*Тапсырмалар
|
Қамтылатын мақсаттар
|
*Тапсырмаларға сипаттама
|
*Тапсырмалар түрлері
|
*Орындау уақыты, мин
|
Балл
|
1-5
|
5.1.6.1 Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру.
|
Тапсырма жеке орындалады. Білім алушылар 165 сөзден тұратын тақырыпқа қатысты мәтінді 2 рет тыңдайды (аудиоқұралдар болмаған жағдайда мұғалім мәтінді өзі 2 рет оқып береді). Білім алушылар мәтінді тыңдау барысында мәтіннің мазмұнына негізделген бірінші, екінші,үшінші тапсырмаларда мәтін мазмұны бойынша берілген сұрақтарға бір сөйлеммен жауап береді.Төртінші тапсырмада төрт нұсқаның ішінен дұрыс жауабын белгілейді. Бесінші тапсырмада мәтін мазмұнына сай келетін шын,жалған, айтылмаған ақпаратты белгілейді. Мұғалім білім алушының мәтін мазмұнын түсініп, сұрақтарға жауап бере алуын бағалайды.
|
Көп таңдауы бар және қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
|
8 минут
|
5
|
6-10
|
5.3.3.1Фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби шығармаларды түсіну, тақырыбын анықтау.
|
Тапсырма жеке орындалады. Білім алушылар тақырыпқа қатысты 125 сөзден тұратын көркем әдеби мәтінді оқиды. Бірінші, екінші тапсырмаларда мәтін мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап жазады. Үшінші тапсырмада төрт нұсқаның ішінен дұрыс жауабын белгілейді. Төртінші тапсырмада берілген сөйлемдердің жалғасын тауып белгілейді. Бесінші тапсырмада берілген сөздерге қосымшалар жалғап,ретін өзгертіп сөйлем құрап жазады. Мұғалім білім алушының мәтін мазмұнын түсініп, тақырыпты анықтай алуын бағалайды..
|
Көп таңдауы бар және қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
|
12 минут
|
5
|
11
|
5.4.1.1 Ресми стильдің тілдік ерекшеліктері мен талаптарын дұрыс қолдана отырып, хабарлама, хабарландыру, хат жазу;
5.5.1.5.Болымды, болымсыз етістіктерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану.
|
Тапсырма жеке орындалады. Білім алушы болымды және болымсыз етістіктерді қолдана отырып, «Қазақстандағы халықтар достастығы» туралы шетелде тұратын досына 60-80 сөзден тұратын хат жазады. Жазылым жұмысында хат стилін сақтауы және болымды, болымсыз етістіктерді дұрыс қолдануы мен тақырыпқа қатысты лексикалық минимумды қолдануы бағаланады.
|
Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар
|
20 минут
|
10
|
12
|
5.2.6.1 Тірек сөздерді дұрыс қолданып иллюстрацияларды сипаттау.
|
Тапсырма жеке орындалады. Білім алушыларға «Ұлы дала табиғаты» бөліміне қатысты иллюстрациялық суреттер беріледі. Мұғалім білім алушының суреттерді сипаттауда тірек сөздерді дұрыс қолдануын бағалайды.
|
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
|
Сабақтан тыс,
қосымша уақытта өткізіледі. (Әр білім алушыға 2 минуттан беріледі)
|
10
|
Барлығы
|
|
|
|
40 минут
|
30
|