Жануарлар мен өсімдіктердің экологиялық байланысы



бет2/3
Дата10.09.2023
өлшемі41.52 Kb.
#477027
1   2   3
Жануарлар мен өсімдіктердің экологиялық байланысы

зоохория деп аталады. Қазақстанның далалық белдеуінде кең таралған селеу, түйетікен, кәріқыз т.б. көптеген өсімдіктің тұқымы күзде пісіп жетілген кезде тікенектері арқылы малдың және көптеген жануарлардың жүніне жабысып алыс мекендерге таралады. Өсімдіктің тұқымымен қоректенетін құстар мен сүтқоректі жануарлар жеген тұқымын түгелімен шайнап ұсақтамай жұтады. Шайналып ұсақталмаған тұқым қорытылмайды, бүтін күйінде жануарлардың нәжісімен араласып сыртқа шығады. Осындай жолмен өсімдіктің тұқымын тарататын құстарға жеміс піскен кезде жеміспен қоректенетін, бірақ жемістің сыртқы шырынын қорытып, ішіндегі тұқымын қорытпай бүтіндей сыртқа шығаратын қарға, сауысқан, таған тәрізді қорек талғамайтын құстарды атауға болады. Олар өсімдіктің тұқымымен қоректенуге бейімделмегендіктен оны қорытпайды. Тұқыммен қоректенуге бейімделген әртүрлі торғайлар тұқымды толық қорытатындықтан тұқымның таралуына рөлі аз. Жануарлардың асқорыту жүйесі арқылы өтіп сыртқа шыққан тұқым көктеп даму қабілетін толық сақтап қана қоймай, кей жағдайда даму қабілеті жануарларға жұтылмаған тұқымнан артық болатыны анықталған. Мысалы, таған деп аталатын ақтұмсық қарғаның жеген беденің тұқымының үштен бірі көктеп дамуға толық қабілетті қалпында сыртқа шығарылатыны анықталған. Сұраюдың нәжісімен бірге сыртқа шыққан балдырғанның тұқымының көктеп шығу қабілетін бұл өсімдіктің өзінде өсіп тұрған тұқымның көктеп шығу қабілетімен салыстыру үшін екеуін бірдей жағдайда егіп тәжірибе жасаған. Сонда өсімдіктен жинап алған тұқымның көктеп даму қабілеті – 38%, ал сұраюдың нәжісінен теріп алынған тұқымның көктеп даму қабілеті – 65% болып аюдың асқорыту жүйесіндегі әртүрлі сөлдер тұқымның өсіп дамуы қабілетін жоғарылататыны айқындалған.
Жемісі арқылы өсімдіктер әртүрлі жануарларды өзіне қызықтырып тартуының өзінде тұқымын сол жануарлар арқылы таратуға бағытталған бейімделушілік қасиеті бар. Жеміс жейтін жануарлар оның тұқымын қорытпайды.
Жеті түрлі құстың саңғыруынан теріп алынған ұрықтың өсіп-өну қарқынын тәжірибе жүргізу арқылы зерттеп көргенде қай-қайсысының өсіп шығу қабілеті жақсарып және даму қарқыны өсетіндегі дәлелденген.
Тиін, боршатышқан, жорға торғай және басқа да кейбір жануарлар қыста жеу үшін өсімдіктің тұқымын ініне немесе жерге көміп жинайды. Қыста жегеннен артылған тұқым келесі көктемде жинаған жеріне бітік өсіп таралады.
Имек итошағанның тікенекті жабысқақ тұқымы кейбір қосмекенділер арқылы, көптеген өсімдіктің тұқымы тасбақаларға жабысып таралатындығы белгіленген.
Құмырсқа, термиттер илеуіне әртүрлі өсімдіктің тұқымын, дәнін тасып әкеліп қоректенеді. Бірақ тұқымның құрамындағы жасұнықты (клетчатка) ыдыратып қорытуға олардың ас қорыту жүйесіндегі ферменттердің дәрмені жетпейтіндіктен илеуіне саңырауқұлақ өсіреді. Илеуде өскен саңырауқұлақ тұқымның жасұнығын ыдыратып жұмсартады да құмырсқа, термиттердің жегеніне жарамды болады. Мысалы Atta туыстығына жататын құмырсқалар Rhzites тәріздес саңырауқұлақтың, термиттер Monilia саңырауқұлақтардың спорасын илеуіне тасып әкеліп «егетіні» анықталған.
Өсімдіктің тұқымын алыс аймақтарға таратуда жыл құстарының маңызы зор. Ұшқат итшомырт, шәнкіш, аюбадам, бүлдірген қатарлы өсімдіктердің жемісімен қоректенетін жыл құстары күзде қайтқан кезде олардың тұқымын географиялық бір белдемнен екінші белдемге, құрлықтың бір бөлігінен екінші бөлігіне таратып өсімдіктің таралу аймағының шеңберін кеңейтеді. Жоғары сатылық саңырауқұлақтардың спорасының сыртқы қабығы өте берік, олар ас қорыту ферменттерінің әсеріне ыдырап ерімейтіндіктен саңырауқұлақтың жемісті денесімен қоректенген жануарлардың ас қорыту жүйесінен өткенде қорытылмай нәжісімен бірге сыртқа шығады. Саңырауқұлақтың жемісті денесін таңдап жейтін тиін, қоян, бұғы, ұсақ кеміргіштер қатарлы жануарлар саңырауқұлақтың таралуына үлкен ықпалын тигізеді.
Өсімдіктің тозаңдануына жануарлардың маңызы орасан зор. Жануарлар гүлдің тозаңын жеп азайтуы өсімдікке аздаған зиян келтірсе де, оның орасан зор пайдасы да бар.
Тозаңмен және гүлдің шірнесімен (нектар) қоректенетін алуантүрлі жәндіктер бір гүлдің тозаңын екінші гүлге тасымалдап, өсімдіктің айқас тозаңдануын жүзеге асырады. Айқас тозаңданудың нәтижесінде өсімдіктің гетерозиготтылығы(генетикалық әртүрлілігі) қамтамасыз етіліп, ортаның факторларының өзгерісіне бейімделу қабілеті жақсарады. Өсімдіктердің тарихи даму кезеңінде шірнелік без қалыптасуы өсімдікке де, жәндікке де пайдалы, ынтымақты тіршіліктің бір түрі деп көруге болады: қоректік сапасы жоғары, сіңімділігі мол шірнемен қоректену жәндіктер үшін пайдалы, ал осылай қоректену арқылы айқас тозаңдану жүзеге асырылатындығы өсімдікке пайдасын тигізеді.
Өсімдіктің айқас тозаңдануын жүргізуге қатысатын жәндіктердің түрі өте көп. Жәндіктер арқылы айқас тозаңдану көрінісі энтомофилия деп аталады. Өсімдіктің жәндіктер арқылы тозаңдануға бейімделгені соншалық өсімдіктің гүлінің құрылысына жәндіктің аузының құрылысы дәлме-дәл сәйкес келеді.
Өсімдіктердің гүлінің қандай түсті болуы да қандай жәндікпен тозаңдануына сәйкес болатыны дәлелденген. Гүлдің түсі мен пішініне қарай әртүрлі жәндік өзінің шірне жинайтын гүлдерін басқа гүлден ажыратып таниды. Сондықтан да әртүрлі өсімдік белгілі бір топтың жәндіктерімен тозаңдануға бейімделген: жоңышқа көбінесе балара арқылы, беде түктіара арқылы тозаңданады. Ал темекі, сүйсін (Orchis) және басқа да көптеген өсімдіктің гүлі түтікше тәріздес ұзын болғандықтан олар тұмсығы ұзын көбелектер арқылы тозаңданады. Күрделігүлділер, раушангүлділер және сарғалдақ тұқымдастардың гүлі ашық, шірнесі мен тозаңын жеуге, жинауға оңай болғандықтан бұндай өсімдіктерді шыбындар, жарғаққанаттылар, қоңыздар тәрізді көптеген жәндік тозаңдандыра алады.
Өсімдіктің тозаңы көбінесе жәндіктің денесіне жабысу арқылы бір өсімдіктен екіншісіне тасымалданады. Ал, аралардың аяғында немесе құрсағында тозаң жинайтын арнаулы жабдығы болады.



zzzaltai.ru
РЕКЛАМА




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет