Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті 7-сынып Қазақ тілі мен әдебиеті

Оқылым Мәтінді мұқият оқып, тапсырмаларды орындаңыз. Болашақтағы климат

бет35/63
Дата28.11.2023
өлшемі2.21 Mb.
#484604
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   63
7 сынып Т2 Валиева А.Б

Оқылым
Мәтінді мұқият оқып, тапсырмаларды орындаңыз.

Болашақтағы климат
Болашақтағы климат Климаттың ғаламдық жылынуы фантастика ретінде қабылданатын. Бүгінгі күні ғаламдық денгейде болып жатқан климаттың өзгеруіне көптеген дәлелдер бар. Қазақстанда ауаның орташа жылдық температурасы 1936 жылдан бастап 2 005 жылдар арасында әрбір 10 жыл сайын 0,31 С градусқа жоғарылап отырған. Соңғы 50 жылда Іле Алатауының солтүстік бөктеріндегі мұздықтардың ауданы 41 пайызға қысқарған. Үкіметаралық сарапшылар тобының (КӨҮСТ) болжамдары бойынша егер климаттың өзгеруі мен күннің жылынуы осы қарқында өрбитін болса, XXI ғасырдың ортасында орташа температура 6 градусқа жоғарылауы мүмкін. Бұл өз кезегінде 2 градусқа жылынудың өзі кері салдарға әкеп соғатын күрт континенталды Қазақстан үшін орасан зор апат болып табылады. Бүгінгі күннің өзінде еліміздің территориясының 75% экологиялық тұрақсыздық тәуекеліне ұшырап отыр. Алапат ыстық, құрғақшылық. Тіршіліксіз шөл даланың аумағы солтүстікке қарай 300-400 шақырымға жылжиды. Су ресурстарының жетіспеушілігі мал жайылымдарының азаюына әкеліп соғады және ауыл шаруашылығына ауыр соққы болып табылады. Қазақстанда температураның жоғарылауы жауын-шашын мөлшерінің артуымен өтеліп отырған жоқ, бұл белгілі бір тәуекелдерге алып келеді. Болашақта экстрималды табиғи құбылыстары көбейеді, жаңа табиғи аномалды құбылыстар пайда болады.
(161 сөз)
https://znanija.com/task/30100957

1. Мәтіннен сөздердің синонимдерін табыңыз.

жаһандық - _____________________
болашақ - ________________________
тіршілік - ______________________
жауын-шашын- ___________________
[2]
Төмендегі сұрақтарға мәтіндегі деректерді қолдана отырып, жауап беріңіз.
2. Мәтінде қандай мәселе көтеріледі? Себебін жазыңыз.
[1]
3. «Болашақта экстрималды табиғи құбылыстары көбейеді, жаңа табиғи аномалды құбылыстар пайда болады» деген автор пікірімен келісесіз бе? Ойыңызды дәлелдеңіз.
[1]
4. Төмендегі сұраққа бір сөйлеммен жауап беріңіз.
Мәтінде климат өзгеруінің қандай себептері көрсетілген?
[1]
Жазылым
«Үштіл білу – заман талабы» деген пікірмен келісесіз бе? Келісу, келіспеу себептерін көрсетіп, эссе жазыңыз.
Эссе мазмұнына сай көмекші есімдерді орынды қолданыңыз.
[10]
_____________________________________________________________________

Айтылым
Берілген тақырыптардың бірін таңдап, жұпта диалог құрастырыңыз (әр оқушыға
2 минут). Ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолданыңыз.

Диалог тақырыптары

1. Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте.
2. Жастар қалай бос уақытың өткізеді?
3. Эколгия денсаулыққа зиян ба?
4. Болашақта экстрималды табиғи құбылыстары көбейеді, жаңа табиғи аномалды құбылыстар пайда болады.
[10]

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   63

©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет