Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті 9-сынып Қазақ тілі



бет7/75
Дата29.01.2024
өлшемі1.16 Mb.
#490166
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   75
9 сынып Мырзабекова Қ (копия)

«Жаһандану мәселелері» бөлімі



Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл

Тілдік бірліктерді стильге сай қолданады.



1

1-тілдік бірліктің стилін анықтайды, дәлелдейді.

1

2-тілдік бірліктің стилін анықтайды, дәлелдейді.

1

3-тілдік бірліктің стилін анықтайды, дәлелдейді.

1

Графиктік мәтіндердегі мәліметтерді салыстырып, өңдейді. Графиктік мәтіндердегі (диаграмма, кесте) деректерді салыстырып, маңызды ақпараттар мен үрдістерді анықтайды.

2

Суреттердегі мәселені анықтайды.

1

Шешу жолдарын ұсынады.

1

Өзіндік пікір білдіреді.

2

Ортақ тақырыпты анықтайды.



1

Барлығы – 8 балл






«Жаһандану мәселелері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
ІІ нұсқа

Оқу мақсаты:

9.2.1.1 Тұтас емес (кесте, диаграмма, сызба, сурет) мәтіндердегі мәліметтерді салыстыру, өңдеу;
9.3.3.1 Мәтін құрылымын сақтай отырып, бірнеше графиктік мәтіндегі (диаграмма, кесте) деректерді салыстыру, маңызды тұстары мен үрдістерді (тенденция) анықтап жазу;
9.4.3.1 Стильдік ерекшеліктерге сай тілдік бірліктерді дұрыс қолдана білу.

Бағалау критерийі:

Білім алушы
Графиктік мәтіндердегі мәліметтерді салыстырып, өңдейді.
Графиктік мәтіндердегі (диаграмма, кесте) деректерді салыстырып, маңызды ақпараттар мен үрдістерді анықтайды.
Тілдік бірліктерді стильге сай қолданады.

Ойлау дағдысының деңгейлері:

Қолдану



Орындау уақыты:

15-20 минут

Оқылым
Жаһандану және ел тағдыры
Жаһандану – адамзатпен бірге келе жатқан үрдіс. Жаһандану тұсында бір үлкен мәселе туады, ол – жаһандану заманында біз елдігімізді, мәдениетімізді, тілімізді сақтай аламыз ба? – деген сауал. Батыстың мәдениеті ықпалды болып тұрғаны рас. Біз батыстан ғылым мен техниканың дамуынан келіп шыққан мәдениетті алуымызға болады.
Бүгінгі технология және жаһандану заманында көптілді меңгеру жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін қажеттілік.
Көптілділік біздің қоғам үшін 2006 жылғы Елбасының «Тілдердің үштұғырлылығы» – «Триединство языков» - «Trinity of languages» тұжырымдамасынан бастау алғаны мәлім. Қазақстанды әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек», - деген болатын.
Ендеше, жөргегінде тұншыққандай күйдегі біздің тіліміз – біздің мәдени құндылықтарымыздың ажырамас бір бөлігі. Сондықтан тілімізге қамқор болу – мәдени мұрамызды түгендеудің тағы бір жолы. Тіл ұлт болып қалудың соңғы қамалы екені баршаға аян. Сол қамалды сақтап қалу - әрбір қазақтың қасиетті борышы.
(145 сөз)
https://massaget.kz/layfstayl/Zdorove/60690/

1-тапсырма. Мәтіндегі тілдік құралдар қандай мақсатта қолданылған? [3]


Тілдік бірліктер

Қолдану мақсаты

Жаһандану, «Тілдердің үштұғырлылығы», «Триединство языков», «Trinity of languages»


...жөргегінде тұншыққандай күйдегі біздің тіліміз...




Тілімізді сақтай аламыз ба?




2-тапсырма. Тақырыпқа қатысты тілдік бірліктерді қолданып, төмендегі сұрақтарға жауап бере отырып, жинақы мәтін жазыңыз.
1.Берілген графиктік мәтіндердегі ортақ тақырыпты анықтаңыз. 2.Көтерілген мәселелер бойынша қандай айырмашылықтар бар?
3.Екі мәтінде көтерілген мәселелердің қайсысы маңызды деп ойлайсыз?
4.Пікіріңізге мәтіннен дәлел келтіріңіз.
5.Осы мәселені қандай жолдармен шешуге болады? (Термин сөздерді қолдана отырып, мәселені щешу жолдарын ұсыныңыз).

1-кесте. Қазақстан халқының тілді меңгеру көрсеткіші.


2-кесте. Жаһанданудың тиімді 3 дәлелін және тиімсіз 3 дәлелін жазыңыз.





https://www.google.com/url

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________[5]




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет