Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы


-тарау. Жануарлар дүниесiн қорғау



бет3/5
Дата09.06.2016
өлшемі336.5 Kb.
#125213
1   2   3   4   5

3-тарау. Жануарлар дүниесiн қорғау

      12-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi


               негiзгi талаптар

      1. Жануарлар дүниесiнiң жай-күйiне, мекендейтiн ортасына, көбею жағдайларына және жануарлардың өрiс аудару жолдарына әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін болатын қызмет жануарлар дүниесінiң, олар мекендейтін ортаның сақталуы мен өсiмiн молайтуды және келтірілетін және келтірілген, оның ішінде болмай қоймайтын зиянды өтеудi қамтамасыз етудiң талаптары, оның iшiнде экологиялық талаптар сақтала отырып жүзеге асырылуға тиiс.


      2. Жануарлар дүниесiнiң жай-күйiне және олар мекендейтiн ортаға әсер ететiн немесе әсер етуi мүмкiн қызметтi жүзеге асыру кезiнде мынадай негiзгi талаптардың сақталуы қамтамасыз етiлуге тиiс:
      1) жануарлар дүниесiнiң табиғи еркiндiк жағдайындағы биологиялық сан алуандығы мен үйiрлiк тұтастығын сақтау;
      2) жануарлар дүниесiнiң объектiлерi мекендейтiн ортаны, олардың көбею жағдайларын, өрiс аудару жолдарын және шоғырлану орындарын сақтау;
      3) жануарлар дүниесi объектiлерiн ғылыми негізделген тұрғыдан ұтымды пайдалану және олардың өсiмiн молайту;
      4) табиғаттағы биологиялық тепе-теңдiктi сақтау мақсатында жануарлар дүниесi объектiлерiнiң санын реттеу;
      5) жануарлар түрлерін, оның iшiнде бағалы, сирек кездесетiндерi мен құрып кету қаупi төнгендерiн жасанды өсiрудi қоса алғанда, кейiннен оларды мекендеу ортасына шығара отырып, жануарлар дүниесiнiң өсiмiн молайту.
      3. Жануарлар дүниесiн қорғаудың, өсiмiн молайтудың және пайдаланудың бағдарламалық құжаттарын, нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу кезiнде осы баптың 2-тармағында көрсетiлген негiзгi талаптар мiндеттi түрде ескерiлуге тиiс.
      Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.01.09 N 213, 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      13-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау

      Жануарлар дүниесiн қорғау:
      1) жануарлар дүниесi объектiлерiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi ережелер мен нормаларды белгiлеу және сақтау;
      2) жануарлар дүниесiн пайдалануға шектеулер мен тыйым салулар белгiлеу;
      3) жануарлардың бағалы, сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн қорғау;
      4) жануарлар дүниесiн пайдаланудың белгiленген ережелерiн бұзуды болдырмау;
      5) жануарлар мекендейтiн ортаны қорғауды, олардың көбею жағдайларын, өрiс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын ұйымдастыру;
      6) жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға жануарлар дүниесi объектiлерiн қорғау жөнiндегi мiндеттердi жүктей отырып, аумақтарды, акваторияларды бекiтiп беру;
      7) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру;
      8) жануарлар түрлерін жасанды түрде өсiру;
      9) жануарлар ауырған жағдайда, дүлей зiлзала кезiнде және басқа себептер салдарынан қырылу қаупi төнген жағдайларда оларға көмек көрсету;
     10) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулердi ұйымдастыру;
      11) жануарлар дүниесi объектiлерiн қорғау және орнықты пайдалану идеяларын насихаттау;
      12) жеке және заңды тұлғалардың жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi қызметiн ынталандыру;
      13) азаматтарды жануарлар дүниесiне iзгiлiктi және ұқыпты қарау рухында тәрбиелеу жолымен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      14-бап. Жануарлар дүниесiн сақтау және өсiмiн молайту


               мақсатында оны пайдалануға шектеулер мен
               тыйым салулар белгiлеу

      1. Жануарлар дүниесi объектiлерiн сақтау және өсiмiн молайту мақсатында:


      1) жануарлар дүниесiн пайдалану мерзiмдерiн шектеу;
      2) аулау әдiстерiне, тәсiлдерiне және құрал түрлерiне тыйым салу;
      3) жануарлар дүниесі объектілерін алу нормаларын өзгерту;
      4) жануарлар дүниесiн пайдаланушылардың санын шектеу;
      5) жануарлар әлемін пайдалану орындарын шектеу белгіленеді.
      2. Шектеулер мен тыйым салулар белгiлеуге:
      1) жануарлар популяциясының жыныс-жас құрылымының бұзылуы;
      2) жануарлар санының азаюы;
      3) мекендеу ортасының нашарлауы;
      4) жануарлардың өрiс аударуы мен көбеюi кезеңiнде олар жаппай шоғырланатын жерлерде тыным алу аймақтарын құру қажеттiгi негiз болып табылады.
      3. Жануарлар дүниесi объектiлерiн сақтау мақсатында:
      1) өсiмдiктердi жоюға және жануарлар мекендейтiн ортаның жағдайларын нашарлататын өзге де iс-әрекеттерге;
      2) жануарлар үйiрiмен мекендейтiн жерлердi периметр бойынша олардың iндерi орналасқан жерлерге жиырма метр жақындап немесе уәкiлеттi органның келісімінсіз оларды алдын ала басқа жерге көшiрмей жыртуға;
      3) уәкілетті органның рұқсатынсыз жануарлардың паналау орындары мен ұяларын бұзуға және бүлдiруге, жұмыртқаларын жинауға;
      4) суда жүзетiн құстардың жаппай ұя салуы көрсетiлген және балықтардың көбеюi кезеңiнде олар уылдырық шашатын жерлерде катерлердiң, моторлы қайықтардың және басқа да жүзу құралдарының двигательдерін iске қосып жүзуге;
      5) ұшақтардың, тiкұшақтардың және өзге де ұшу аппараттарының итбалықтар, тұяқты жабайы жануарлар мен топтасып ұшатын құстар жаппай мекендейтiн аумақтардың үстiнен уәкiлеттi органның келiсiмiнсiз бiр километрден төмен биiктiкте ұшып өтуiне;
      6) жануарлардың мекендеу ортасын жоюға, жемшөптiк өсiмдiктер егiстiктерiн, қорғау екпелерiн, сортаң топырақтарды, жануарларға арналған астауларды, сiлтеме белгiлердi, аң аулау және балық аулау шаруашылығын жүргiзуге арналған құрылыстарды бүлдiруге;
      7) сирек кездесетiн және құрып кетуi қаупi төнген жануарлар түрлерiн және олардың дериваттарын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiнсiз алуға;
      8) жануарлар дүниесi объектiлерiн белгiленген лимиттен асырып және жануарлар дүниесiн пайдалануға берiлген рұқсатта көрсетiлген мерзiмнен тыс, сондай-ақ тыныштық аймақтарында аулауға;
      9) жануарлар дүниесi объектiлерiн аң аулау мен балық аулау ережелерiнде көзделмеген жануарларды аулау құралдарының, әдiстерінің және тәсiлдерiнiң түрлерiн қолдана отырып аулауға;
      10) жануарлар дүниесi объектiлерiн жарылғыш құрылғыларды, химиялық және улы заттарды қолдана отырып (дала кемiргiштерiн (саршұнақтарды, сұр егеуқұйрықтарды, атжалмандарды) құрту кезiнде, сондай-ақ жануарлардың жаппай құтыру iндетi және басқа аурулары болған жағдайларда уәкiлеттi органмен немесе оның аумақтық бөлімшесімен келiсiм бойынша улы химикаттарды қолдануды қоспағанда) аулауға;
      11) уәкiлеттi органның рұқсатынсыз жануарларды интродукциялау, реинтродукциялау мен будандастыруды жүргiзуге, сондай-ақ жаңадан жерсiндiрiлген жануарларды алуға;
      12) балық қыстайтын шұңқырлардың, уылдырық шашатын жерлердiң, балық шаруашылығы учаскелерiнiң және балық аулауға тыйым салынған жерлердiң шекараларын белгiлейтiн бағандарды, жүзбелi таным белгілерiн және аншлагтарды жоюға немесе бүлдiруге тыйым салынады.
      4. Жануарлар дүниесі объектілерін сақтау мақсатында шектеулер мен тыйым салулар жануарлардың мекендеу ортасы ареалдарының (таралу облыстарының) географиялық, климаттық ерекшеліктері ескеріле отырып енгізіледі.
      Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), ҚР 2011.07.15 № 461-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      15-бап. Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету


               қаупi төнген түрлерiн қорғау

      1. Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерi «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгiзiледi.


      2. Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн қорғауды мемлекет жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалар жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн қорғау жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi.
      3. Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн, оның ішінде олардың дериваттарын алуға айрықша жағдайларда Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша:
      1) арнайы жасалған жағдайларда өсіру және кейіннен мекендеу ортасына жіберу;
      2) аңшылықтың ұлттық түрлерін дамыту;
      3) ғылыми зерттеулер;
      4) селекциялау үшін жол беріледі.
      4. Мыналарға:
      1) жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнің қырылуына;
      2) осы баптың 3-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерi санының азаюына немесе мекендеу ортасын бұзуға әкеп соғатын іс-әрекеттерге жол берілмейді.
      5. Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн, олардың бөліктері мен дериваттарын бағып-қағу, тасымалдау, сату, сатуға қою және сатып алу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      16-бап. Пестицидтердi (улы химикаттарды), минералдық


               тыңайтқыштар мен басқа да препараттарды
               қолдану кезiнде жануарларды қорғау

      Пестицидтердi (улы химикаттарды), минералдық тыңайтқыштарды және басқа препараттарды қолдану, сақтау және тасымалдау жануарлар дүниесi мен олар мекендейтiн ортаның қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге тиiс.


      Жануарлар дүниесiн қорғау мақсатында пестицидтердi (улы химикаттарды), минералдық тыңайтқыштарды және басқа препараттарды қолданудың шектеулi рұқсат етiлген нормалары белгiленедi.

      17-бап. Шаруашылық және өзге де қызметтi жобалау мен


               жүзеге асыру кезiнде жануарлар мекендейтiн
               ортаны, олардың көбею жағдайларын, өрiс аудару
               жолдарын және шоғырланған жерлерiн сақтау
               жөнiндегi iс-шаралар

      1. Елдi мекендердi, кәсiпорындарды, құрылыстар мен басқа да объектiлердi орналастыру, жобалау және салу, өндiрiстiк процестердi жүзеге асыру мен көлiк құралдарын пайдалану, қолданыстағы технологиялық процестердi жетiлдiру және олардың жаңаларын енгiзу, пайдаланылмаған, жағалау маңындағы, батпақты, бұта басқан аумақтарды шаруашылық айналымына енгiзу, жердi мелиорациялау, орман ресурстарын және су объектiлерiн пайдалану, геологиялық-барлау жұмыстарын жүргiзу, пайдалы қазбаларды өндiру, ауыл шаруашылығы жануарлары жайылатын және оларды айдап өтетiн жерлердi белгiлеу, туристiк маршруттар әзiрлеу мен халықтың жаппай демалатын орындарын ұйымдастыру кезiнде жануарлар дүниесi объектiлерi мекендейтiн ортаны және олардың көбею жағдайларын, жануарлардың өрiс аудару жолдары мен шоғырланған жерлерiн сақтау жөнiндегi iс-шаралар көзделуге және жүзеге асырылуға, сондай-ақ жабайы жануарлар мекендейтiн орта ретiнде ерекше құнды болып табылатын учаскелерге ешкiмнiң қол сұқпауы қамтамасыз етiлуге тиiс.


      2. Темiр жол, тас жол, құбыр тарту және басқа көлiк магистральдарын, электр беру және байланыс желiлерiн, арналарды, бөгеттердi және өзге де су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану, орналастыру, жобалау және салу кезiнде жануарлар мекендейтiн ортаны, олардың көбею жағдайларын, өрiс аудару жолдары мен шоғырланған жерлерiн сақтауды қамтамасыз ететiн іс-шаралар әзiрленiп, жүзеге асырылуға тиiс.
      3. Шаруашылық және осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген өзге де қызметті жүзеге асыратын субъектілер:
      1) уәкілетті органмен келісім бойынша техникалық-экономикалық негіздеме мен жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу кезінде осы Заңның 12-бабы 2-тармағының 2) және 5) тармақшалары талаптарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға арналған қаражатты көздеуге;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      3-тармақты 2) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР 2012.01.25 N 548-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      Ескерту. 17-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      18-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы жануарлар


               дүниесін қорғау

      Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жануарлар дүниесiн қорғау Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


      Ескерту. 18-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      18-1-бап. Балық шаруашылығының ерекше құнды су айдындары


                 және (немесе) учаскелері

      1. Балық шаруашылығы үшін ерекше құнды маңызы бар, оларда шаруашылық және өзге де қызметтің реттелетін режимі белгіленетін су объектілері немесе олардың бөліктері, іргелес жағалау аумағымен шектеулі акваториялар (серуендеу орындары, қыстау шұңқырлары, уылдырық шашатын және жануарлар түрлерінің табиғи жағдайларда табиғи жолмен көбею орындары) балық шаруашылығының ерекше құнды су айдындары және (немесе) учаскелері болып табылады.


      2. Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін ерекше құндыларға жатқызу, олардың шекараларын белгілеу қағидасын Қазақстан Республикасының Үкіметі биологиялық сан алуандық негізінде бекітеді.
      Ескерту. Заң 18-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      19-бап. Жануарлар түрлерін жасанды түрде өсiру

      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Жануарлар түрлерін жасанды түрде өсiру:


      1) жануарлар түрлерін, оның ішінде бағалы, сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн сақтау және санын арттыру;
      2) ғылыми зерттеулер;
      3) жануарлар түрлерін интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру;
      4) жануарлар түрлерін кәсiпкерлiк қызметте пайдалану мақсатында жүзеге асырылады.
      2. Жануарлардың бағалы, сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн сақтау және олардың санын көбейту мақсатында оларды кейiннен мекендеу ортасына шығара отырып, жасанды түрде өсiру бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздердiң есебiнен жүзеге асырылады.
      3. Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерiмен халықаралық сауда туралы конвенцияның I қосымшасына түрлері енгiзiлген жануарлар, олар еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда өсiрiлген және әкiмшiлiк органында тiркелген жағдайларда ғана саудалау нысанасы бола алады.
      3-1. Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерiмен халықаралық сауда туралы конвенцияның II қосымшасына енгiзiлген, еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда өсiрiлген жануарлар түрлерi әкiмшiлiк органында тiркелген жағдайларда ғана саудалау нысанасы бола алады.
      4. Жануарлар түрлерін кәсiпкерлiк қызмет мақсатында жасанды түрде өсiру жеке және заңды тұлғалардың қаражаты мен Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да көздердiң есебiнен жүзеге асырылады.
      5. Қазақстан Республикасында ішкі және сыртқы рынокта сату үшін бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын бірыңғай таңбалау жүйесі белгіленеді.
      Бекіре тұқымдас балықтардың таңбаланбаған уылдырығын өткізуге жол берілмейді.
      6. Тірі күйінде бекіре тұқымдас балықтарды, олардың ұрықтандырылған уылдырығын (будандастырылған түрлерін қоспағанда) Қазақстан Республикасынан тысқары шығару Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жүзеге асырылады.
      Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      20-бап. Жануарлар түрлерін интродукциялау,


               реинтродукциялау және будандастыру, оларды
               Қазақстан Республикасына әкелу және
               Қазақстан Республикасынан әкету

      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Сирек кездесетiндерiн және құрып кету қаупi төнгендерiн қоспағанда, жануарлар түрлерін интродукциялау, реинтродукциялау мен будандастыруға, оларды Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге биологиялық негiздеме мен мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысына сәйкес уәкiлеттi органның рұқсаттары бойынша ғана жол берiледi.
      2. Сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiн интродукциялау, реинтродукциялау мен будандастыруға, оларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге биологиялық негiздеме мен мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысына сәйкес және уәкiлеттi органның ұсынымы негiзiнде Қазақстан Республикасы Yкiметінің шешiмi бойынша жол берiледi.
      Ескерту. 20-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      20-1-бап. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын


                 жерсіндіру

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Балықтарды және басқа да су жануарларын жерсіндіру мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алған биологиялық негіздеменің негізінде берілген уәкілетті органның рұқсаты бойынша жүргізіледі.
      2. Қазақстан Республикасында жануарлар дүниесінің биологиялық сан алуандығын сақтау мақсатында Қазақстан су айдындарының ихтиофаунасы үшін бөтен балықтар түрлерімен жерсіндіру жүргізуге тыйым салынады.
      Ескерту. Заң 20-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      21-бап. Жаппай ауыру, дүлей зiлзала кезiнде және


               басқа себептер салдарынан қырылу қаупi төнген
               жағдайларда жануарларға көмек көрсету

      1. Бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде жаппай ауыру, дүлей зiлзала кезiнде және басқа себептер салдарынан қырылу қаупi төнген жағдайларда жануарларға көмек көрсетудi аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілері, ал басқа алқаптар мен су айдындарында - Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдары жүзеге асырады. Аумақтың және оқиғаның маңыздылығына қарай аталған жағдайларда Қазақстан Республикасының Үкiметi мен халықаралық ұйымдар көмек көрсетуi мүмкiн.


      2. Қырылу қаупі бар су айдындарынан және (немесе) учаскелерінен балық аулауды қоспағанда, дүлей зiлзала аудандарындағы, сондай-ақ қырылу қаупi төнген жануарларды аулауға жол берiлмейдi.
      3. Балықтардың сөзсіз қырылуына әкеп соғатын қырылу қаупі туындаған және су объектілерін немесе оның бөліктерін ағымдағы балық шаруашылық мелиорациялауды жүргізу жолымен мұндай қауіпті болдырмау мүмкін болмаған жағдайларда уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелері ғылыми ұсынымдар негізінде балықтарды мелиорациялық аулау туралы шешім қабылдауға құқылы.
      4. Балықтың жаппай қырылуы анықталған кезде балық ресурстарын және басқа да су жануарларын құтқару жөніндегі барлық шаралар, оның ішінде балықтарды мелиорациялық аулау да қолданылуға тиіс.
      Ескерту. 21-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

      22-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және


               пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулер

      1. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулер:


      1) жануарлар дүниесiнiң жай-күйiн жыл сайын бағалау;
      2) жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң жай-күйiн ұдайы зерделеу;
      3) iндеттi жағдайды ұдайы зерделеу;
      4) халықаралық ғылыми-зерттеу бағдарламаларына қатысу;
      5) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормативтердi және ғылыми ұсынымдар әзірлемелерін негіздеу;
      6) биологиялық саналуандылықты сақтау жөнiндегi шараларды және жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi бағдарламаларды негiздеу;
      7) жануарлар дүниесi объектiлерiн қорғаудың, өсiмiн молайтудың және пайдаланудың құқықтық және экономикалық тетiктерiн әзірлеу;
      8) жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алу және оның кадастры, шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастыру мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттау мақсатында жүзеге асырылады.
      2. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулер бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да көздер есебiнен жүзеге асырылады.
      3. Бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы жергілікті маңызы бар су айдындарындағы және (немесе) учаскелерiндегi жануарлар дүниесiнiң жай-күйiн жыл сайын бағалау олар бекiтiлiп берiлген жеке және заңды тұлғалардың қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      4. Жануарлар дүниесiн ғылыми-зерттеу мақсаттарда пайдалану жылдың кез-келген уақытында және уәкілетті орган жануарлар дүниесiн пайдалануға берген рұқсаттар негізінде рұқсат етілген аң аулау құралдарымен жүзеге асырылады.
      Жануарлар дүниесi объектілерін ғылыми-зерттеулер үшін алып қою квотасын уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен жануарлар дүниесi объектілерін алып қою лимиті шегіндегі ғылыми-зерттеулер бағдарламаларына сәйкес бекітеді.
      Ескерту. 22-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

4-тарау. Жануарлар дүниесiн пайдалану

      23-бап. Жануарлар дүниесiн пайдалану

      1. Жануарлар дүниесiн пайдалану жалпы және арнайы пайдалану тәртiбiмен жүзеге асырылады.
      2. Жануарлар дүниесiнiң объектiлерi Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес пайдалануға берiледi.
      3. Жануарлар дүниесiн арнайы пайдалануға жануарлар дүниесi объектiлерiн және олардың тiршiлiк ету өнiмдерiн мекендейтiн ортасынан алу арқылы пайдалану жатады.
      4. Жануарлар дүниесiн жалпы пайдалануға жануарлар дүниесi объектiлерiн, сондай-ақ олардың пайдалы қасиеттерiн мекендейтiн ортасынан алмай пайдалану жатады.
      5. Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк орман қорының аумағында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда пайдалану Қазақстан Республикасының орман заңнамасы мен Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласы заңнамасының талаптары ескерiле отырып жүзеге асырылады. P031303
      6. Жануарлар дүниесi объектiлерiн биологиялық қару ретiнде пайдалануға тыйым салынады.
      Ескерту. 23-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      24-бап. Жануарлар дүниесiн пайдаланудың түрлерi

      Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар дүниесiн пайдаланудың мынадай түрлерiне жол берiледi:
      1) аң аулау;
      2) судағы омыртқасыз жануарлар мен теңiз сүтқоректiлерiн алып қоюды қоса алғанда, балық аулау;
      3) аң аулау мен балық аулау объектiлерiне жатпайтын жануарларды шаруашылық мақсаттарда пайдалану;
      4) жануарларды ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбиелiк және эстетикалық мақсаттарда пайдалану;
      5) жануарлардың пайдалы қасиеттерiн және тiршiлiк ету өнiмдерiн пайдалану;
      6) жануарлар түрлерінің өсімін молайту мақсаттарында пайдалану.
      Ескерту. 24-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      25-бап. Жануарлар дүниесiн пайдалану мерзiмдерi

      1. Жануарлар дүниесiн жалпы пайдалану үшiн пайдалану мерзімдері белгіленбейді.
      2. Жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану үшiн:
      1) аңшылық шаруашылығын жүргiзу кезiнде - он жылдан қырық тоғыз жылға дейiнгi;
      2) балық шаруашылығын жүргiзу кезiнде – бес жылдан қырық тоғыз жылға дейiнгi, ал қырылу қаупі бар су айдындарында және (немесе) учаскелерінде – бір жылдан бес жылға дейінгі мерзiмдер белгiленедi.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      2-тармақтың екінші бөлігіне өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 2012.01.25 N 548-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      Көрсетілген мерзімдер шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастырудың және балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттаудың, аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беруге арналған конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарының, аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерін дамыту жоспарларының негiзiнде конкурстық комиссия айқындайтын аңшылық алқаптарды, балық шаруашылығы және қырылу қаупі бар су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру кезеңiне қарай белгіленеді.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінде тізбеленбеген жануарлар дүниесін пайдалану түрлеріне арналған жануарлар дүниесiн пайдалану мерзімдері бір жылдан аспайды.
      Ескерту. 25-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      26-бап. Жануарлар дүниесiн пайдалануға беру

      1. Жануарлар дүниесi арнайы пайдалануға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен берiлетiн жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған рұқсаттар негiзiнде берiледi.
      1-1. Алынып тасталды - ҚР 2011 жылғы 15 шілдедегі № 461-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      1-2. Рұқсат беруден:
      1) өтінімде көрсетілген мәліметтерді толық көлемде бермеген;
      2) өтінімде көрсетілген мәліметтер дұрыс болмаған;
      3) мемлекеттік экологиялық сараптаманың теріс қорытындысы болған не ол болмаған жағдайларда бас тартылады.
      1-3. Аулаған жері туралы анықтаманы балықтардың және басқа да су жануарларының ауланған жері бойынша өтініш беруші жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат алуға ұсыным жасаған кезде уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері өтініш түскен сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде береді.
      Жасанды жағдайларда өсірілген балықтар мен басқа да су жануарлары үшін аулаған жері туралы анықтама жасанды өсірілгендігін растайтын құжаттар ұсынған кезде беріледі.
      Аулаған жері туралы анықтама жазуға жануарлар дүниесi объектілерін алып қоюдың белгіленген лимиті және жасанды өсірумен айналысатын ұйымның жобалық қуаты шегінде рұқсат етіледі.
      2. Жануарлар дүниесiн жалпы пайдалану қандай да бiр рұқсатсыз жүзеге асырылады.
      Ескерту. 26-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.01.09 N 213, 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), ҚР 2011.07.15 № 461-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      27-бап. Жануарлар дүниесiн пайдаланушылардың


               құқықтары мен мiндеттерi

      1. Жануарлар дүниесiн пайдаланушылар арнайы пайдалану кезiнде:


      1) жануарлар дүниесiнiң өздерiне рұқсат етiлген түрлерiн ғана пайдалануды жүзеге асыруға;
      2) жануарлар дүниесi объектiлерiн оларды беру шарттарына сәйкес пайдалануға;
      3) ауланған жануарлар дүниесi объектiлерiн, оның ішінде аң аулау және балық аулау олжаларын және бұл ретте алынған өнiмдi меншiктенуге, сондай-ақ оларды тасымалдауға және сатуға;
      4) алып тасталды - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      5) жануарлар дүниесін пайдалану үшiн жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасуға;
      6) белгіленген сервитутқа сәйкес аңшылық және балық шаруашылықтарының мұқтаждарына арналған уақытша құрылыстар салуға;
      7) аң-құсты өсіруді жүзеге асыруға құқығы бар.
      2. Жануарлар дүниесiн пайдаланушылар арнайы пайдалану кезiнде:
      1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын сақтауға;
      2) жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген тәртiппен уақтылы төлемдер жасауға;
      3) шаруашылықiшiлiк аңшылық ұйымдастыруды жүргiзуге;
      4) балық шаруашылығын ұйымдастыруды жүргiзуге;
      5) жануарлар мекендейтiн ортаның нашарлауына жол бермеуге;
      6) жануарлар дүниесiн халық пен қоршаған ортаға қауiпсiз, табиғи үйiрлер тұтастығының бұзылуына және жануарларға қатысты қатыгездiкке жол берiлмейтiн тәсiлдермен пайдалануға;
      7) жануарлар дүниесiнің пайдаланылған объектiлерiнiң санын жыл сайын есепке алуды жүргiзуге және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен есептiлiктi табыс етуге;
      8) жануарлар дүниесi объектiлерiн, оның iшiнде сирек кездесетiн және құрып кету қауіпі төнгендерiн қорғау мен олардың өсімін молайтуды қамтамасыз етуге және олардың санының азаюына жол бермеуге;
      9) шаруашылықішілік аңшылықты ұйымдастыруға және балық шаруашылығын ұйымдастыруға сәйкес жануарлар дүниесi объектiлерiнiң өсiмiн молайтуды қамтамасыз ететiн қажеттi iс-шараларды жүргiзуге;
      10) осы Заңның 49-бабына сәйкес жүргiзiлетiн, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын мемлекеттiк бақылау және қадағалау мақсатында тексерудi жүзеге асыруға кедергi жасамауға;
      11) мыналарды жүзеге асыру үшін:
      бақылау үшін аулауды - уәкілетті органға;
      ғылыми-зерттеу үшін аулауды - жеке және заңды тұлғаларға;
      әуесқойлық (спорттық) балық аулауды – жеке адамдарға;
      әуесқойлық (спорттық) аң аулауды – жеке адамдарға сервитут беруге;
      12) уәкілетті органмен келісім бойынша биологиялық негіздеменің негізінде бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдынында және (немесе) учаскесінде балық шаруашылық мелиорациясын, балық ресурстарының және басқа да су жануарларының кәсіпшілік қорының деректерін жыл сайын түзетуді жүргізуге;
      13) аншлагтар орнатуға;
      14) әрбір балық шаруашылығы су айдынында және (немесе) учаскесінде, кемеде (балық аулайтын және көліктік), қабылдау пунктінде, бригадада немесе звенода балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналын (кәсіпшілік журналын) жүргізуге және уәкілетті органның лауазымды адамдарының талабы бойынша оны ұсынуға;
      15) жеке және заңды тұлғалардың жануарлар дүниесін пайдалануға жасасқан барлық шарттарын уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімде уәкілетті органда тіркеуге, оларды бұзу туралы ақпаратты табыс етуге;
      16) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімде, оған балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулап алу, су айдынындағы кәсіпшілік жағдай, уәкілетті орган бекіткен нысандарға сәйкес берілген жолқұжаттар туралы мәліметтер беруге;
      17) қоршаған ортаға эмиссияны жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес экологиялық рұқсат алуға;
      18) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормаларға және қағидаларға сәйкес қорықшыларды қызметтік қару-жарақпен, көлік, байланыс құралдарымен, айырым белгілері бар арнайы киіммен, қорықшының төс белгісімен, қорықшының куәлігімен қамтамасыз етуге;
      19) өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға;
      20) жеке адамдарға олардың ауызша және жазбаша өтініштері бойынша әуесқойлық (спорттық) аң аулауға және әуесқойлық (спорттық) балық аулауға жолдама беруге;
      21) аңшылық шаруашылығының ішкі регламентін бекітуге міндетті.
      3. Жануарлар дүниесiн пайдаланушылар жалпы пайдалану кезiнде жануарлар дүниесi объектiлерiн өздерiнiң мәдени және эстетикалық қажеттерiн қанағаттандыру үшiн пайдалануға құқығы бар.
      4. Жануарлар дүниесiн пайдаланушылар жалпы пайдалану кезiнде:
      1) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдарының талаптарын сақтауға;
      2) жануарлар мекендейтiн ортаның нашарлауына жол бермеуге;
      2-1) өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға;
      3) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жануарлар дүниесiн қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөнiндегі өзге де талаптарды орындауға мiндеттi.
      5. Жануарлар дүниесiн пайдаланушылардың қызметiне мемлекеттiк органдар, лауазымды адамдар мен ұйымдар тарапынан заңсыз араласуға тыйым салынады.
      Ескерту. 27-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      28-бап. Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы

      1. Жануарлар дүниесiн жалпы пайдалану ақысыз жүзеге асырылады.
      2. Жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес ақылы негiзде жүзеге асырылады.

      29-бап. Жануарлар дүниесiн пайдалану үшiн лимиттер


               мен квоталар

      1. Жануарлар дүниесi объектілерін алып қою лимитi - жануарлар дүниесi объектілерін олардың табиғи өсiмi мен саны сақталатын жағдайда алып қоюдың жол берiлетiн шектi көлемi.


      Жануарлар дүниесi объектілерін алып қою лимитi олардың өткен жылдағы санының есеп материалдары, жануарлар дүниесi объектiлерiнiң және олар мекендейтiн ортаның мониторингi, ғылыми зерттеулер негiзiнде дайындалған биологиялық негіздемеге сәйкес белгiленедi және оны мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.
      Бiрнеше мемлекеттердiң аумақтары бойымен өрiс аударатын немесе мемлекетаралық маңызы бар су айдындарын мекендейтiн жануарлар дүниесi объектілерін алып қою лимитi халықаралық шарттардың негiзiнде, ал олар болмаған жағдайда - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен айқындалады.
      Жануарлар дүниесi объектілерін алып қою лимитi ағымдағы жылдың 15 ақпанынан бастап келесі жылдың 15 ақпанына дейінгі кезеңге белгіленеді.
      2. Жануарлар дүниесi объектілерін алып қою квотасы – уәкілетті орган аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілері үшін аңшылар мен аңшылық шаруашылығының субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын, сондай-ақ балық аулаушылар мен балық шаруашылығының субъектілері қоғамдық бірлестіктерін қатыстыра отырып белгілеген жануарлар дүниесi объектілерін алып қою лимитiнің бөлігі.
      Балықтың жаппай қырылуына қарсы іс-шара ретінде жүзеге асырылатын мелиорациялық аулау жолымен алып қойылған балықтың көлемі, балық аулаудың жалпы лимитіне кірмейді.
      Ескерту. 29-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      30-бап. Жануарлар дүниесiн пайдалану құқығын тоқтатудың


               негiздерi

      Жануарлар дүниесiн пайдалану құқығы:


      1) жануарлар дүниесiн пайдаланудан өз еркiмен бас тартқан;
      2) жануарлар дүниесiн пайдалану мерзiмi өтiп кеткен;
      3) жануарлар дүниесiн пайдаланушының қызметi тоқтатылған;
      4) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, олардың өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдарының талаптарын, сондай-ақ аңшылық шаруашылығын немесе балық шаруашылығын жүргiзу шарттарының талаптарын жүйелi түрде бұзған;
      5) аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерi бекiтiлiп берiлген жер учаскелерiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк қажеттiлiктер үшiн алу;
      6) жануарлар дүниесiн арнайы пайдалануға берiлген рұқсаттар жойылған;
      7) алып тасталды - ҚР 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      Ескерту. 30-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      31-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және


               пайдалану саласындағы нормативтер

      1. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормативтер жануарлар дүниесiнiң сақталуын, мекендеу ортасы мен оның орнықты пайдаланылуын қамтамасыз ету үшiн қажеттi жол берiлетiн шектi сандық және сапалық көрсеткiштердiң мәнiн айқындайды.


      2. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормативтер ғылыми зерттеулер негiзiнде белгiленедi, шаруашылық және өзге де қызметті жоспарлау мен жүргiзу, жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы ic-шараларды жүргiзу кезiнде мiндеттi болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет