Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті 5-сынып «Қазақ тілі мен әдебиеті»


Тыңдалым . Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз



бет65/76
Дата03.05.2024
өлшемі2.31 Mb.
#500424
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   76
5 класс Т2

Тыңдалым . Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Ұлы Отан соғысы халқымыз үшін ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1418 тәулік бойы соғыс жүріп жатты. Бір күшке жиналған орыс пен тәжік, грузин,белорус, қазақ пен украин сынды ұлттар жауға қарсы соғысты. Өз жері мен Отаны үшін, келешек ұрпақ үшін аянбады.
Ұлы Отан соғысында қазақ жауынгерлері көптеген ерлік көрсетті. Ержүрек жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін жетті. Олар Сталинград түбіндегі жертөлелерде, Днепр өткелінде, Москва мен Ленинград үшін болған ауыр шайқастарда батырлық танытты. Украинаны, Прибалтиканы, Қырымды, Белоруссияны,Кавказды жаудан тазартты. Польша,Болгария, Румыния,Венгрия,Чехославакия,Германияда жеңіс туын көтерді.
Сол отты жылдарда рухы күшті отандастарымыз араласпаған бірде-бір шайқас болмады.
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлігі үшін 499 қазақстандық азамат Кеңес Одағының батыры атағын алған. Кеңес Одағының батыры атағын екі мәрте алғандар қатарында ұшқыштар Талғат Бигелдинов, Л.И. Беда, И.Ф. Павлов және ұшқыш-жойғыш С.Д. Луганский бар. Қазақ қыздарының ішінде екі адам – Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлова Кеңес Одағының батыры атағын алған. Ал жерлесіміз Бауыржан Момышұлы атамыз — Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және керемет тактик.
(165 сөз)
Қазақ тілі мен әдебиеті, 5 сынып

1. Мәтіннің негізгі тақырыбын анықтаңыз.


__________________________________________________________________
[1]
2. Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақ батырларын атаңыз. __________________________________________________________________
[1]
3. Соғыс қанша уақытқа созылды? __________________________________________________________________
[1]
4. Ержүрек жауынгерлер қай жерге дейін жеткен?
А. Брест қамалынан Мәскеуге дейін
В. Брест қамалынан Берлинге дейін
С. Брест қамалынан Қырымға дейін
Д. Брест қамалынан Кавказға дейін
[1]
5.Мәтін мазмұнына сай шын,жалған,айтылмаған ақпаратты табыңыз

1

Білікті комбаттың басшылығы арқасында 3 күн бойы фашистер шабуылын тойтарып, батальон үлкен шығынсыз, ұрысқа қабілетті жағдайда қоршаудан шығады.




Шын

2

Бір күшке жиналған орыс пен тәжік, грузин,белорус, қазақ пен украин сынды ұлттар жауға қарсы соғысты.

Жалған

3

Ұлы Отан соғысында қазақ жауынгерлері қатысқан жоқ

Айтылмаған

[1]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет