© Жамбыл облысы әкімдігі білім
басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті
Тараз қ. 2020
МАЗМҰНЫ
1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
|
|
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілін оқып үйренеміз. Үш тілді білу – үлкен өнер»
|
8
|
«Уақыт ұлы күш»
|
14
|
|
|
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
|
|
«Қазақстанның ежелгі қалалары»
|
23
|
«Спорт және денсаулық»
|
31
|
|
|
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауғаарналғантапсырмалар
|
|
«Ғаламтормен дұрыс жұмыс жасау»
|
37
|
«Қазақтың киелі домбырасы»
|
47
|
|
|
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
|
|
«Жастықтың оты қайдасын»
|
64
|
«Ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтары»
|
71
|
|
|
1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
|
86
|
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
|
105
|
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналғантапсырмалар
|
124
|
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
|
132
|
Қорытынды
|
|
Пайдаланылған әдебиеттер
|
|
КІРІСПЕ
Жинақ «Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына», «Оқу бағдарламасына», «Оқу жоспарына», «Негізгі орта және жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулыққа», «Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағына», «Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстарға», Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңы (24.11.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтыруларымен), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген «Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартты»,«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 25 ақпандағы №61 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары,«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы №393 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламаларына негізделіп дайындалған.
«Жиынтық бағалау тапсырмаларының жинағы» мұғалімге 7-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жинақ 6-сынып «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша ұзақ мерзімді оқу бағдарламасы негізінде дайындалған. Жиынтық бағалау тапсырмаларының мақсаты – жаңартылған білім беру мазмұны аясында білім алушылардың білімін түрлі жағдайларда қолдануға бағытталған.
Жинақтағы тапсырмалар білім алушыларға алған білімдерін пысықтау, жинақтау мақсатында өз бетінше шыңдаған білімін тексеруге, сонымен бірге, грамматикалық қателіктерді жібермеуін меңгертеді.
Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Әр бөлім және тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары білім алушылардың функционалдық сауаттылығының артуына басым бағыт береді. Тоқсандық жиынтықбағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішіндегі меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.
Жинақтағы материалдар өтілген тақырыптарға мазмұны сәйкес іріктеліп, білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сай жасалған.
Жинақта бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Дескрипторлары мен баллдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Жинақты дайындау барысында ресми интернет сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, график, диаграмма, сызба, иллюстрациялар, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды. Ресурстық материалдар білім алушыларға қосымша көмек көрсету мақсатында пайдаланылды.
Достарыңызбен бөлісу: |