Жанымбет сәбиттің өлеңдеріне сын



бет2/4
Дата24.09.2023
өлшемі27.57 Kb.
#478423
1   2   3   4
1927.12.24 Жанымбет. Сәбит өлеңдеріне сын

Ақынның бағыты

Сәбит көбіне келешекті көксеп жазады. Өткенді аузына алмайды. Кедейді, тап жігін қолына ала жазады. Ақын шын сырын, қиялындағы халық ойын, жүрегіндегі тілегін, ойындары мақсатын өлеңімен сыртқа шығаратын болса, Сәбитте де сол. Сәбит өлеңдер жинағындағы «Шоқпыттың шаруасы» деген өлеңінің 47-бетінде былай дейді:


«Шоқпыттың күні нашар болды.
Бар малы бір қашар болды.
Жазғы үйі дауылға құлап
Қыс қорасы осал болды.
Балалары өте жас болды,
Қатыны ессіз есуас болды.
Үйі толған қызыл аяқ балаға
Жалықса да өзі бас болды».
Аяғына дейін бері кедей тұрмысы. Сәбит өлеңінің көбі, кедей жайында. Не жазса, кедейді көксеп жазады. Көксейтіні – «кедей», жоқтайтыны соның мұңы.Мәселен «Кешегі жалшы мен бүгінгі жалшының» ең басындағы арнауы:
«Мен сендерден бір тамшы тамған жаспын,
Сол тамшы болған үшін байға қаспын.
«Сенің жүрген жеріңнен қозғалмайтын,
Жұдырықтай қарам бар қатқан таспын.

Менің тілім арнаулы саған ғана,


Мен сендікпін, еншіне тиген дара.
Алдыңа тарту тартып бас иемін,
Мен сенен бір тамшы боп туған бала».

Сәбиттің осы өлеңі бірсыпыра өлеңдеріндегі ең тәуір ақынның адал иманы осыдан айқын көрінеді. Және де айтатын бір мысал. Өлеңдер жинағының 68-бетінде.


«Кеш еді –


«Ордашылар ылғи сұмдар,
«Ит» деді бәлшебекті оңшыл мұңдар.
Дәріптеп-ақ жағаға айтаққа еріп.
Далаңдап кете берді біраз құлдар».

Ақын мұнда бұрынғы Алашордашыларды, оған ергендерді сөгеді, қашады, жек көреді, жиренеді. 69-бет:


«Жүзшілдерді шақтым тілмен,
Серік көп емес, едім жалғыз бір мен
Аста арғымақ, сүймесін жүзге қарғап
Шен құмар безіп шықтым портпелшілден».
Кеше еді:
«Ленин жолын ұран қылдым,
Ол не десе, сөздерін құран қылдым.
Жеткіншек кәмсәмол мен пионер де
Төбеме қарқара етіп ұлан қылдым», – дейді.
Сәбит шеннен безеді. Төрелерді кекетеді. Сұм, құл, мұңдар дейді. Ленин жолын ұран, сөзін құран қылады.
Кәмсәмол, пионерді жолдас қылады. Бұған мысал көп. Өлеңдер жинағындағы 45-46-беттегі «Еңбекші жас серігім», тағы одан басқа толып жатқан өлеңдері көп. Сәбит өлеңі көбіне төңкеріс жайында.
Сәбиттің бағыты түзу, таза кедейшіл, келешекшіл, Ленин жолын заман, сөзін құран, кәмсәмол, пионерді жолдас қылады. Еңбекті кұрал қылады.
Міне, Сәбиттің ұстаған бағыты.


Дінге көзқарасы
Бұл жағынан қарағанда, бұл мәселе өте негізді болмағанмен, бұ да бір тоқтап өтетін нәрсе. Оның мәнісі – ақынның санашыл, затшыл екендігін дінге көзқарасынан байқауға болады. Сондықтан Сәбитті бұл жағынан қарағанда ашық, айқын көрсетуге болмайды. Себебі, бұл жайында жазған Сәбиттің өлеңі аз.
Бірақ аз өлеңінен жоруға болады. Мәселен, Сәбит өлеңдер жинағының 74-бетінде «Бітірдің ашуы» деген өлеңнің аяғында былай дейді:
«Бір тиын да бермеймін,
Жұмағын да көрмеймін,
Молда да, дін де құрысын,
Тамұққа мен-ақ барайын,
Имансыз-ақ қалайын.
Қандырсын молда табысын,
Бітірге жұмақ сатылса,
Бітірсіз оққа атылса,
жұмаққа сиырын қамасын», – дейді.
Сәбит, бұл сөзіне қарағанда, дінсіз, «молдары да, жұмақты да құрысын». дейді. «Тамұққа мен-ақ барайын» деп, безеді.
Жұмаққа сиырды-ақ қамасын, біз кірмей-ақ қояйық, жұмақ бітірге сатылатын болса, барып тұрсын деген ой көрінеді. Олай болса, осы азғандай өлеңінен де Сәбиттің дінге, құдайға, молдаға, ескі шариғатка көзқарасы танылады. Бұлай болса, Сәбиттің санашыл еместігі, затшыл екендігі сезіледі. Сәбит олай болса дінсіз, құдайсыз ақын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет