Жанамаласқан жарақаттар



бет4/21
Дата03.01.2022
өлшемі136.6 Kb.
#451398
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Жаракаттык шок

C (circulation) – Жүрек – қан айналым жүйесі мен қанның циркуляциясын тұрақтандыру (жүрекке тікелей емес массаж, қан ағуды тоқтату, адекватты инфузиялық терапия). - Гемодинамикалық тұрақтылық термині – ағзадағы жүйелер мен мүшелердің қалыпты жұмыс істеуін сақтап тұру үшін жасалатын инфузиялық терапияны айтады. - Жарақат алған науқаста шок дамыса оны шоктың нақты себебін анықтамас бұрын (кардиогенді, нейрогенді, септикалық, геморрагиялық) жарақаттық деп бағалау керек. - Міндетті түрде алдыңғы кубитальды шүңқыр немесе шап аймағынан 2 ден кем емес венаны катетеризация жасау керек. Альтернативті варианты: ересектерде v. saphena-ның венесекциясы, 6 жастан төмен балаларда сүйекішіне енгізуге болады. - Міндетті түрде АҚ мен диурезге мониторинг жасап, гематокритті динамикада бақылауда ұстау керек. - Перифериялық қан қысымына баға беру. - Перифериялық аймақтарда пульстің бар жоқтығын анықтау. Шок кезінде науқасқа жүргігізілетін алғашқы емдік іс-шаралар: - Нақты қан кету көзін анықтап, жгут байлау немесе қанаған тамырды байлау немесе тігіс салу. - Инфузионды терапия, диурезді қадағалау, ОВҚ бақылауда ұстау, қанның рН-ын бақылау. - Гематокритке жасалған мониторинг бойынша гемотрансфузия жасау. - Қозғалысы шектелмеген сынықтарға шина қою арқылы қан кетуді төмендету. - Ангиографияға көрсеткіш болса жасау міндетті. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет