Ғылыми жоба жаңалығы: автоматты Ардуиноны қолданып мүмкіншілігі шектеулі адамдардың өмірін жеңілдету
Кіріспе
Ақпараттық Статистикаға сүйенсек әлем бойынша көзі көрмитін адамдар саны: Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) мәліметтері бойынша әлемде 36 миллионнан астам көру қабілеті нащар адам бар. Бұл адамдардың түзетуден кейін жақсы көру қабілетінің 3/60-тан аз екенін, оқу немесе көлік жүргізу сияқты күнделікті тапсырмаларды орындауға кедергі келтіретін өте шектеулі көру қабілетін білдіреді. Олардың көпшілігі Азия мен Африкада тұрады.
Ал өзіміздің Қазақстанда 20 мыңнан астам көзі нашар көретін адамдар тұрады. Бұл – қоғамға бейімделу мен кірігуді аса қажет ететін еліміздің тұрғындарының бір бөлігі. Ол үшін көзі нашар көретін және зағип жандар үшін қоғамдық инфрақұрылымның қолжетімділігі бойынша үлкен жұмыс атқарылуы қажет.
Бізде осыған байланысты көзі нашар көретін адамдардың өмірін жеңілдету үшін өз үлесімізді қосқымыз келді. Біздің жасаған құрылғымыз сол көзі көрмитін адамдардың өміріне үлкен үлесін қосады деген сенімдеміз.Таяқшаның ерекшелігі 3 метрге дейінгі арақашықтықтағы кедергіні анықтай алады Кедергі жақындаған сайын сигнал өзгереді. Құрылғы ықшам ыңғайлы және даланың жарық қаранғылығын, яғни күннің қай мезгілі екенін арнайы сигналмен білдіреді. Сонымен қатар таяқша кедергімен ғана тоқталмай, тіпті алдында тұрған шұңқырларды ерекше сигнал арқылы ескертеді.
Негізгі бөлім
2.1 Arduino негізіндегі көру қабілеті нашар адамдарға арналған ақылды таяқ
Біз Arduino тақтасы негізінде нашар көретін (соқыр) адамдарға арналған «ақылды» таяқшаны қарастырамыз, ол кәдімгі таяқшаға қарағанда көп функционалды болады.
Біздің ақылды таяқ кедергіге дейінгі қашықтықты анықтау үшін ультрадыбыстық сенсорды, жарық немесе қараңғыны өлшеу үшін фоторезисторды қолданады. Көзі нашар көретін адамға кері байланысы дыбыстық сигнал арқылы беріледі. Сигналдың орнына сіз өзіңіз таңдаған басқа діріл құрылғысын да пайдалана аласыз.
Қажетті құрылғылар:
1. Arduino Uno тақтасы (Arduino Nano)
2. Ультрадыбыстық сенсор HC-SR04
3. Фоторезистор
4. Дабыл
5. Кернеу реттегіші 7805
6. Резисторлар
7. Батырма
8. Дәнекерлеу жинағы (набор для пайки)
9. Қайта зарядталатын батарея
10. Фонардың корпусы
Достарыңызбен бөлісу: |