Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті 6-сынып Қазақ тілі


-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР



бет37/98
Дата03.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482289
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   98
6-сынып қазақ тілі. Маулен

4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

Тақырыбы: «Әлемдегі ірі кітапханалар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
І нұсқа



Оқу мақсаты:

6.2.5.1 мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыру;
6.3.5.1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып, жинақы мәтін жазу.

Бағалау критерийі:

Білім алушы:

  • Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақты сұрақтар құрастырады;

  • оқылым материалы бойынша негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып, жинақы мәтін жазады.

Ойлау дағдысының деңгейлері:

Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты:

15-20 минут

1-тапсырма. Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты анықтап, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырыңыз. Жұпта мәтіннің қысқаша мазмұнын айтыңыз.
Әлемнің ең үлкен кітапханалары
«Кітап – білім бұлағы» деп жатамыз. Ал сол инемен құдық қазғандай болатын білім бұлағының негізгі мекені – кітапхана. Кітапхана – білім мен ғылымның, мәдениеттің орталығы, қасиетті орда десек, артық айтқандық емес. Олардың бірі де бірегейі Конгресс кітапханасы. Еонгресс кітапханасы – Америка Құрама Штаттарының ұлттық кітапханасы және Құрама Штаттардың Конгресінің негізгі зерттеу филиалы болып табылады. Кітапхана Вашингтон қаласында үш бірдей ғимаратта орналасқан. Кітаптарының саны жөнінен де, алып жатқан аумағы жағынан да әлемдегі ең үлкен кітапхана саналады. Мұндағы қызметкерлердің саны – 3000 адамнан асады. Кітапханада 437 түрлі тілде жазылған 32 миллионнан аса кітап пен құнды ақпараттар, 61 миллиондай қолжазбалар жинақталған. Солтүстік Америкада сирек кездесетін кітаптар жинағы, 1 миллионнан астам мемлекеттік баспа, үш ғасырдан бері жиналып келе жатқан 1 миллионға жуық әлемдік газет, заңдық құжаттардың әлемдегі ең үлкен жинағы, фильмдер, 4.8 миллион карта, ноталар, 13.7 миллионнан астам суреттер бар.
Британдық Кітапхана – Ұлыбританияның ұлттық кітапханасы болып табылады. Кітапхана Лондонда орналасқан және әлемнің ең үлкен кітапханалары қатарында. Онда әлемнің ең танымал тілдеріндегі 150 миллионнан астам құнды ақпарат, кітаптар, газеттер, видеоақпараттар, әуенді жазбалар, карталар, суреттер жинақталған. Оған қоса 25 миллионға жуық сирек кездесетін қолжазба мен кітаптардың жинақтары бар. Аталған қолжазбалар б.з.д. 300 жылдардан хабар береді. Көлемі жөнінен әлемде АҚШ-тағы кітапханадан кейінгі екінші орында тұр. Сонымен қатар Google қолданушылары кітапхана ақпараттарын алады және оларға керекті мәліметтерді көшіруге мүмкіндік берілген.
Александрия кітапханасы. Атағы жер жарған бұл кітапхана – көненің көзі әрі антикалық мифтердің ғылыми және мәдени орталығы саналады. Б.з.б. ІІІ ғасырдың бас кезінде Александрияда көрнекті ғалымдардың қатысуымен Птоломей әулетінің алғашқы екі патшасы негізін қалаған. Алғашқы кездері Египетте кітапханалар ғибадатханаларда салынған және оларды абыздар қарауылдайтын болған. Ол кездері кітаптардың пішіні орам тәрізді болған және папирустардан жасалынған деседі. Өз заманында Александрия кітапханасы ең алып кітапхана саналып, онда 750 000 шиыршық жинақталған екен. Қазір бұл – Египеттің ең басты кітапханасы әрі мәдени орталығы ретінде танымал. Кітапхана ғимараты Жерорта теңізі жағалауындағы Александрия қаласында орналасқан. (295 сөз)
https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/syrly-alem/2855

А) Негізгі және қосымша ақпаратты анықтап, кесені толтырыңыз.





Негізгі ақпарат

Қосымша ақпарат































Б) Сұрақтар:


1. _____________________________________________________________________
2. _____________________________________________________________________
3. _____________________________________________________________________
4. _____________________________________________________________________
5. _____________________________________________________________________




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет