Тақырыбы: «Астана – мәдениет пен өнер ордасы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
ІІ нұсқа
Оқу мақсаты:
|
6.1.6.1 Коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен тіркестер, дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, диалогке қатысу, ойын анық жеткізу;
6.4.3.1 неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу.
|
Бағалау критерийі:
|
Коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен тіркестер, дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, диалогке қатысу, ойын анық жеткізеді;
Неологизм, термин, кәсіби сөз, диалект сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата біледі.
|
Ойлау дағдысының деңгейлері:
|
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
|
Орындау уақыты:
|
15-20 минут
|
1-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдап, коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен тіркестер, дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, диалогке қатысып, ойыңызды анық жеткізіңіз.
Астана төріндегі өнер ордасы
Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры – Астана төріндегі өнер ордасы. 2000 жылдың қаңтар айында Астана қаласында «Ақ Орда» опера және балет театры ашылды. Осы жылдың шілде айында театр Ұлттық мәртебеге ие болып, оған қазақтың әнші қызы Күләш Байсейітова есімі берілді. Театрдың алғашқы маусымын 2000 жылдың 14 қазанында М.Төлебаевтың «Біржан – Сара» операсымен бастады. Операны сахнаға КСРО Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Халық Қаһарманы, режиссер Әзірбайжан Мәмбетов шығарды. Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» (қоюшы – режиссер Әзірбайжан Мәмбетов) және Е. Рахмадиевтің «Қамар сұлу» қойылымдары театрға жаңа дем беріп, операны терең түсінуге ықпал етті. Ал М.Жұмабаевтың «Батыр Баян туралы аңыз» поэмасы желісімен қойылған эксперименталдық қойылымы Астана қаласының мәдени өміріне үлкен жаңалық енгізді. Театр репертуары В.А.Моцарттың «Фигароның үйлену тойы», Ж.Масненің «Жас Вертердің махаббаты мен ажалы», Дж. Пуччинидің «Чио-Чио-сан», П.Чайковскийдің «Евгений Онегин», Дж.Вердидің «Травиата» опералары мен П.Чайковский «Аққу көлі», А.Адам «Жизель», Л.Минкус «Дон Кихот», Ш.Гуноның «Вальпургий» балеттері сияқты бірқатар қойылымдармен толықтырылды. Республикамыздағы жас театрларының қатарына енетін бұл театр құрамында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университетінің, А.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің, Қазақтың музыка академиясының, Құрманғазы атындағы Қазақтың Ұлттық консерваториясының түлектері мен белгілі қазақстандық әртістер қызмет ете бастады. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Қанат Омарбаев, Қазақстанның халық әртісі Х.Қалиламбекова, Ж.Бақтай, А.Ниязова, Б.Момбеков, Н.Мизюк, М.Дворецкая, Ғ.Байғазинова, Ж.Шыбықбаев, Қ.Асамбаев, Б.Бекішов, Е.Әбжанов, Г.Сапақова, Р.Сағындықова, Е.Низамутдинова, С.Кауков, Г.Құрманғожаева, Г.Усина, Ғ.Бегалина, А.Мұқатова, М.Өнербаева, Ж.Әубәкіров, Р.Сейітбеков, А.Сыпатаев, А.Құлбеков, Р.Асанов опера әншілері мен балет бишілері өнерсүйер қауымның көзайымына айналды. 2004 жылы Күләш Бейсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры Халықаралық музыкалық театрлардың ассоциациясының құрамына мүше болды. Театрдың опера және балет труппалары АҚШ, Греция, Швеция, Түркия, Қытай, Корея, Австрия, Италия, Франция, Ресей елдерінде өнер көрсетіп, халықаралық мәдени алмасуға қатысты. (262 сөз)
https://massaget.kz/layfstayl/madeniet/teatr/382
|
Достарыңызбен бөлісу: |