Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда



бет12/19
Дата08.06.2016
өлшемі1.78 Mb.
#122928
түріАнықтамалық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19

ШЫҒАРМАЛАРЫ:
Тәжібаев Ә. Шығармалары. Екі томдық. Т.1-2.-Алматы. ҚМКӘБ., 1960;

1 том. 1928-1950.-320 бет

2том. 1950-1960.-416 бет.

Тәжібаев Ә. Шығармалары. Екі томдық. Т.1-2.-Алматы. Жазушы, 1969;

Тәжібаев Ә. Шығармалар жинағы. 5 томдық.- Алматы. 1978 - 1981.

1. том.-1978-750 бет

2. том.-1979 - 680 бет

3. том.-1980.- 636 бет

4. том: Ғылыми еңбектер -1981.- 760 бет

5. том: Проза.-1981 - 703 бег.


Тәжібаев Ә. Жаңа ырғақ - Семей: Қазақстан баспасы, 1934;

Тәжібаев Ә. Таңдамалы өлеңдер - Алматы: Каз.көркем әдебиет 6асп. 1936;


1939.

Тәжібаев Ә. Әдебиет хрестоматиясы. Орта және орталау мектеп. 5 кл. үшін.Алматы: Қаз.көркем әдебиет басп., 1938;


Тәжібаев Ә. Мерген. - Алматы. Каз.мемл. оқу құрал басп., 1948;

Тәжібаев Ә. Өлеңдерімен поэмалары - Алматы: Қаз.бірік. мемл. басп., 1949;

Тәжібаев Ә. Шын жүректен. Таңдамалы шығармалар - Алматы: Қаз.мемл.оқу құрал басп., 1949;

Тәжібаев Ә. Сүйген жүректер.- Алматы. ҚМКӘБ. 1951;

Тәжібаев Ә. Гүлден дала: 4 актілі пьеса.- Алматы: ҚМКӘБ., 1953;

Тәжібаев Ә. Өмір және поэзия - Алматы. ҚМКӘБ., 1960;

Тәжібаев Ә. Жастық жырлары - Алматы: ҚМКӘБ., 1962; Жазушы, 1967;

Тәжібаев Ә. Жүректілер: Пьесалар жинағы - Алматы: ҚМКӘБ., 1964;

Тәжібаев Ә. Кешеден бүгінге: Өлеңдер - Алматы. Жазушы, 1964;

Тәжібаев Ә. Жартас: Өлеңдер мен драм. поэмалар.- Алматы: Жазушы, 1967;

Тәжібаев Ә. Қазақ драматургиясының дамуы мен қалыптасуы - Алматы.
Жазушы, 1971;

Тәжібаев Ә. Көне қоңырау: Өлеңдер - Алматы: Жазушы, 1973; Тәжібаев Ә. Жылдар, ойлар. Естеліктер мен толғаныстар.- Алматы: Жазушы,


1976;

Тәжібаев Ә. Құрдастар: Өлеңдер. Поэмалар.- Алматы. Жазушы, 1977;


Тәжібаев Ә. Толағай. Ерлік туралы аңыз - Алматы. Жалын, 1978;
Тәжібаев Ә. Жаңа өрімдер.- Алматы. Жалын, 1979;

Тәжібаев Ә. Хаттар сөйлегенде: Күнделік-повесть.- Алматы: Жалыш, 1980;

Тәжібаев Ә. Таныс дауыстар: Өлеңдер мен поэмалар - Алматы: Жазушы,
1984;

Тәжібаев Ә. Өмір мен ерлік: Өлеңдер мен поэмалар.- Алматы. Жалын 1985;


Тәжібаев Ә. Күзгі жапырақтар. Өлеңдер мен поэма- Алматы. Жазушы, 1988;

Тәжібаев Ә. Есімдегілер: естеліктер, эсселер - Алматы. Жазушы, 1993;


Тәжібаев Ә. Аралдар. Өлеңдер жинағы - Алматы: Жазушы, 2002.

***


Оспанов С. Мінезді ақынмен мұндасу: немесе қазақтын ұлы ақыны Ә. Тәжібаев жайлы сыр // Түркістан.-2009.-2шілде.-15б.

Ораз Н. Сардар ақын: Ә. Тәжібаевтың туғанына 100 жыл // Жаңа Сарыарқа.-2009.-№3.- 3-7б.

Қирабаев С. Әбділда ақын // Қазақ әдебиеті.-2009.-9-15 қазан.-1,10б.

Жақсылықұлы З. Әбділда Тәжібаев-қазақ әдебиетінің тарихшысы //Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде.-2009.-№11.-3-17б.

Ергөбек Қ. Бар буын ақынға аға болатын...//Жас қазақ.-2009.-16қазан.-8б.

Бердәбай Р. Әдебиетіміздің асқар тауы //Қазақ әдебиеті.-2009.-29мамыр-4маусым.-4б.

Ергөбек Қ. «Қазақша құлатылған шығарма //Мәдени мұра.-2012.-№2.-2-8б.

Тәжібаев Әбділда. (1909-1998). // Қазақ әдебиеті: Энциклопедия.- Алматы, 1999.- 620-621б. Тәжібаев Әбділда. // Советтік Қазақстан жазушылары: Биобиблиографиялық

анықтамалық - Алматы, 1987 - 602-603 бб.

Тәжібаев Әбділда // Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр: Аңықтамалық:.-2004.-298б.

Тәжібаев Әбділда // Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық.-Алматы.-2005.- 496-497б. Тәжібаев Әбділда //Қазақстан Ұлттық энциклопедия.-8том.-Алматы.-2005.-

293б.


ТӘЖІБАЕВ БӘКІР

(1926-1994)
Бәкір Тәжібаев Ақтөбе облысы Байғанин ауданының Ақбұлақ ауылында 1926 жылы туған. Әрі ақын, әрі әнші, композитор Бәкір Тәжібаевтың әндерін көпшілік қауым жылы қабылдап, ел арасында шырқалып жүр.

1950 жылы Б. Тәжібаев Алматы көркемсурет училищесінің актерлік факультетін бітіріп, Жамбыл, Шымкент облыстық драма театрында 1958 жылға дейін істеді. 1958-74 жылдар арасында Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрында әдебиет бөлімінің меңгерушісі, Алматы облыстық халық шығармашылығы Үйінің директоры, қазақ театр қоғамында кеңесші-методист болды.

Алғашқы шьғармалары 1956 жылы жарияланды. «Қара торғай» атты тұңғыш жинағына (1967) әр жылдары жазған новеллалары енген. Кейін «Балбұлақ» (1969), «Ән-дәурен» «1973), «Жүріп келем» (1976), «Дала жолдары» (1980), «Жыр жолаушы» (1982), «Ақбұлақ» (1985), «Беласқан» (1992) атты өлеңдер жинақтары жарық көрді. Өнер адамдарына арналған, олардың өмірі туралы «Біздің Роза» (1969), «Сахна жұлдызы» (1977) кітаптары шықты.

Бәкір Тәжібаев драматургия саласына да елеулі үлес қосқан қаламгер. Оның алғаш мектеп сахнасына арналған «Кел, дос болайық» пьесасы 1963 жылы басылып шықты. «Сал сері - қыз Қосан» (1956), «Ана жүрегі» (1960), «Қарагөз қарындасым» (Ж. Жұмақановпен бірге, 1962), «Ақтау әні» (1970) пьесалары республикамыздың бірқатар театрлары сахналарында қойылды. Бәкір Тәжібаев - «Қамар сұлу» операсы (муз. Е. Рахмадиевтікі 1963) либреттосының, 100-ден астам әннің авторы. Оның бірқатар әндері «Жас дәурен», «Ақбұлақ», «Әппағым-ау, әппағым», «Гүлсің-ау» т.б. Қытай, Монғолия, Түркия, Ауғаныстан, Иран т.б. елдерде тұратын қазактар арасында кең тараған.

Бәкір Тэжібаевтың сөзіне жазылған композитор Сейдолла Бәйтерековтың «Әлия» әні бүкіл әлемге тарап, қарапайым қазақ қызы Әлия Молдағүлованың ерлігін паш етті. Ақынның «Ақбұлақ» атты ән-өлеңдер жинағы «Өнер» баспасынан жеке кітап болып шықты.

Б. Тәжібаевтың орындауындағы әндері «Мелодия» фирмасынан 1977 жылы күйтабақ болып шықты. Оған ән сүйер қауым арасына кең тараған әндері енген. Ал оның «Ақбұлақ» әні ақынның туған ауылына деген ыстық сезімінің, таза махаббаты мен сағыныш сазының тамаша үлгісі ретінде шоқтығы биік ән болып шырқала беретіні анық.

Бәкір Тәжібаев 1994 жылы дүниеден өтті.
ШЬІҒАРМАЛАРЫ:
Тәжібаев Б. Кел, дос болайық: Мектеп сахнасына арналған пьесалар.- Алматы: ҚМКӘБ., 1963;

Тәжібаев Б. Біздің кішкентай театр: Мектеп сахнасына арналған пьесалар.- Алматы: Жазушы, 1965;

Тәжібаев Б. Қара торғай: Хиқаялар.-Алматы: Жазушы, 1967;

Тәжібаев Б. Балбұлақ: Өлеңдер - Алматы: Жазушы.1969;

Тәжібаев Б. Біздің Роза (Роза Бағланова).- Алматы: Қазақстан,1969;

Тәжібаев Б. Ән-дәурен: Өлеңдер мен әндер.-Алматы: Жазушы, 1973;

Тәжібаев Б. Жүріп келем : Өлеңдер, әндер.-Алматы: Жазушы, 1976;

Тәжібаев Б. Сахна жұлдызы.-Алматы: Жалын, 1977;

Тәжібаев Б. Дала жолдары: Өлендер.-Алматы: Жазушы,1980;

Тәжібаев Б. Жыр-жолаушы. Өлеңдер - Алматы. Жазушы, 1982;

Тәжібаев Б. Ақбұлақ: Ән-өлеңдер.- Алматы: Өнер, 1985
***
Мұқаш Қ. Жайсан ақын Бәкір Тәжібаев // Қазақ әдебиеті.-2013.-26шілде.-10б.

Тәжібаев Бәкір Телеуұлы. (1926-1994). // Қазақ әдебиеті: Энциклопедия - Алматы, 1999.- 621 б.

Тәжібаев Бәкір // Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр: Аңықтамалық:.-2004.-298б.

Тәжібаев Бәкір // Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық.-Алматы.-2005.- 496-497б. Тәжібаев Бәкір //Қазақстан Ұлттық энциклопедия.-8том.-Алматы,-2005.-293б.


ТИЕСОВ МАҒЗҰМ

(1904-1973)
Мағзұм Тиесов 1904 жылы Ақмола облысы Қорғалжын ауданының №4 ауылында туған. 1926 жылы ол Қазақтың Қызылордадағы ағарту институтына түсті. 1929-1932 жылдары Мәскеу универснтетінің филология факулътетін бітірген. 1932-1941 жылдары Қазақстанға оралып Ащысай руднигінің «Кенді Қарагау» газетінің редакторы болып еңбек жолын бастап, ұзақ жылдар әдебиет пен мәдениет майданында жемісті еңбек етті. Кейін оқу-ағарту саласында да белсене жұмыс істеді: мектеп директоры, педагогика училищесінде дәріс берген. 1941-1943 жылдары «Үлгілі колхоз» газетінің редакторы, 1943 жылы «Советтік Қарағанды» газетінде бөлім меңгерушісі болып істеген.

Кейін «Әдебиет және искусство» (қазіргі «Жұлдыз») журналының бас редакторы, «Социалистік Қазақстан» (қазіргі .«Егемен Қазақстан») газетінде әдеби қызметкер болып қызмет істеді.

Мағзұм Тиесовтің «Отарды аман сақтап», «Шопан ата» (1965), «Дала перзенті» (1968), «Бақытты бозторғай» (1974), «Қаздауысты Қазыбек» (1979) повестері мен әңгімелер жинағы жарық көрген.

Мағзұм Тиесовтің шығармаларының дені балаларға арналган. Оның 1954 жылы жарық көрген «Қотыр торғай» шығармасы халық ертегісі негізінде жазылған. Сонымен қатар М. Тиесов қазақ халқының аяулы азаматы, біртуар перзенті Әділбек Майкөтовтың өмірі туралы кітап жазған қаламгер. Мағзұм Тиесов 1973 жылы 6 мамырда дүниеден өтті.


ШЫҒАРМАЛАРЫ:
Тиесов М. Қотыр торғай. (Халық ертегісі бойынша).- Алматы; ҚМКӘБ., 1954;

Тиесов М. Әңгімелер.- Алматы. ҚМКӘБ., 1959;

Тиесов М. Жидембайсын жерінде - Алматы: ҚМКӘБ., 1959;

Тиесов М. Сөз сүйектен өтеді.- Алматы: ҚМКӘБ, 1959;

Тиесов М. Әділбек Майкөтов. Очерк - Алматы. Жазушы, 1967;

Тиесов М. Дала перзенті. Повесть.- Алматы. Жазушы, 1968; 1980;

Тиесов М. Бақытты бозторғай. Ертегілер.-Алматы. Жазушы, 1974;

Тиесов М. Қаздауысты Қазыбек.- Алматы. Жазушы, 1979.

* * *

Тойғанбекова М. Мағзұм Тиесовтың жазушылық шеберлігі // Ақиқат.-2010.-№4.-56-57б.



Тойғанбекова М. Қарымды қаламгер // Жұлдыз.-2010.-№1.-174-175б.

Тиесов Мағзұм // Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр: Аңықтамалық:.-2004.-302б.

Тиесов Мағзұм // Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық.-Алматы.-2005.- 502б.

ТҮМЕНБАЕВ ЖАҚСЫЛЫҚ
(1944-1993)

Қазақгың аса талантты жазушысы, жүйрік журналист Жақсылық Түменбаев 1944 жылы бесінші қаңтарда Қызылорда облысының Арал ауданындағы Сазды ауылында дүниеге келген. 1960 жылы Арал қаласындағы № 15 орта мектепті бітіргеннен кейін "Арал" совхозында шопанның көмекшісі болып жұмыс істейді. 1963 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұттық университетінің журналистка факультетіне оқуға түсіп, оны 1968 жылы бітіріп шығады. Журналистік еңбек жолын 1968 жылы Қазақстан Қомпартиясы Орталық Комитетінің жолдамасымен Қызылорда облыстық "Ленин жолы" газетінде бастады. 1975 жылы Республикалық Министрлер Кеңесінің информация агенттігіне ауысып, қатардағы тәржімашыдан бас редактордың орынбасар-лығъна дейін өсіп, сол КАЗТАГ -- та жүргенде Республика Жоғары Кеңесінің Грамотасымен марапатталды. Бұл кезде Жақсылық республика жұртшылығы-на өзіндік қалам өрнегі бар, белгілі журналис- жазушы болып қалыптасты.

Әңгіме, хиқаяттары республика газет-журналдарда жиі көріне бастады, "Жалын" баспасы, Баспа жөне кітап істері жөніндегі мемлекеттік комитеті мен Қазақстан Жастар одағы бірігіп жариялаған жыл сайьнғы бәйгесін екі рет жеңіп алды. Оқырмаға танымал болды. Дегенмен, жазушының өзін жұртқа айрықш мойьшдатқан туындысы "Ауыл шетіндегі үй" хиқаяты еді.

Хиқаят баспасөзде жарық көрген бойда әдебиеттегі үлкен қаламгерлердің бірі Сафун Шәмерденовтің осы дүние туралы пікір білдіруі де тегін емес. Ауыл шетіндегі үйде" тұратын адамның аты — Омарғали. Жазушы оны оқырманға бірден таныстырды.

"Омарғалидың жас кезінен бері сүйегіне сіңген әдет: боз- ала таңнан түрады. Мүнысына жүрт бір кезде сүйсінетін, "ерте түрған жігіттің ырысы артық" емес пе? Қазір күледі: "Осының не шаруасы қалып барады екен?" - деп. Бірақ, оның ерте түрғанынан әзір зиян шеккен ешкім жоқ".

Осы бір екі-үш бастама сөйлем-ақ оқырманды оқиғаның өзек сырымен тап-тұйнақтай етіп таныстыра қояды. Әңгіменің еңбекқор, тынымсыз адам жайында болатынын біле қоясыз. Қызығасыз, қандай қылық көрсетер екен деп күтесіз. Қазір оның кемтар екенін окисыз, содан соң оның мақтан сүйгіштігін аңғарасыз, сөйте-сөйте Омарғалиды жаныңызға жылы тарта бастайсыз. Өзінен бұрын өзгені ойлайтын, көп үшін күшін де, терін де аямайтын тағы бір кейіпкермен танысасыз. Жақсылық өз шығармасымен, шығармадағы жан жылуымен сізді үнемі осылай байытады.

"Қимас қазьша" повесінің де айтпақ ой ағысы алғашқы сөйлемнен аңғарылады. «Біздің үйде кісі қызығарлық екі дүние бар. Екеуін де Қасым көкем қолдан жасаған. Бірі - қазақы ер, екіншісі бесік», дейді баяндаушы кейіпкер. Әңгіменің Қасым көке туралы болатынын содан білесіз де, енді Қасымды танып білуге дайындаласыз. Соғысқа кеткен Қасымның көзіндей қазақы ер мен бесіктің тарихы адалдық пен арамдық таразы боп қалғандай. Адамды сыйлау адамнан қалған асыл мұраны сыйлаумен астасып кетеді.

"Мен сүйген қаз" — Жақсылықтың ең жақсы повестерінің бірі. Кезінде "Жалын" баспасының жабық конкурсында бәйге алған шығарма.

"Мен оны әуел бастан-ақ күлай сүйіп ем. Кейін енді қайтып көрместей болып көңілім қалған"... - дейді алғашқы сөйлем. Сонан соң ауылдан астанаға оку іздеп келген жас жігіттер мен жас бойжеткендердің әдемі, жарасты тіршілігі әзілді әжуамен жылы баяндалады.

"Ауыл мен Алматының арасында", "Тасбөгет", "Туған ошақ жылуы", "Махаббат қорығы", "Көктайғақ", "Әке жыры" — бәрі де Жақсылықтың талантты жазушы екенін делелдейтін дүниелер.

Ж.Түменбаевтың кейіпкерлері халықтық дәстүрдегі етек-жеңі кең кәдуілгі ел адамдары, көкірегінде тазалық кептері үя салған қарапайым жандар.

Соғыс салған жан жарасы ("Бақыт құсынан" Кәмшат), тағдыр тәлкегі ("Ауыл шетіндегі үйден" Омарғали), от басының отын өшірмейтін қазақ әйелі ("Қимас қазынадан", Ботакөз, "Түп-тұнық сөзімнен", Күлшат, "Ауыл мен Алматы арасынан", Балмейрам, "Лотерея билетінен", Әлпеш), балаң таза махаббат ("Мен сүйген қыздан" Гүлжанат, "Жыл айналып келгеншеден" Нәзия, "Аққозыдан" Жансерік), еңбек адамдары ("Тасбөгеттен" Манап), қаланың күйкі тірлігі ("Туған ошақ жйлуынан" Куандык), кіндік қаны тамған жерге деген махаббат ("Ашық күндегі ақ жауыннан" Ақжол) т.б.

Жазушының осы бір кейіпкерлерінің тағы бір ерекшелігі бұлардың қай-қайсысы да басынан қандай тауқымет кешпесін мейлі, көңіліңе әлдеқандай зіл тастамайды, оқып болғанда ақжарқын досыңмен ертеңге дейін ғана қоштасқандай жылы да мұнды көңіл күйде қаласың, қайта табысқанда шүйіркелесе кететіндей зілсіз жандар.

Тағы бір қасиеті Жақсылық оқырманын үркітіп жүрек айнытар жасанды тартысқа бармайды. Көргенін, білгенін, өмірден түйгенін қоңыр әдеппен баяу ғана баяндап береді.

Жақсылық бар болмысымен ел ішінде пісіп, жетілген. Ол қыр адамдары мен кәдуілгі қазақ мұңын, оның табиғи тазалығын жоқтаушы болатын, селқос емес шынайылықпен жан жүрегі езіле жоқтайтын. Оның орны бар қара орманнан табылатыны сол.

Жазушының соңғы шығармасы — "Ақтық демін, біткенше" романы. Романың оқиғасы Арал ауданы байтағындағы қарақұмның бір қойнауын мекендеген ескі қазақы ауылда өтеді. Желісі колхоздастыру кезеңінен бастап кешегі елуінші жылдарды қамтиды. Сол дөуірдегі сапырылысқан оқиғалар үш адамның монологы мен диалогы арқылы ой ағынымен өріліп отырады.

Ж.Түменбаев белгілі балалар жазушысы А.Лихановтың "Шырғалаң" романын, басқа да авторлардың повесть, әңгімелерін қазақшаға аударды.

Жақсылық Түменбаев көркем шығармалар жазумен бірге Қазақстан журналистикасында өзіндік із қалдырған қаламгер. Ол ғұмырының соңғы жылдарында қазақ тілінде шығатын "Денсаулық" журналының тұңғыш бас редакторы болып, журналдың негізін қалап кетті.

Жақсылық Түменбаевтың 60 жасқа толу құрметіне орай Қызылорда қаласынан көше берілді. Сонымен қатар көзі тірісінде "Жалын" баспасына тапсырып кеткен "Келіншектер" атты тандамалы шығармаларының жинағы жарық көрді.



ШЫҒАРМАЛАРЫ:

Түменбаев Ж. Қардағы іздер: Әңгімелер.-Алматы: Жалын, 1977;

Түменбаев Ж. Қимас қазына: Повестер мен әңгімелер.-Алматы: Жалын, 1979;

Түменбаев Ж. Мен сүйген қыз: Повестер.- Алматы: Жалын, 1981;

Түменбаев Ж. Тас бөгет: Повестер мен әңгімелер.-Алматы: Жалын, 1984;

Түменбаев Ж. Махаббат корығы: Повестер мен әңгімелер.-Алматы: Жазушы, 1990;

Түменбаев Ж. Ақтық демің біткенше: Роман.- Алматы: Жалын, 1996.

Түменбаев Ж. Келіншектер: Повестер мен әңгімелер.- Алматы: Жалын, 2004.

***

Түменбаев Жақсылық (1944-1994) //Советтік Қазақстан жазушылары: Биобиблиографиялық анықтамалық.-Алматы: Жазушы, 1987.-638-639 б.



Түменбаев Жақсылық // Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр: Аңықтамалық:.-2004.-314б. Түменбай Жақсылық // Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық.-Алматы.-2005.- 517б.


Тілегенов Бекежан

(1934-1998)

Бекежан Тілегенов 1934 жылы 10 наурызда Семей облысы, Жарма ауданы Георгиевка селосында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттык, университетін бітірген.

Алғашқы еңбек жолын республикалық жастар газеті "Лениншіл жастан (қазіргі «Жас Алаш») бастаған. Бастапқы кезде әдеби қызметкер, кейін бөлім меңгерушісі болған. 1965 жылы Алматы қалалық партия комитетінің үгіт және насихат бөлімінің нұсқаушысы қызметін атқарады. 1968-69 жылдары ҚР Ғылым Академиясының Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер болган.

Әдеби қызметі 1959 жылдан басталады. Алгашқы әңгімелер жинағы 1966 жылы "Таң нұры" деген атпен жарық көрді.

Алғашқы көлемді туындысы "Аққайнар" романы 1971 жылы жарыққа шықты. Романда ұзақ жылдар ауқымы қамтылады: төңкеріс қарсаңында-ғы қазақ даласының хал-ахуалы, онан кейін төңкерістің отты жылдары, НЭП кезеңі, байларды кәмпескелеу, ұжымдастыру дәуірі, ұжымдасқан ауыл-осының бәрі оқушының көз алдынан қайшылысқан дүбірімен, қайталанбас бояуларымен тізіліп өтеді. Жазушы сонау бір алыста қалған жылдарды барынша шыншыл, нанымды етіп суреттеген. Сірә, талант иесі үшін өзі куәгер болмаған ортаны, заманды қайта тірілте білу көп ізденуді, орасан еңбекті тілейтін болса керек. Б.Тілегенов сол үдеден шыға білген. Сом тұлғалы бейнелер жасауда да жазушы өзінен бұрынғы аға буынның тәжрибелерінен үйрене отырып, жаңа характерлер мінез-қылықтар қалыптастырады.

Автор халқымыздың басынан кешкен ауыр жылдарды суреттей отырып, бүгінгі заманның оңайшылықпен орнамағанын , талай асылдардың сол жолда құрбан болғанын еске салады. Романның бүгінгі жас ұрпаққа тәлім-тәрбие берерлік ғибраты мол.

Бұл роман төңірегінде кезінде "Литературная газета", республикалық басылымдар бетінде аса жылы пікірлер де айтылды.

Ертеректе жазылған Б. Тілегеновтің "Кектем де ызғарлы" повесі де тілінің мөлдірлігімен, характерлерінің даралануымен, ең бастысы, көтерген мәселелерінің мәнділігімен оқушысын баурап алады. Бұл повесте алпысыншы жылдардағы ауыл өмірі, әрқилы тағдырлы ауыл адамдары, олардың арасындағы қақтығыс­-тартыстар баяндалған. Ағайындас адамдар Серғазы мен Шегебайдың өмір бойы бір-бірімен келіспес, ымыраға келмес мінез қылықтары, тұрмыс-тіршіліктері повесте өте әсерлі берілген. 1969 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық


Комитетіне ауысып, алғашқы кезде мәдениет бөлімінде нұсқаушы,
кейін әдебиет секторының меңгерушісі болып қызмет атқарған. Жазушының Орталық Комитетте істеген алты жылы босқа кеткен
жоқ, сондағы керген-білген, куә болған түрлі жағдайлар кейін ой
елегінен өткізіліп, сараланып кеп жыл еткен соң "Тұйық өмірдің
құпиясы" деген роман-эссе түрінде жұртқа жария болды. Кітаптың
кейіпкерлері-өмірде бар, бізге таныс, белгілі адамдар. Оқиғалар да, тартыс-таластың себепкері де өзгертілмей, қаз-қалпында , болған күйінде алынған.

1975-88 жылдары "Жұлдыз" журналының бас редакторы әрі


Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы. Бұл жылдары Бекежан
Тілегенов жазушы ретінде жақсы танылды. Осы тұста кеп ізденістен кейін "Уақыт" деген кең тынысты көлемді роман жазып бітіріп жарыққа шығарды. "Уақыт"–көлемді, ауқымы кең шығарма. Мұнда еліміздің тарихындағы күрделіде қиын –ұжымдастыру жылдарынан бастап Ұлы Отан соғысына дейінгі аралық қамтылған. Жазушы сол бір алыста қалған кезеңді, сол дәуірге тән салт-сана, әдет-ғұрыптарды дәйектілікпен жан-жақты зерттегенін және сол кездің оқиғаларына бүгінгі биіктен көз салып, керкемдік ой-елегінен өткізгенін аңғаруга болады.Аға ұрпақтың басынан кешкен қиян-кескі күреске толы өмір жолдары қаншалықты азапты қиын болғанын жақсы сезініп, түйсініп отырамыз.

"Уақыттың" жалғасы "Өмір-өзен" романы "Жұлдыз" журналының 2004 жылғы санында жарияланды. Жазушылар одағында әдеби жұмыстарға


белсене араласты. Түрлі талқылауларға қатысып, баяндамалар жаса-
ды. Әдеби күндердің, кездесулердің бел ортасында жүрді. Баспасөз бетінде белгілі бір қоғамдық мәселелер бойынша ой-пікірін білдіріп, жазушылық, азаматтық позициясын танытты.1988 жылы "Жұлдыздың" бас редакторы қызметінен босағаннан кейін ол шығармашылық жұмысқа бір жолата бет бұрды. Өмірінің осы кезеңінде өнімді еңбек етіп, бірнеше роман жазып,бірінен соң бірін жеделдетіп жәірыққа шығарды. Барған сайын шы-ғармашылық тынысы ашыла түсті.

Шығармаларында ел тагдырына қатысты бүгінгі күннің


өзекті тақырыптарын қозғады. 1989 жылы жазылған "Қара жел" романы Семей полигонындағы атом бомбасы сынақтарының тыныш жатқан елге қандай қайғы қасірет әкелгенін адамдардың тән азабы, жан жарасы, сезім күйзелісі арқылы бейнелейді . Бұған дейін бұл мәселе әдебиет үшін жабық тақырып саналып,ешкім де осы жайында қалам тарта қоймаған еді. Іштегі қордаланған күйікті сыртқа шығаратын мезгілде осындай өрелі роман дүниеге келді.Бұдан кейін махаббат пен саясатты арқау еткен, сюжеттік екі арнаға негізделген "Сексен алтыншы жыл" романы жазылды. Бұнда да бұрын айтыла қоймайтын, айрықша тыйым салынатын саяси тартыстың мән-мағынасы заман шындығы ауқымында баяндалды. Роман Жаңа жыл кешінен басталып,желтоқсан айының соңғы күндерімен аяқталады. Кеңестік құрлыстың күйреу қарсаңында отарлау саясатының шарықтау шегіне жеткен кезі. Романда қазақ қоғамындағы қайшылықтардың керіністері Желтоқсан оқиғаларымен түйінделеді .

Бекежан күнделікті өмірде көп нерсені көріп, саралап,


кеңілге түйіп жүрді.Соның нәтижесінде "Әдебиет -менің отаным" деген көлемді естелік жазбаларын оқырман қауымға ұсынып үлгерді. Бұл жазбалар көз көріп, бастан кешкен оқиғаларды, әдебиет мәселелерін, Жазушылар одағының тыныс тіршілігін көз алдыңа келтіреді. Жұртқа таныс белгілі адамдардың, әдеби ортаның іс-әрекеттері белгілі бір тартыстар төңірегінде өрбиді. Б.Тілегеновтың қай шығармасын алмайық, бәрі де еліміздің кезеңдік оқиғаларын ашып көрсететін бағалы туындылар. Бұл шығармалардың баршасы да сырт көздің емес, сол оқиғалардын ішінде жүрген, тікелей ортасында болған адамның жазғандары. Демек, бұлар көркемдігімен қатар деректілігімен де қымбат. Жазушының бірқатар шығармалары орыс тіліне аударылып,1986
жылы "Атамекен"таңдамалысы басылды. Бекежан Тілегенов 1998 жылы дүние салды. Жазушының бұрын жарияланбаған - "Кас пен көздің арасында" (естелік-роман) және "Өмі р-өзен" романдары "Жұлдыз" журналының 1999, 2004 жылдар дағысандарында жарық көрді. Жазушы шығармашылық және қоғамдық еңбегі үшін "Кұрмет белгісі" орденімен ,бірнеше медальдармен марапатталды.

Шығармалары:

Тілегенов Б. Таң нұры: Әңгімелер. - Алматы: Жазушы, 1966.

Тілегенов Б. Кектем де ызғарлы: Повесть.-Алматы: Жазушы,1967. Тілегенов Б. Аққайнар: Роман.- Алматы: Жаазушы,1971.

Тілегенов Б. Олар жазда кездесті: Повесть.-Алматы: Жалын,1979.

Тілегенов Б. Уақыт: Роман.-Алматы: Жазушы,1981.

Тілегенов Б. Сені қайдан табармын..: Повесть және әңгімелер.-Алматы: Жалын, 1985.

Тілегенов Б. Атамекен: Роман, повестер, әңгімелер.-Алматы: Жазушы,1986.

Тілегенов Б. Тұйық өмірдің құпиясы: Роман толғау: (Айтылмай қалган шындық).-Алматы: Дәуір,1992.

* * *
Тілегенов Б. //Қазақ әдебиеті: Энциклопедия.-Алматы: Білік,1999.-647 б.

Тілегенов Б. //Советтік Қазақстан жазушылары:Био-библиографиялық анықтамалық. –Алматы: Жазушы,1987.- 642-643б.

Тілегенов Бекежан // Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр: Аңықтамалық:.-2004.-316б. Тілегенов Бекежан // Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық.-Алматы.-2005.- 519б.

Тілеков Жәрдем

(1911-1980)

Әрі ақын, әрі жазушы Жәрдем Тілеков 1911 жылы Батыс Қазақстан облысында, Жымпиты ауданында, Аралтөбе аулында малшы шаруаның отбасында туған. Оралдағы педагогика институтының үш курсын бітірген соң Қызыл Армия қатарына шақырылган Жәрдем 1933-35 жылдары Оралда Поволжье әскери округінің 11 дивизиясының қүрамындағы атты әскер полкінің кіші командирі міндетін атқарады. Әскер қатарынан боса-ғаннан кейін біраз жыл Орал облыстық "Екпінді қүрылыс" газеті редакциясында мәдениет бөлімінің меңгерушісі болған. Ж.Тілеков шығармашылық жүмысқа қызу кірісіп өлең-жыр, терме-толғауларды бұрқырата жазып, жұртшылық көзіне түсіп үлгерді. Мұнан кейін Казақстан Жазушылар одағының Батыс Қазақстан, Гурьев (қазіргі Атырау),Семей облысындағы (қазіргі Шығыс Қазақстаң) өкілі болып, қызмет атқарған кезде де Жәрдем бұрынғысынша қалам құрғатпай, шығарма- шылық істермен үздіксіз шұғылданды. Жұмысшы-Шаруа Қызыл Армиясының саяси қызметкерлерін даярлайтын мектептің күрсанты, Қиыр Шығыс майданы қолбасшысының адьютанты, пулемет-миномет училищесінің күрсанты, Қиыр Ыығыс майданының "Дабыл" атты қызыл әскер газетінің ұйымдастырушы тілшісі (1941-1945) -Тілековтың соғыс жылдарындағы жұмыстары осылайша алмасып, жалғаса береді. Совет Армиясы қатарынан босап қайтқан Тілеков 1946 жылдан бастап шығармашылық жұмысқа қайта оралады, Казақстан Жазушылар одағының Семей облыстық бөлімшесінің секретары (1949-52),"Жа- зушы" баспасы (1952 -65),"Жұлдыз"журналдарында (1965-73) әртүрлі қызметтер атқарады. 1973 жылдан бастап бірыңғай шығармашылық жұмысқа ауысады. Әдебиет майданындағы қадамын поззиядан бастаған Жәрдем Тілеков "Каспий толқыны"(1939),"Сырым батыр" (1946), "Ақсұр ат" (1948) поэмаларын жазып, көлемді нәрселер тудырады. Осы кезде "Өмірбек" дастанының үзіндісін жариялайды. "Каспий толқыны" да, "Сырым батыр" да өлеңдік өрнегі жағынан оқырман құлағын елең еткізерліктей елеулі дүниелер еді. "Каспий толқынындағы";

Күркілдеп көкше мұзды күрт-күрт шайнап,

Бүркеді бейне ұсатып мұсатырға,-

«Сырым батырдағы»:

Нажағайын аспанның

Кағып ап ,қайта атқандай,-

деп келетін кестелі, өркешті сез бедерлерін айтуға болады. Елуінші жылдардың бас кезінен түгелдей прозаға ауысқан қарымды қаламгер бұл салада өнімді еңбек етіп артына екі роман алты-жеті повесть, көптеген очерк, әңгімелер қалдырды.

Ж. Тілековтың прозалық шығармалары түгелімен заман тілегінен туып, заман талабына жауап береді. Ол арғы дәуірлерге қарайламай, негізінде өзі өмір сүріп отырған кезеңнің кең тынысын аңғартатын, өз замандастарын суреттейтін көркем дүниелер беріп, прозамыздың қазынасына елеулі үлес қосты, есте қаларлықтай образдар мен характерлер жасады. Кажырлы қаламгер қазақ әдебиеті жағдайында бұрын-соңды көтерілмеген тың тақырыптарға батыл барды ("Жоңғар даласында","Хинган асуынан асқанда","Соғыс кемесінде").

Тілеков бізде әскери-патриоттық тақырыпты игеру саласында белсене қызмет атқарып, бірегей шығармалар берген жауынгер-қаламгер. Дәлірек айтсақ, ол әскери прозаның жетілуіне, кемелденуіне көп себін тигізген жазушы. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлік пен қаһармандықты суреттеуге бір роман, терт повесть арнаған оның еселі еңбегі әдебиетімізге қосылған сүбелі сыбаға саналуға тиіс.

"От кешу" (1969),"Хинган асуынан асқанда"(1971),"Жорық жолында" (1971),"Соғыс кемесінде" (1980) шығармаларын оқырмандар жұртшылығы жылы шыраймен қабылдады.

"От кешу" романында Ұлы Отан соғысы кезіндегі уақиға қамтылады. Шығарманың бас қаһарманы өмірде болған адам. Ол-Екінші Беларус майданында үлкен ерлік жасаған рота командирі, Совет Одағының батыры Темір Масин. Соғыс кезінде оқ тиіп, жауынгерлік саптан шығып қалған рота командирінің міндетін өз мойнына алған Тасболат Марқабаев (Темір Масин) небір қиян кескі ұрыстарға қатынасады, қарулас жолдастарына ерліктің ,табандылықтың тамаша үлгілерін керсетеді. .Жардемнің " Хинган асуынан асқанда" повесі де тың тақырыпты қозғауымен қымбат. Мұнда Екінші дүниежүзілік со-гыстың батыстагы өрті сөндіріле тұрсада, шығыстағы ошағы жалындап жатқан кезең сипатталған. Повестің негізгі тақырыбы -совет әскерлерінің жапон согысқұмарларын тізе бүктіріп, Маньчжуриядағы халықтарды басқыншылар құлдығынан құтқару...

" Жорық жолында" повесінде Ұлы Отан соғысының күндері қамтылып, атты әскер полкінің взвод командирі Ерболат Ерәлиев басқарған барлаушылардың батырлыгы мен тапқырлығы баяндалады. "Соғыс кемесінде" жазушының соңгы шығармасы. Осынау деректі әңгіменің бас қаһарманы журналист Жарқын Телегеев, Жапон соғыс құмарларына тізе бүгу актісіне қол қойғызатын салтанатты процеске әскери баспасез тілшісі ретінде қатысқан ол—әңгімеде өрбитін оқиғаны баяндаушы , соған баға беруші. "Шалғай шепте" повесі сұрапыл соғыс кезіндегі қаһарман тыл туралы, сол тылдағы ауыл адамдарының майданға керсеткен қажырлы қолқабысы туралы шығарма. Мұнда, әсіресе, колхоз председателі Есенәлі қарттың бейнесі есте қаларлықтай. Есенәлі-кәріге, жасқа да ақылшы аға, тәрбиеші, ақылгей адам. Ол өз ісіне мығым, тыңғылықты да, тындырымды да. Рас, оның мінезінде өзімшілдік, әпербақандық тәрізді кемшіліктер де жоқ емес. Бірақ ол осындай олқылықтарын сезіп, түсініп қорытынды жасай біледі. Ол мал басын есіру, егін шығымдылығын арттыру, колхоз даулетін молайту, сөйтіп майдандағы армияны азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатына барлық қимыл-қарекетін бағындырған кохозшылар қауымына дұрыс басшылық жасайды. "Шалғай шепте"- жазушының көпшілік оқырман кеңілінен шыққан шығармаларының бірі. "Сақа солдат" аталатын деректі повесть қазақ жұмысшысы Әшіб Меңдібаевтың соғыс кезінде бастан кешкендерін сипаттаған шығарма. "Жауынгер журналист" повесінің оқиғасы тағыда Киыр Шығыс тақырыбына арналған. Мұнда да әскери журналист Жарқын Телегеновтің сол майданда кергендері баяндалады. Шығарма автордың тірісінде жарыққа шығып үлгермеген. Жәрдем шығармаларында кебінесе Қиыр Ыығыс хикаялары орын алатын себебі оның осы өлкеде бірнеше жыл бойы қызмет атқарып, көптеген оқиғалардың куәсі болуында, материалды жетік білетіндігінде, терең зерттегендігінде. Каламгер сын саласына да ат салысып, бірнеше әдеби мақалалар, рецензиялар жариялағаны мәлім. Солардын, ішінде С.Мұқановтың "Есею жылдары", X.Есенжановтың "Ақ жайық" романы туралы мақалалары өз алдына бір төбе.

Жәрдем Тілеков төл туындылар жазумен қатар, көркем аударма-мен шұғылданған». Бізге оның А.Чеховтен, М.Шолоховтан, Н.Тихоновтан жасаган тәржімалары әбден аян. Абзал азамат, қарымды қаламгер Жәрдем Тілеков өзінің бойындағы қаб- леті мен дарынын туған елге түгел арнап, әдебиет майданында айтулы қызмет атқарды.

Жазушы Қызыл Жұлдыз орденімен, үш медалмен, Кұрмет грамоталарымен марапатталған.

Шығармалары:

Тілеков Ж. Сырым батыр: Поэма.-Алматы: ҚБМБ,1946.

Тілеков Ж. Ақсұр ат: Өлеңдер.-Алматыг ҚБМБ,1948.

Тілеков Ж. Жаңа жүк: Әңгімелер.-Алматы:КМКӘБ,1953.

Тілеков Ж. Кайнар: Повесть.-Алматы:ҚМКӘБ,1953.

Тілеков Ж. Жоңғар даласында: Роман.-Алматы:ҚМКӘБ,1959.

Тілеков Ж. Шалғай шепте: Повесть. -Алматы: ҚМКӘБ, 1962.

Тілеков Ж. От көшу: Роман.-Алматы:Жазушы,1967.

Тілеков Ж. Темір Масин: Очерктер.-Алматы: Қазақстан,1966.

Тілеков Ж. Хинган асуынан асқанда: Повесть. -Алматы: Жазушы, 1971. Тілеков Ж. Сақа солдат: Повесть.-Алматы: Жазушы, 1975.

Тілеков Ж. гЖорық жолында:Повесть.-Алматы:Жазушы, 1971.

Тілеков Ж. Қазақ әдебиеті: Әнциклопедия.-Алматы: Білік,1999.

Тілеков Ж. //Советтік Қазақстан жазушылары:Биобиблиографиялық анықтамалық.-Алматы:Жазушы,1987.-642-643 б.

Тілеков Жардем // Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр: Аңықтамалық:.-2004.-316б.



Тілеков Жардем // Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық.-Алматы.-2005.- 520б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет