Жанымбет сәбиттің өлеңдеріне сын



бет3/4
Дата24.09.2023
өлшемі27.57 Kb.
#478423
1   2   3   4
1927.12.24 Жанымбет. Сәбит өлеңдеріне сын

Әйелге көзқарасы

Сәбит өлеңдер жинағының 103-бетінде:


«Қазақтан әйел күң дейміз,
Күңдікте әйел жүр дейміз,
Тез азат ету шарасын
Мың толғанып білмейміз,
Кінәлі оған ескі әдет,
Ескі әдетті тілдейміз,
Бастаушы аз, жұмыс көп,
«Баста!» деп жұртты үндейміз,
«Кісі жоқ « деп үнемі
Жылаймыз, неге кулмейміз?!» – дейді.
Қазақ әйелінің ескі әдеттің астында жүргеніне, оларды бастап жол көрсететін адамның аздығына жылаймыз дейді. Әрине, ол өзінің ойы, өзінің жылағаны, әйелді жоқтағаны, аяғаны. Жалпы әйелге осылай қарайды. Қолынан келгенше жәрдем істегісі келеді.
Махаббат жағына келсек, өлеңдер жинағының 142-бетінде («Адал сырым нанғанға»):
«Жүрегім, сенде жазық бар,
Сұлу емес сүйгенін
Қиғаш қас, оймақ ауызға,
Жарылмаған қауызға
Исініп бір имедін», – дейді.
Әрине, бұл көрінген сұлу әйелді сүйіп, махаббатқа беріліп, оған берілмегендігін көрсетеді. Сәбиттің өмірін алсақ та осылай. Сәбит әлі тастаған әйел жоқ. Болмаса бозбалашылық қылғаны да көрінбейді.
Сәбит кейінгі келіншегін алғашқы әйелі өлген соң алды. Осыған қарағанда Сәбит сүю жағына салқын қарайды, бірақ бұл сөзден Сәбитте махаббат жоқ деген сөз шықпайды. Махаббаттың жолына берілмеген, басқа акындарша қарамаған деген сөз. Баска ақын-жазушылармен салыстырғанда Сәбит бұл жағынан бәйге алады. Сәбиттің әйелге көзқарасы тұрақты, салқын қанды, өзіне жақсы болған нәрсе, баскаға да жақсы болса екен дегендігі. Осы жерден Сәбиттің мінезінің де қандай екендігі көрінеді. Әрине, біреуге жауыздық қылам деп ойламайтындығы, қайырымшылдығы, басқаны аяғыштығы.


Ақын мен өзгеріс

Енді Сәбит өмірінде қандай өзгеріске кездесті десек, Өктәбірден басқа өзгеріске кездескен жоқ. Ақынның жазуына, санасына әсер беретін өмірі. Сондықтан, Сәбит те өміріндегі кездескен төңкеріс жайында көп жазады. Өскен орта, айналадағы өзгеріс адамға әсер бермей қоймайды. Өктәбір төңкерісінен басқа Сәбиттің табиғатына әсер беретін басқа өзгеріс Сәбит өмірінде болған жоқ.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет