Жанамаласқан жарақаттар


Жарақаттық шоктың емі: Жарақаттық шоктың емі



бет18/21
Дата03.01.2022
өлшемі136.6 Kb.
#451398
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Жаракаттык шок

Жарақаттық шоктың емі:

Жарақаттық шоктың емі:

Қансырауды тоқтату, иммобилизация, науқасты абайлап тасымалдау, науқасты жылыту.

Ауыру сезімін жою: наркотикалық анальгетиктер - промедол, омнопон, морфин (бас ми, кеуде және ішкі ағзалардың жарақаттары кезінде қолдануға болмайды). Наркотикалық емес анальгетиктер 4-5мл 50% анальгин, азоттың асқын тотығымен ингаляциялық анестезия. Жергілікті анестетиктермен блокада жасау - олар ауыру сезімін жоя отырып, жарақаттанған ішкі ағзалардың клиникалық көрінісін өшірмейді.

Өкпедегі газ алмасуды демеп тұру - оксигенотерапия, ауа жүретін жолдардың обструкциясын жою, жасанды тыныс алдыру.

ЦҚК тапшылығының орнын толтыру, микроциркуляцияны қалпына келтіру: (коллоидты полиглюкин, реополиглюкин, рефортан, стабизол, альбумин, желатиноль) және кристаллоидты (физиологиялық ерітінді, Рингер-Локк ерітіндісі, лактосол 5% глюкоза ерітіндісін қолдануға болмайды себебі жасушалардың ішіне еніп,өкпе мен мидың ісінуін шақыруы мүмкін)ерітінділердің инфузиясы, метаболикалық бұзылыстарды жою үшін - натрий гидрокарбонаты, трисамин. Қанның бөліктерін құюға көрсеткіш болғанда (жаңа мұздатылған плазма, эритроцитті масса, ЦҚК-ң 35-40% қанжоғалтқанда - тұтас қан, тромбомасса) қолданылады. Міндетті түрде, орталық веналарға (бұғана асты, мойындырық веналарына) түтік қойылады, АҚ төмен болған сайын, ерітінділерді енгізудің жылдамдығы жоғары болу керек. АҚ анықталмайтын болса, 2-3 венаға инфузия жүргізіледі, оның жылдамдығы 200-250 мл/мин болу қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет