Міндеттері:
Рухани-адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу: Отанға, өз халқына, оның тарихы мен мәдениетіне деген сүйіспеншілікті қалыптастыру; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу: адалдық, әділдік, мейірімділік, ар-ұят пен қамқорлық, қайырымдылық және басқа да адамдық қасиеттерді дамыту; табиғатқа және қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.
Азаматтық жауапкершілік пен патриотизмді дамыту: елінің жетістіктері үшін мақтаныш сезімін ұялату; отбасы, қоғам және мемлекет алдындағы өз міндеттеріне саналы көзқарас қалыптастыру; өз құқығы мен бостандығы, сондай-ақ басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға дайын болуға баулу;әлеуметтік маңызы бар қызметке белсенді қатысуға тәрбиелеу.
Парасаттылық пен адалдықты қалыптастыру: басқалармен қарым-қатынаста адал әрі әділ болуға және әдептілік нормаларын ұстануға тәрбиелеу; өз іс-әрекеттері мен сөздері үшін жауапкершілікті түсінуге тәрбиелеу; еңбексүйгіштік пен өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылысын қалыптастыру;біреудің еңбегі мен мүлкін құрметтеуге тәрбиелеу.
Білім алушының жеке басының үйлесімді дамуы үшін жағдай жасау: әрбір білім алушыны тәрбиелеу мен оқытуда даралау мен саралау тәсілдемелерін қамтамасыз ету; білім беру ортасында жағымды психологиялық-педагогикалық ахуал қалыптастыру; ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қолдау көрсету; отбасын білім беру ұйымдарындағы тәрбие процесіне тарту.
Күтілетін нәтиже:
1. Ата-анасын сыйлайды, перзенттік парызын түсінеді, «қарашаңырақ», «жеті ата», «тектілік» ұғымдарының маңызын бағалайды, отбасы татулығы мен берекесін қадірлейді.
2. Отаншыл, мемлекетшіл, намысшыл, халқына адал қызмет етуді, мемлекет тәуелсіздігін және елі мен жерінің тұтастығын қорғауды борышым деп санайды жәнеұлттық мәдениетті құрметтейді, салт-дәстүрлерді біледі, оны сақтайды.
3. Әр ісіне, қадамына жауапкершілікпен қарайды, әдепті және мейірімді, сөзінеберік, ісіне адал, кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсетеді, ар-ұятты жоғары бағалайды.
4. Жан мен тән тазалығын сақтайды, дұрыс тамақтану мәдениетін түсінеді, эмоционалды жай-күйін басқарады.
5. Тұратын үйін, ауласын, қаласын таза ұстайды, қоғамдық орынға және қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарайды, табиғатқа жанашыр және туған жердің қайталанбас ерекшелігін және оныңбірегей болмысын таниды және адал еңбекті жоғары бағалайды.
5- сыныптардың сынып сағаттарының жұмыс жоспары
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |