Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығы шжқ кмк


Араның, сонаның, есек араның шағуы



бет4/6
Дата19.05.2022
өлшемі31.88 Kb.
#457527
1   2   3   4   5   6
Әр түрлі бақытсыз жағдайларда көрсетілетін алғашқы медициналық көмек

Араның, сонаның, есек араның шағуы

Сенің әрекетің: - Егер шаққан жерде бізі қалса, оны қысқышпен байқап алып таста (ара бізін қалдырмайды). - Жараға жартылай спиртті компресс немесе бал шелпегін қой (бақбақ гүлі сабағының "сүтін" қолдануға болады). - Димидорл, пипольфен немесе супростин дәрмектерін ішкіз.


Аллергиялық естен тану дамыған кезде
Белгілері: күре тамыр қысымы күрт түседі, демігу, жүрек айналасының және іштің ауруы, естен тану. Есіңде болсын! Ауру жағдайында аллерген организмге енгеннен кейін 1-2 минуттың ішінде өліп кетуі мүмкін.
Сенің әрекетің: сырқатты шалқасынан оның аяғы басынан биік болатындай етіп жатқыз. Тар кимідерінің түймелерін ағыт. Таза ауаның кіруін қамтамасыз ет.
Есіңде болсын! Егер сырқат естен танып қалса, оған ешқандай дәрі - дәрмек беруге немесе аузына су құюға болмайды.
Тыныс алуы бұзылып, жүрек қызметі тоқтаған кезде "ауызға - ауыз" әдісімен жасанды дем алдыру және жүректі жанамалай уқалап, сылау қажет. "103 - жедел жәрдемін" шақыр.


Кененің шағуы

Белгілері: қал сияқты қара дақ. Шаққан жері білінбейді, ауырмайды (немесе қызыл көпіршік, - қанды сорған кене).


Сенің әрекетің: кенемен терінің төңірегіне сұйық май тамызып, сәлден соң оны қысқыштың ұшымен теріден баяу қозғалыспен алып таста. Егер қысқыш жоқ болса, кененің басы терімен түйіскен жерге жай жіп ілгекпен байланады. Жіптің ұшын тартқанда оның ілгегі кенені ақырындап тартып шығарады. Шыққан жерін йодтың ерітіндісімен, зеленке немесе спиртпен сүрт. Теріні тілуге және күйдіруге болмайды. Қалаға келгеннен кейін емханаға қарал.


Жыланның шағуы

Сенің әрекетің:


- Кешіктірмей аузыңмен уды сорып таста. Егер аузыңда жара жоқ болса, бұл әрекет 10-15 минут бойы жүргізіледі. - Зардап шегушіні тыныштандырып, жатқызып қой. - Қолды шаққан кезде бүгіп, байлап қой. - Аяқты шаққан кезде оны екінші аяғына бинтпен таңып таста. - Зардап шегушіге сусынды көп ішкіз (шай, минерал немесе жай су). -Ауруды басатын кез-келген дәрілердің 1-2 таблеткасын ішкіз. - Зардап шегушіні жатқан бойында емдеу мекемесіне жеткіз.
Назар аудар! Шаққан жердің жоғарғы жағына бұрау қоюға, шаққан жерді күйдіруге, кесуге болмайды!


Бүйінің шағуы

Сенің әрекетің:


- Шаққан жерді сабынмен жу, суық зат қой. - Ауруды басатын кез-келген дәрілер таблеткасын ішкіз. - Сұйықтықты көп ішкіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет