Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының



бет17/69
Дата28.01.2024
өлшемі0.88 Mb.
#490127
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   69
Жамбыл облысы кімдігі білім бас армасыны (1)-1








Бөлім. «Индустрияландыру: ұлттық өндіріс. Сөз мәдениеті» бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
2-нұсқа



Оқу мақсаты:

10.1.4.1 Мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, сұрақтар құрастыру және бағалау;
10. 3.2.1 Мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазу;

Бағалау критерийі:

  • Мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескеріп, сұрақтар құрастырады және баға береді;

  • Графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазады;

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Жоғары ойлау дағдылары

Орындау уақыты:

20 минут



Тапсырма.
1.Мәтінді тыңдаңыз, көтерілген мәселе бойынша оқырманның қарым-қатынасын анықтауға арналған 3 талқылау сұрағын құрастырыңыз және өз көзқарасыңызды білдіріңіз.

Қазақстанда индустрияландыру ісі 1928-1932 жылдары өтті. Осы жылдары халық шаруашылығын дамытудың бірінші бес жылдығы болды. Соғысқа дейін Қазақстанда Ембі мұнай өндіру орындары, Қарағанды көмір кен орындары, Жезқазған, Балқаш мыс комбинаттары, Шымкент қорғасын зауыты, Алтайдағы түсті металлургия сияқты санаулы ғана ірі кәсіпорындар салынды. Жалпы, Қазақстан Орал мен Сібірдің ірі өнеркәсіп орындарын шикізатпен, пайдалы қазбалармен қамтамасыз етті. Жалпы, өнімнің 84,4 пайызы ауыл шаруашылығына тиесілі болды. Елді индустрияландыру үшін ауыр өнеркәсіпті, оның ішінде машина жасау саласын, кен өндірісі орындарын, теміржол жүйесін дамыту керек болды.


КСРО-ның индустрияландыру жоспарына Қазақстан да енгізілді. Қазақстанды индустрияландыру ісі болашақ өнеркәсіп үшін қажетті өлкенің табиғат байлықтарын зерттеуден басталды. КСРО Ғылым Академиясы 1920 жылдардың соңы – 1930 жылдардың басында көрнекті ғалымдардың қатысуымен зерттеу экспедициясын бүкіл өлкеде жүргізді. Индустрияландыруды жүзеге асыру мақсатында қазақ жерінің табиғат байлықтарын зерттеу басталды. Академик Н.С.Курнаков бастаған геологтар Орталық Қазақстанның минерал-шикізат байлықтарын зерттеді. Ол «Қазақ АКСР-і Кеңес Одағының тұтас металлогенді провинциясы» деген тұжырым жасады. Ал, академик И.М.Губкин Орал-Ембі ауданында мол мұнай қоры бар екенін дәлелдеді. «Бұл кен орны — мұнайға аса бай облыстардың бірі» деп қорытындылады. Сондай-ақ, инженер-геолог Қ.И.Сәтбаев Жезқазған мыс кен орнының мол байлығын анықтап. Өңірдің болашағы зор екенін дәлелдеп берді.
Қазақстанда мұнайдың жаңа кен орындары ашылды. Пайдалы қазбалардың мол қоры Қазақстанда ауыр индустрияны дамытуға негіз болды. Әсіресе көмір, мұнай, қара және түсті металдар өндірілді. Бұл салалар ұзақ уақыт бойына республиканың өндірістік қуатын айқындады. Қазақстанның индустриалдық дамуының ерекшелігі өнеркәсіптің жаңадан құрылуында. Ақша қаражатын бөлуде күрделі қаржының басым бөлігі 83,2% ауыр өнеркәсіпке салынды, оның ішінде түсті металға барлық күрделі қаржының 44,5%-ы, мұнайға – 20%, көмірге - 15,3%, химия өндірісіне - 4,8%, электр энергетикасына - 8,5 % жұмсалды.(254 сөз).
https://shygharma.info/aza-standa-industriyalandyru-sayasaty/




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет