«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің №43 Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі кмм»



бет4/8
Дата04.11.2023
өлшемі483.14 Kb.
#482350
1   2   3   4   5   6   7   8
Бесіктің пайдасы Ғылыми жоба (1)

Бөген

  • сабау

  • Шабақ

  • Жорға

  • Тақтай

    7.Жақтау
    8.Шүмек түбек



    «Бесіктің жабдықтары»

    1. Жөргек

    2. Жастық

    3. Көрпе

    4. Жаялық

    5. Қолбау,тізе бау

    6. Бесік жапқыш шүмек



    Бесіктің түрлері:



    Өзі тербелетін smart бесік
    Астаналық өнертапқыш 23 жастағы Серікбол Шәймардан өздігінен тербелетін ақылды бесік ойлап тапты. Баланың дауысына қарай қозғалатын құрылғы дене қызуы мен жаялық дымқылдығын өлшеп тұрады. Баланың жылаған дауысына қарай өздігінен тербелетін, 12 вольттық батарейкамен-ақ қозғала беретін бесік ойлап тапқан.
    Smart Бесік ұзындығы – 100, ені – 40, биіктігі – 60 сантиметр болатын, стандарт бесіктің сыртына кигізілетін қалып немесе бесікті орнататын жиналмалы тұғыр.
    Серікбол Шаймардан –Қытайдың Алтай өлкесінің тумасы.Қазақстанға 2007 ж көшіп келген.Орта мектепті Өскемен қаласында бітірген.



    2.3 Бесіктің денсаулыққа пайдасы

    Тәлім-тәрбие, ұлттық ұлағат бесіктен басталған. Сан ғасырлық ұғымдарды, дүниетанымды сақтап, бүгінге жетіп отырған бесік, расында да ұлт руханиятының бастауы. «Бесіктегі бала бес түлейді» демекші, нәрестенің көп өзгеріп, тез өсіп жетілетін шағы да осы бесікте жатқан кезі. Бесік, балаға әмбебап тазалық, алаңсыз ұйқы сыйлайды. Өзінің құрғақ, ұядай жылы жатын орнында сәби бесік жырын тыңдап өседі. Ал бесікке баланы қазақ ешқашан да күндіз-түні матап байлап тастамаған. Ауық-ауық сәбиді бесіктен алып, дене қимылы жаттығуларын жасап, «өс-өс» деп аяқ-қолын созып, жақсы жетілуіне жағдай туғызған.


    Демек, бесіктің пайдасы ұшан-теңіз. Атап айтар болсақ, қол-аяғы ербеңдемей буулы жатқан сәбидің ұйқысы тыныш болады.
    Бесіктегі баланың денесіне дымқыл, сыз дарымайды, құрғақ жатады. Ол – мықты денсаулық кепілі. Әрі қол-аяғы сыптай болып өседі. Тұла бойы тазалыққа үйренеді.
    Бесік белгілі бір ырғақпен ғана тербетіледі. Сондықтан, баланың жүйкесі бір жүйеге, тәртіпке түседі. Бесіктегі балаға ана әлдиі әбден сіңеді. Қайырымды мінез қалыптасады. Бесік жырын тыңдаған баланың қанына ұлттық қасиет дариды. Бесік сәбиді сырттан келетін кері энергия немесе тiл-көзден сақтайды.
    «Жас балаға қазақтың «әлди-әлди» деп басталатын бесік жырын жырлау керек. Бұл жырдың күйі де, сөзі де тәтті», – деп ақиық ақын Мағжан Жұмабаев айтқандай, бесік жырын айту әрбір ананың сәби алдындағы қасиетті борышы. Оны орындамасақ, ата-баба дәстүріне қиянат жасағанымыз. Келешек бүлдіршін жас буынымыз саналы болып өссін десек, қазірден бастап тәрбиені бесік жырынан бастағанымыз абзал. «Рухани жаңғырудың» да басы осы қасиетті бесігімізді қастерлеуден басталса құба-құп болар еді


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет