Сүттенетін сүт безінің құрылысын, сүттенбейтін кезеңдегі құрылыммен салыстырып, айырмашылықтарын сипаттаңыз.
Эндотелиохориалды қағанақ қандай малдарда кездеседі? Оның тосқауылын түзетін құрамбөліктерін баянда.
Жасуша тұрақты қосындыларының құрылысы, атқаратын қызметтері.
Амфибий ұрығының даму сатыларына салыстырмалы-эмбриологиялық шолу жаса.
Лимфа түйіндерінде қандай қан жасушалары дамып, жетіледі?
Жасушаның электронды микроскоптағы құрылымы. Цитоплазманың құрамы, жасуша тіршілігіндегі рөлі.
Ас қорыту жүйесінің құрылымы, жалпы сипаттамасы. Өңештің гистологиялық құрылысы, қызметі.
Сперматогенез бен овогенездің ұқсастығы және айырмашылықтары.
Тұрақсыз қосындылар қалай жіктеледі? Олардың тұрақты қосындылардан айырмашылығы неде?
Сілекей бездерінің құрылысы, қызметі. Олар қандай құрылым белгілеріне қарап, сірлі, кілегейлі-сірлі, кілегейлі болып бөлінеді?
Эпителий ұлпасының жалпы морфологиялық белгілері, құрылымдық және қызметтік жіктелуі.
Жасуша дегеніміз не (анықтамасы)? Жасуша организмнің негізгі пайда болу, құрылым, даму бірлігі екенін түсіндір.
Жануарлар организміндегі жасушалардың түрі, көлемі қандай?
Өңеш, алдыңғы қарын және қарын қабырғаларының құрылысындағы ұқсастықтарды, ерекшеліктерді көрсетіңіз.
Құс ұрығының дамуындағы ерекшеліктер неде? Оның кезеңдері, қауіпті сатылары.
Ядро жасушаның негізгі бөлігі. Оның құрылысы, химиялық құрамы және негізгі құрамбөліктерінің атқаратын қызметі.
Ащы және тоқ ішектер қабырғаларының құрылысындағы ерекшеліктерді көрсетіңіз. Олар неге байланысты?
Жүйке ұлпасы, оның құрылысы, қызметі.
Нейрондар, нейроглия, жүйке талшықтары, ұштары.
Түйіспе (жалғама, синапс), оның жіктелуі.
Симпласт, жасуша аралық зат дегеніміз не? Жануар организміндегі симпласты атаңыз.
Сүтқоректілер ұрығының даму сатылары, ерекшеліктері, қауіпті кезеңдері.
Қағанақ түрлері, олардың қалыптасуы, құрылысы, қызметі.
Бүйрекүсті бездің құрылысы, қызметі, дамуы.
Жасушаға қатты және сұйық заттар қандай жолдармен өтеді? Ондағы цитолемманың рөлін түсіндіріңіз.
Шеміршек, оның организмдегі түрлері, орналасқан жері, құрылысы, қызметі.
Жатырдың кілегейлі қабығы қандай қабаттардан тұрады, ол қандай эпителиймен төселген?
Клеткалық циклдің қай кезеңінде профаза, метафаза, анафаза, телофаза сатылары болады? Олардың әрқайсысына сипаттама бер.
Жұмыртқаклеткасының құрылысы және овогенез.
Қан түзетін ағзалардың жалпы сипаттамасы.
Сүйек кемігінің құрылысы, қызметі, оның қан түзуімен байланысы.
Жасушалардың бөлінуі. Митоз, амитоз, мейоздарды сипатта.
Ащы ішектің гистологиялық құрылысы, қызметі. Ас қорытудағы ішек бүрлерінің рөлін баяндаңыз.
Он екі елі ішек құрылысының ерекшеліктері.
Эпителиохориалды қағанақ қандай малдарда кездеседі? Оның тосқауылын түзетін құрамбөліктерін баянда.
Жасушалардың тіршілік әрекеттері: заттек алмасу, тұзінді бөлу, тітіркенгіштік, қозғалуы, өсуі, дамуы және жетілуі (нақтылануы).
“Ұлпа” дегеніміз не? Ұлпалардың жіктелуі.
Зәр шығару жүйесінің жалпы сипаттамасы. Нефронның құрылысы және қызметі.
Жасуша қабығы (плазмолемма). Жасушаның электронды микроскоптағы құрылысы, жасуша қабығының заттек алмасуындағы рөлі.
Борпылдақ дәнекер ұлпа, оның құрылысы, қызметі, дамуы, орналасқан жері.
Тамырлар жүйесі туралы түсінік. Тамырлардың гистологиялық құрылысы.
Гольджи аппараты қандай қызметтер атқарады?
Дәнекер ұлпаның жалпы сипаттамасы, жіктелуі және дамуы.
Жүйке жүйесі туралы түсінік. Ол қандай ұрық жапырақшалардан дамиды?
Бас миы мен жұлынның ақ және сұр заттарын не түзеді?
Жұмыртқаклетка қандай белгілеріне байланысты жіктеледі, олар қалай деп аталады?
Сүйек қабығы неден тұрады және оның маңызы неде?.
Эндокринді бездерге қандай бездер жатады? Оларды атап, әрқайсысына жалпы сипаттама беріңіз.
Кезеңаралық (интерфаза) жасуша ядросының құрылымы қандай, олар митозда қалай өзгереді?
Қағанақ дегеніміз не? Оны қандай белгілеріне байланысты шашыраңқы, ыдысша, шеңбер (сақина), диск тәрізді деп бөледі.
Бауыр, оның бөліктерінің гистологиялық құрылысы.
Гистологиялық препарат дегеніміз не? Ол қандай талаптарға сай болуы керек, оларға қалай жетуге болады?
Қан. Қан жасушаларының құрылымдық, қызметтік сипаттамасы.
Жұлынның дамуы, гистологиялық құрылысы және қызметі.
Жұмыртқаклеткасының қосымша қабықтарын атап, олардың атқаратын қызметтерін түсіндіріңіз.
Бұлшық ет ұлпасының сипаттамасы, жіктелуі.
Бірыңғай салалы бұлшық еттің орналасқан жері, құрылысы, қызметі, дамуы.
Көздің гистологиялық құрылысы. Көз тор қабығының нейрондық құрамы.
Сперматозоид, еннің құрылысы және сперматогенез.
Лейкоциттер, олардың жіктелуі, құрылысы, қызметтері.
Есту және тепе-теңдік сақтау ағзаларының гистологиялық құрылысы. Оралма (кортиев) ағза.
Овуляция дегеніміз не? Сары тін неден дамиды, оның маңызы неде?
Гипофиз қандай екі ұрық жапырақшалардан дамиды, не себепті ол эндокринді жүйенің орталық ағзасы болып есептеледі.
Ағза дегеніміз не? Оны не түзеді?
Рефлекторлық доға дегеніміз не? Оның құрамына қандай нейрондар кіреді?
Гаструляцияның түрлері. Омыртқалылардың ұрық жапырақшалары қалай түзіледі?
Білікті ағзалардың қалыптасуы.
Бүйректің микроскопиялық құрылысы.
Амитоз қалай жүретінін сипатта.
Жұмыртқалық. Оның овогенезге, дене қуысына шығуына, бітеуөзек (атрезияға), сары тіні құрылуына байланысты, гистологиялық құрылысы.
Жұлындық (арқа) түйіндердің құрылысын түсіндіріп, олардың дербес жүйке түйіндерінен айырмашалықтарын көрсетіңіз.
Жетілген жыныс жасушаларының дене жасушаларынан айырмашылығы неде?
Ұрық жолы мен жатыр қабырғасының қабықтарын ата. Олар қандай ұлпалар мен қабаттардан тұратынын көрсет.
Ұйқы безі. Оның экзокринді және эндокринді бөліктерінің гистологиялық құрылысы.
Жарық микроскоптың құрылысы қандай?
Кеңірдек, ауатамыршалары кілегейлі қабығының гистологиялық құрылысы.
Гемохориалды қағанақ қандай сүтқоректілерде болады? Оның тосқауылын түзетін құрамбөліктерін баянда.
Қандай құрылым құрамына ДНҚ, РНҚ кіреді?
Гетерохроматин, эухроматин дегеніміз не?
Сомиттер дегеніміз не? Онда мезодерма қандай бөлімдерге жіктеледі?
Ен құрылысының сызбасы қандай?
Жасушада түзінділердің (секреттердің) түзілуіне, олардың тасымалдануына қатынасатын тұрақты қосындыларды атаңыз.
Сары уыз мөлшеріне байланысты жұмыртқаклетка қалай және қандай түрлерге жіктеледі?
Жұмыртқа клеткасының құрылысы қандай?
Сүт безінің гистологиялық құрылысы. Сүт түзілу механизмі.
Қандай тұрақты қосындылар майлар мен көмірсулардың түзілуіне қатынасады?
Бөлшектену, оның түрлері, ұрық дамуына орта жағдайларының тигізетін әсері.
Сүйек кемігінде қандай қан жасушалары түзіледі?
Десмохориалды қағанақ дегеніміз не? Расында да ол ұсақ және ірі қара малда бола ма?
Эпителий, жалпы сипаттамасы, ерекшеліктері, жіктелуі.
Безді эпителий. Түзінділер түзу туралы түсінік. Бездердің жіктелуі.
Қан түзетін ағзаларды атап, оның негізінде қандай ұлпа жататынын баянда.
Алғашқы микроскопты кiм және қай ғасырда құрастырды?
Тұңғыш микроскоп құрушыларды атаңыз. Олардың рөлi қандай?
А. Левенгук қай кезде өмiр сүрдi, қандай микроскопиялық зерттеулер жүргiздi?
Қандай зерттеулер К.Ф. Вольф, А.М. Шумлянский, К.Э. Бэр аттарымен байланысты?
Преформизм дегенiмiз не, оның маңызы неде?
Қазақстанда алғашқы микроскоптар қашан пайда болды?
Қазақстанда алғашқы жүйелi гистологиялық зерттеулер қашан және қай жерде басталды? Олардың бағыттарын сипаттаңыз.
115. Сперматозоидтың құрылысы мен қызметiн баяндаңыз. Акросома дегенiмiз не? Оның атқаратын рөлi қандай?
116. Омыртқалы жануарлардың жұмыртқа жасушалары қандай белгiлерi бойынша олиголецитальдық, мезолецитальдық және полилецитальдық, сондай-ақ изолецитальдық және телолецитальдық болып бөлiнедi?
117. Құс ұрығының дамуындағы ерекшелiктер неде? Құс ұрығының дамуында қандай кезеңдер болады?
118. Құс жұмыртқасының құрылысы қандай?
119. Амфибластуланың целобластуладан өзгешелiгi неде? Амфибий гаструляциясы қандай әдiстермен iске асады?
120. Амфибий ұрығының дамуындағы негiзгi кезеңдердi атаңыз?
Достарыңызбен бөлісу: |