Дүние деген фәни бұл
Баласы жоқта мият жоқ.
Бәрінен қиын сол екен
Артында қалған шырақ жоқ!
Сондай-ақ Әйтеке би сөздері
адамгершілік ұғымын насихаттауға да арналған:
Ашу деген – ағын су
Алдын ашсаң арқырар.
Ақыл деген – дария
Алдын тоссаң тоқырар.
Кісі бірге туыспау керек.
Туысқан соң сөз қуыспау керек.
Сөз қуған пәлеге жолығады,
Жол қуған олжаға жолығады.
Шешендік сөздер мазмұнына қарай
үшке бөлінеді:
1) шешендік арнау; 2)
шешендік толғау; 3) шешендік дау.
Шешендік арнауға
шешендік бата, тілек сөз, көңіл айту сөзі, ақыл-насихат
сөздер жатады. Уәлихан қайтыс болғанда Байдалы бидің оның ханымы Айғанымға:
Қайрат деген қыран бар,
Қайғыға тізгін бермейтін.
Қайғы деген жылан бар
Өзекті шағып өрлейтін.
Мен қайғыңды қозғағалы келгенім жоқ,
Қайратыңды қолдағалы келдім, –
деген
көңіл айтуы шешендік арнауға жатады.
Бөлтірік шешеннің:
Үлкен алдында иіліп сөйле,
Кіші алдында сызылып сөйле.
Иіліп сөйлегеннен белің бүгілмейді,
Сызылып сөйлегеннен сөзің үзілмейді, –
Күншілдік деген бар, содан сақтан,
Кекшілдік деген бар, содан сақтан.
Астамшылық деген бар, одан алыс жүр.