Жанр. Шешендік сөздер қазақ халқының даналық үлгісі



Pdf көрінісі
бет4/4
Дата15.11.2023
өлшемі63.25 Kb.
#483314
1   2   3   4
sesendik sozder qazaqtyn bi sesenderi sesendik sozderdin zanrlyq tekteri 1819

Шешендік толғау мақал-мәтел, сұрақ-жауап, шешендік нақыл, қанатты сөз,
шешендік жұмбақ, шешендік мысал түрінде келеді.
Шешендік толғауға Асан қайғының:
Құйрығы жоқ, жалы жоқ
Құлан қайтіп күн көрер?
Аяғы жоқ, қолы жоқ
Жылан қайтіп күн көрер?
Жалаң аяқ балапан
Қаздар қайтіп күн көрер?
Шыбын шықса, жаз болып,
Таздар қайтіп күн көрер?
Көлде жүрген қоңыр қаз
Қыр қадірін не білсін?
Қырда жүрген дуадақ
Су қадірін не білсін?
Көшіп-қонып жүрмеген
Жер қадірін не білсін?! –
деген толғаулары, Мөңке би айтқан:
Бұл заманда не ғаріп?
Қадірін біліп ұқпаса,
Дүррі гауһар сөз ғаріп.
Замандасы болмаса,
Қария болар тез ғаріп.
Қаз, үйрегі болмаса,
Айдын, шалқар көл ғаріп – ...
деп келетін сөздері жатады.
Шешендік толғаудың бір түрі – ақыл-кеңес, тәлім-тәрбиеге бағытталған
шешендік нақыл. Шешендік нақылға Малайсарының: «Үйіңнің алдында төбе болса,
ерттеулі атпен тең, ауылыңда ақылгөй қарт болса, жазып қойған хатпен тең» деген


сөзі жатады.
Шешендік дау мазмұнына қарай жер дауы, жесір дауы, құн дауы, ар дауы
болып бөлінген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет