ҚОРЫТЫНДЫ
Қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. Оқушылардың білімін бағалауда жаңа қадам, жаңа өзгерістерді қажет етеді.
Болашақ ұрпақтарды рухани бай, зияткерлік білімді, адамгершілігі мол етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны ерекше. Білім беру жүйесіндегі өзгерістерге сай тәрбие тәсілдерін ұлттық психологияға бейімдеп, кәсіби бағдар беру оқушының талап-талғамын ескере отырып, тереңдетіп оқыту іске асырыла бастады.
Мектеп – білім мен өнердің қайнар бұлағы. Сол бұлақтан нәр алып жүрген мектеп оқушыларына білім мен тәрбиені қатар сіңірту үшін қоғамда көптеген өзгерістер енгізілуде.
2015 жылдан бастап функционалдық сауаттылықты дамыту мақсатында тест тапсырмаларына мәтіндер енгізіліп отыр. Баланың білім алу, даму іс-әрекеттерін осы мақсатта сауатты ұйымдастыра білу, оған басшылық ету, білім алуға ұмтылуына түрткі бола білу үшін мұғалім заман талабына сай білімді тиімді әдістермен меңгертуге қадам жасауда. Осындай жаңалықты білім алушының бойына сіңіртіп, алған білімдерін қазақ тілі пәні бойынша оқу сауатылғын қадағалау үшін жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастырдым.
«Жиынтық бағалу тапсырмаларының жинағы» атты әдістемелік көмекші құралда тапсырмалары құрылымы жағынан жас ерекшелігіне сай, білім беру стандарттары мен типтік бағдарламалары талаптары басшылыққа алынды. Бұл білім деңгейін толық және терең бағалайтын ой қорытуды, салыстыруды қажет ететін тапсырмалар. Оқу сауаттылығы бойынша ұсынылатын тапсырмалар оқушының функционалдық сауаттылығын, тілдің прагматикалық қызметінің қоғамдық-әлеуметтік қатынастар жүйесіндегі және шешендік үрдістегі рөлін меңгеруін тексереді, ал қазақ тілінің грамматкалық тапсырмалары негізгі білімін тексеру тапсырмаларынан құралады.
Аталған тапсырмалар жинағының мақсаты – жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқушыларды оқу сауаттылығын артыруға, креативті қолдануға бағыттау. Әдістемелік көмекші құрал білім беру мазмұнын жаңарту аясында оқушылардың білімдерін арттырып, Қазақстандағы көрікті жерлерді, ұлттық және отбасылық құндылықтар мен әлемнің жеті кереметі, тарихи тұлғалар мен белгілі спорт жұлдыздарын және ғылым мен технология жетістіктерін шынайы өмірмен байланыстырып, функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатына бағытталған.
Оқушылардың функционалдық сауатылығымен қатар қазақ тілі пәні бойынша алған білімін өмірде қолданудың болашағы зор, ол оқушылардың білімін салыстыруға, мұғалім әдістемесінде жіберілген олқылықтарды ашып көрсетуге, білім беру үрдісінде оқушылармен жеке жұмыс жүргізуге, әртүрлі оқу әдістерін салыстыруға мүмкіндік туғызады.
Білім алушылардың Республикамызда және әлемде болып жатқан өзгерістер мен жетістіктерді тереңірек білуге септігін тигізеді. Өнер саласы және жаратылыстану пәндерімен тығыз пәнаралық байланысты көздейді. Жеткен жетістіктеріміз бен тарихи тұлғаларды білуге және спорт өнерінің майталмандары туралы білімдерін шыңдауға арналған тапсырмалар білуге септігін тигізеді. Тапсырмаларды орындау барысында білім алушылардың орындаушылық және шығармашылық дағдылары қалыптасады.
Жас ұрпақ үшін әдістемелік құралдың берері мол.
Достарыңызбен бөлісу: |