Оқылым .Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
«Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. Қазақстан халқы 1 мамырда ынтымақ пен бірлік күнін тойлайды. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше.
Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды. Еліміздегі этностарды бұрынғыдан да жақындастыру үшін бүкіл Қазақстанда жаппай патриоттық шерулер өтеді.
Бүгінде «Достық» атты бір шаңырақ астына шоғырланған әрбір ұлттық-мәдени орталықтар мерекеде ән айтып, би билеп, жалпыхалықтық мейрамда дәстүр мен салтқа толы түрлі көріністер көрсетіледі. Халықтың көңіл-күйін көтеру үшін түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылады.
1 мамыр – Қазақстандағы 20 жылда құрған негізгі мереке.
(125 сөз)
https://stan.kz/1-mamyr-kazakstan-khalyktarynyn-birl/
1. Мәтіннің негізгі тақырыбын анықтаңыз.
__________________________________________________________________
[1]
2. Қазақстан халқы 1 мамырда нені тойлайды? __________________________________________________________________
[1]
3. «Бірлік болмай тірлік болмас» деген кім?
А) атам қазақ
В) Елбасы
С) қазақ билері
D) ұлттар достастығы
[1]
4. Мәтінге сай сөйлемнің жалғасын табыңыз
[1]
5. Сөздерді дұрыс орналастырып, қосымшаларды түрлендіріп, сөйлем құрап жазыңыз.
1 мамыр, құрылған, мереке, Қазақстан негізгі __________________________________________________________________
[1]
Балл қою кестесі
Тыңдалым, айтылым
Достарыңызбен бөлісу: |