Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығы шжқ кмк



бет5/6
Дата19.05.2022
өлшемі31.88 Kb.
#457527
1   2   3   4   5   6
Әр түрлі бақытсыз жағдайларда көрсетілетін алғашқы медициналық көмек

Көздің жарақаттануы

Белгілері: көз жабылады немесе жыпылықтайды, ісінеді, қызарады, қатты ауырады.


Сенің әрекетің:
-Көзді немесе қабағын жаралап алған кезде көзді таза жұмсақ матамен жауып, таңғышпен қатты тартпай байлап қой. Келесі көзді де жауып қой.
- Көз төңірегін ұрып алған кезде зақымдалған көзге суық компресс бас.
- Көзге күйдіретін химиялық зат түскен кезде оны сумен ұзақ шаяды, ол үшін басты еңкейтіп, саусақтармен қабақтарды ашады. Көзге қышқыл түскенде 10 мин бойы ағынды сумен шаяды, сілтілер түскенде - 15 минут, белгісіз химиялық зат түскенде - 20 минут.
- Көзге бөгде заттар түскенде өзбетіңмен көздің алмасына немесе мөлдір қабақтың төңірегіне түскен кішкентай затты алуға әрекеттенбе. Бұл жағдайда екі көзді де таңып таста.
- Бөгде зат көздің ағына немесе қабақтың ішкі жағына түскен кезде мынадай амал жаса: көздің ағынан немесе қабақтың үстінен ылғалданған бет орамалдың ұшымен іліп ал. Егер сізге ештеңе көрінбесе, кірпікпен жоғары қабақты төменгі қабаққа қарай соз. Бұл түскен затты орнынан қозғайды. Әрекетің сәтсіз шықса жоғарғы қабақтың кірпігін алып оны созыңыз. Оған сіріңкенің талшығын қойып оған қабақты ораңыз. Содан кейін көрінген затты жоғарыда көрсетілген әдіспен алыңыз. Егер әрекет тағы сәтсіз болса - тұратын мекендегі окулистке қарал. Осы жағдайлардың барлығында "103 - жедел жәрдемін" шақырыңыз.


Шыбын-шыркейдің құлаққа кіруі

Сенің әрекетің: Құлаққа жылы суды ол сыртына ағып шығатындай қылып құю керек. Бұл кезде сақтықпен құлақтың сырғалығын артқа қарай және жоғары тарт. Келесі әдіс: Егер бұл үйде болған болса: Ваннаға құлақтарың су астында болатындай қылып жату керек.




Құлақтағы бөгде заттар

Назар аудар! Құлаққа түскен бөгде заттарды (моншақ, бұршақтың дәні), егер тек олар сыртқы есту жолдарының кіре берісінде орналасса және сіз дабыл жарғақты жарақаттамауға мүлде сенімді болсаңыз ғана алуға тырысыңыз, басқадай жағдайларда өзіңіз шығаруға әрекеттенбеңіз. ЛОР дәрігеріне қаралыңыз.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет