Ойлау дағдыларының
деңгейі Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 15-20 минут
1-тапсырма
Мәтінді бірінші рет тыңдап, өзекті ақпаратты анықтаңыз.
__________________________________________________________________
Ежелгі Түркістан
Түркістан "Екінші Мекке" атанған қасиетті өлке.Түркістан – күллі түркі халықтарына ортақ, әлемге әйгілі қасиетті де киелі мекен. Бұл ең алдымен Ислам дінін таратушыларының бірі, сопылық ілімнің негізін қалаушы, ғұлама, тарихатшы, ақын, философ Қожа Ахмет Яссауи бабамыз жерленген өңір.
Түркістан – араб, қытай, парсылар мен еуропалықтар көз тіккен "Ұлы жібек жолының" ортасындағы ең үлкен қала, күллі түркі жұртының тарихи астанасы.
Түркістанда жүздеген хандарымыз бен билеріміздің, батырларымыз бен ақындарымыздың, әулие-әмбиелеріміздің мазарлары бар. Бабалар сөзімен айтқанда Түркістан – түмен бап жатқан киелі қабірстан.
Сонымен бірге, Түркістан қазақ хандығының және басқада сұлтандықтар мен хандықтардың астанасы болған орда жұрты.
(91 сөз)
Достарыңызбен бөлісу: |