Жанр: Ертегі


Елу жасқа келіп жаман болған жоқпын, жасымнан-ақ жаман едім. Өмірім отын, су тасумен кісі есігінде құлшылықта өтті



бет3/13
Дата30.11.2023
өлшемі35.58 Kb.
#484993
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
аяз би

Елу жасқа келіп жаман болған жоқпын, жасымнан-ақ жаман едім. Өмірім отын, су тасумен кісі есігінде құлшылықта өтті. Сол уақытта шеңгелді әкеліп отқа жақсам, кешке жаққан отым ертеңіне дейін, сексеуілдің шоғындай жайнап жататын еді. Сол уақытта «Киім жыртып, мал жемейтін шеңгел отын болып, пайдаға асады екен-ау», – деп, ойлаған едім. Ал енді қарақоғаны алып, отқа жақсам, жанбайтын еді, үрлесем, жалыны мен шоғы бірге сөніп, күлі бұрқырап үйдің ішін алып кететін еді. Отқа жанбаған соң апарып малға салсам, барлық мал мұрнын жиырып, жемейтін. Сонсоң: «Қарақоға тіпті пайдаға аспайтын шөп қой», – деп ойлаушы едім. Қарақоғаның жамандығын содан білдім, – дейді Жаман.
— Сауысқанның жаман екенін қайдан білдің? – дейді хан.
— Қырғауылдың қанаты бар да, жүні жоқ болса да, адамның пайдасына жарайтын құс еді. Біреудің сиықсыз болуы оның жаратылысынан. Қырғауылдың айыбы - тек сиықсыздығы. Ал сауысқанның жүні ала болғаны сияқты, өзі де ала, бірлігі жоқ. Екеуі бірігіп ұшпаған, екеуі бірігіп қонбаған, адам пайдасына аспайтын құс еді. Сондықтан құс жаманы - сауысқан деймін.
— Сауысқан мен қарақоғаның жамандығын білдің. Енді өзіңнің жамандығыңды қайдаң білдің? – дейді хан.
— Уа, тақсыр! Менің жасым елуге келді. Мен қатарлылар әйел алып, бала көрді; келін жұмсап, қызық көріп отыр. Мен қайда болса сонда, әлі күнге дейін әркімнің артына мінгесіп, басқа біреудің құлшылығында жүрмін. Енді мен жаман емей, жақсымын ба? – деп, Жаман ханға қарайды. Хан басын шайқап:
— Апыр-ай, осы жаман болса жарар еді, – деп ойлап:
— Құстың, шөптің, өзіңнің жамандығыңа да дәлел айттың. Жарайды. Енді менің бір тұлпарым бар, соны сынап бересің бе? – дейді.
— Жақсы, сынап берейін, – деп, тұлпарды алып келген соң, Жаман тұлпардың алды-артына қарап:
Тұлпарыңыздың сипатынан мін таба алмадым. Енді мініп қарар едім, – деп, ханнан рұқсат сұрап алып, тұлпарға мініп, есік алдындағы өзеннен әрі-бері өтті де, қайтып келіп:
— Тақсыр! Тұлпарыңыздан басқа мін таба алмадым.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет