https://bilim-all.kz/olen/15176-ZHastyq-zhyry
1. Өлеңнің тақырыбын анықтаңыз.
А) табиғат құбылысы
B) саясат мәселесі
С) жастар рухы
D) сақ тайпасы
[1]
2. Өлеңнің негізгі идеясы қандай?
А) Туған жер туралы
B )Өз Отанын , жерін , елін мақтан ету
С) ауыл адамдарының тұрмысын сипаттау
D) еңбекке шақыру
[1]
3. Өлең жолын жалғастырыңыз. Мен жастықпын,.....................
А) Даналық пен көркем алдың бұлағы
B) Жауға қылыш сермеген
С) Жалын болып лаулаған
D) Сақ патшасын билеген
[1]
4. Ақпаратты сәйкестендіріңіз.
1. «Мен жастарға сенемін»
|
A. қазақ халқының ұлы ақыны
|
|
2. Мағжан Жұмабаев -
|
B. өлеңнің түрі
|
|
3. Лирика -
|
C. Мағжанның өлеңі
|
|
[2]
Оқылым
Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Үтіктеу ережесі
Бірінші кезекте матаның ішкі жағында орналасқан зат белгісіне назар аударыңыз. Онда затты қалай күту керектігі жайлы барлық мәліметтер жазылады. Егер үш нүктелі үтік белгісі тұрса, бұл матаны максималды температурада үтіктеуге болады дегенді білдіреді, екі нүктелі үтік белгісі орташа температурада, ал бір нүктелі үтік белгісі ең төменгі температурада ұқыптап үтіктеу керек екендігін білдіреді. Үтік белгісі сызылған болса, онда бұл затты үтіктеуге болмайды деген сөз. Киім қыртысын жаюдың амалдары. Бірінші кезекте матаның ішкі жағында орналасқан затбелгісіне назар аударыңыз. Онда затты қалай күту керектігі жайлы барлық мәліметтер жазылады. Егер үш нүктелі үтік белгісі тұрса, бұл матаны максималды температурада үтіктеуге болады дегенді білдіреді. 200 С дейін температурамен мақта, зығыр маталарын үтіктеуге болады. Екі нүктелі үтік белгісі орташа температурада, 130 С дейін температурамен жібек, вискоза, полиэфир, полиэстерден жасалған киімдерді үтіктейді. Ал бір нүктелі үтік белгісі сәл қыздырылған 120 С дейін температурамен нейлон, капрон, вискоза, полиакрил, полиамид, ацетатты ұқыптап үтіктеу керек екендігін білдіреді. Үтік белгісі сызылған болса, онда бұл затты үтіктеуге болмайды деген сөз.
Үтіктеу кезінде су сепкішті пайдаланбағаныңыз жөн, кейбір кезде бұл жібек матаның бетіне дақ қалдыруы мүмкін. Үтіктің су қоймасындағы судың мөлшері мен тазалығын қадағалауды ұмытпаңыз. Тек таза суды пайдаланыңыз.
(186 сөз)
Достарыңызбен бөлісу: |