19 - тақырып: Диалектиканың заңдары
Сабақтың мақсаты:
Диалектиканың категориялары мен заңдарының мәнін, диалектиканың таным процесіндегі теория және тәсіл ретіндегі мәнін ашып көрсету. Студенттерді диалектикалық ойлау өнеріне баулу .
Диалектиканың тарихи даму жолын сипаттау. Студенттерге диалектиканың негізгі принциптері мен категорияларын түсіндіру, ерекшеліктерін ұғындыру.
Семинар сабағының жоспары:
1-ші сабақ.
Заң ұғымы.
Қарама-қарсылықтар бірлігі және күресі заңы қызметтерінің құрылымы және механизмі.
Қайшылықтың негізгі формалары және типтері.
2-ші сабақ.
Сапа және қасиет. Сапа және сан. Өлшем.
Сандық және сапалық өзгерістердің диалектикасы. Секірістер және оның түрлері.
Диалектикалық терістеудің мәні. Терістеуді терістеу сатылы дамудың бейнесі ретінде.
Бақылауға арналған сұрақтар:
Заң дегеніміз не?
Қай заң диалектиканың «ядросы» және неге?
Қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күрес заңы қандай фундаменталды проблеманы шешеді?
Қай заң дамудың механизмін ашады?
Философиялық түсініктегі сан, сапа және өлшем деген не?
Дамудың спиральды түрдегі механизмінің мәні неде?
Дамудағы «секіріс» дегеніміз не?
Негізгі ұғымдар (глоссарий):
Заң - дегеніміз құбылыстар арасындағы берік бара-бар, тыныш, қажетті, жалпы, тұрақты және қайталанып отыратын қатынас, бірлік пен байланыс.
Қарама-қарсылықтар - бір бірін терістейтін және тудыратын бірліктің тенденциялары, моменттері, жақтары.
Қайшылық - бұл даму және өзіндік қозғалыс бар жердегі қарама-қарсылықтардың қатынасы.
Достарыңызбен бөлісу: |