Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті 7-сынып Қазақ тілі мен әдебиеті


ІІІ -ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ



бет42/63
Дата28.11.2023
өлшемі2.21 Mb.
#484604
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   63
7 сынып Т2 Валиева А.Б

ІІІ -ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
ІІ -нұсқа

Ұзақтығы: 40 минут


Тыңдалым - 8 минут
Оқылым – 12 минут
Жазылым – 20 минут
Айтылым сабақтан тыс тексеріледі (әр оқушыға 2 минут беріледі)
Балл саны: 30
Тапсырмалар түрлері
Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 4 компоненттен тұрады: біріншісі -тыңдалым, екіншісі - оқылым, үшіншісі - жазылым және тілдік бағдар, төртіншісі – айтылым және тілдік бағдарды тексеруге арналған.


Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы



*Тапсырма

Қамтылатын мақсаттар

Тапсырмалар түрлері

*Тапсырмалар сипаттамасы

*Орындау уақыты, мин

Балл

1-4



7.1.3.1 Әлеуметтік-мәдени тақырыптарға байланысты қажетті сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіну

Көп таңдауы бар сұрақтар

Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар 120 сөзден тұратын спорт және денсаулық күтімі тақырыбына қатысты мәтінді 2 рет тыңдайды.
(аудиоқұралдар болмаған жағдайда мұғалім өлеңді өзі 2 рет оқып береді).
Оқушылар мәтінді тыңдау барысында қажетті сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіну үшін тест тапсырмасын орындайды, төрт нұсқаның ішінен дұрыс 1 жауапты белгілеп сөйлемді аяқтайды, спорт түрлерін табады, тыңдалымдағы дұрыс ақпаратты белгілейді және
мәтіндегі үш мәліметті сәйкестендіреді.Мұғалім оқушының тақырыпқа қатысты сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсінгенін бағалайды.

8

5

5-8



7.3.3.1 Прозалық және поэзиялық шығармалардағы кейіпкердің іс -әрекетін немесе лирикалық кейіпкердің образын талдау

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар

Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар тақырыпқа қатысты 182 сөзден тұратын шығарманы оқиды. Шығарма мазмұны бойынша жанрын, негігі идеясын, кейіпкердің іс-әрекетін, мінезін талдайды, берілген сұрақтарға мәтіндегі деректерді қолдана отырып жауап береді, ойын дәлелдейді.
Мұғалім оқушының мәтін мазмұнын түсінгенін бағалайды.

12

5

9

7.4.5.1 тақырып бойынша сөздердің маңызды бөліктерін дұрыс жазу (күрделі сөздер)
7.5.1.5 етістік шақтарының (бұрынғы және ауыспалы өткен шақ) қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда қолдану

Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Тапсырма жеке орындалады. Оқушы берілген сурет бойынша маңызды бөліктерді жазады. Берілген сұраққа жауап жазады. Етістіктің шақтарын қолданады.
Мұғалім оқушының маңызды бөліктерді, етістіктің шақтарынқолданып жазуын бағалайды.

20

10

10

7.2.3.1 Ауызша мәтіндер құрауда екпін түрлерін сөз және сөйлем ішінде орынды қолданып айту

Толық жауап
ты қажет ететін сұрақ
тар

Тапсырма жеке орындалады. Оқушы екі суреттің бірін таңдап, «Қазақстан жеріндегі ежелгі қалалар»тақырыбына монолог құрастырады (әр оқушы 8-10 сөйлем айту керек).
Мұғалім оқушының берілген тақырыпты түсініп, ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолдануын бағалайды.

Тыңдалым сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі (әр білім алушыға 3-5 минут беріледі)



10



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет