмкін. Сонымен қоса практикалык кызметтің жүзеге асырылуы білімге төуелді. Практиканың қайсысы болса да, жаңғыртатын заттардьщ қасиеті туралы ақпарларға негізделеді, белгілі бір мақсаттан туындайды, айқын жоспармен жүргізіледі. Бұдан практиканың ойластырылған, тұшынылған сипатта болатыны белгілі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет