таяқшалар және сауытшалар қабаты - фотоқабылдағыш жасушалардың шеткi өсiндiлерiнен тұрады. Шеткi өсiндiлер сыртқы, iшкi сегменттерден тұрады. Таяқша сыртқы сегментi жұқа, ұзын, цилиндр тәрiздi, сауытшада ол қысқа, конус тәрiздi болады. Iшкi сегмент пiшiнi, көлемiмен ерекшеленедi, сауытшада ол қалың болады. Сауытшаның үш түрiн ажыратады, олардың әр қайсысында әр түрлi қызыл, жасыл, көк көру бояутегiнiң бiреуi ғана болады. Iшкi сегментте негiзгi тұрақты қосындылар кездеседi. Екi сегменттiң қосылған жерiн - аяғы деп атайды. Ол электронды микроскопта кiрпiкше тәрiздi 9 жұп талшықтардан тұрады, орталық жұбы болмайды. Таяқша, сауытша сыртқы сегментерiнде кездесетiн көп тегерiштерде көру бояутектерi сақталады. Тегерiштердiң ара қашықтығы бiрдей, орташа 30 нм тең. Олардың саны әр түрлi омыртқалыларда өзгермелi, бақада 1000-1500, бұқада - 200 болады. Омыртқалалар таяқшаларында опсин белогiн, А витаминi альдегидiн–ретиналды сақтайтын көру бояутегi - родопсин жақсы зерделенген. А витаминi жетiмсiздiгiнен көз көру қабылетi төмендеп, «ақшам соқырлығына» жеткiзедi. Сауытшада иодопсин көру бояутегi бары анықталды. Түстi ажыратпаушылық сауытшаның бiреуi, немесе бiрнеше түрiнiң жоқтығымен баяндалады;
сыртқы шекаралық қабат - фотосезгiш қабатты сыртқы түйiршiктi (ядролы) қабаттан бөлетiн қоңыр жолақ. Мюллер жасушасының сыртқы өсiндiлерi тармақталуынан құрылады. Бұл өсiндiлер фотоқабылдағыш жасушаларымен байланыста болады;
сыртқы түйiршiктi (ядролы) қабат - таяқша, сауытшалар (нейросезгiш жасушалары) денелерiнен, олардың домалақ ядроларынан тұрады; сыртқы торлы қабат - таяқшалар және сауытшалардың iшкi сегменттерi биполярлы, көлденеңдi жасушалар дендриттерiмен байланысуынан түзiледi;
iшкi түйiршiктi (ядролы) қабат - биполярлы, амакриндi, көлденеңдi, мюллер жасушалары ядроларынан құралған;
iшкi торлы қабат - биполярлы, түйiндi, амакриндi жасушалар арасында түйiспе түзiлуiнен пайда болады;
ганглиондық (түйiндiк) қабат - ганглиондық жасушалар денелерiнен құралады;
жүйке талшықтарының қабаты - көру жүйкесiн құратын ганглиондық жасушалар аксонынан тұрады;
iшкi шекаралық қабат - мюллер жасушаларының негiзiнен, олардың негiзгi жарғағынан құралған.
Көру талдағышын (анализатор) мына нейрондар құрады: биполярлы; ганглиондық (көру төмпегiне барады); көру төмпегiндегi иiндi дене; бас ми қыртысындағы пирамида қабаты.
Есту, тепе-теңдiк сақтау ағзасына құлақ жатады. Құлақ орналасуына, қызметiне байланысты: дыбыс тербелiсiн ұстайтын - сыртқы, дыбыс толқынын ұлуда шеткi сарысу сұйықтық (перилимфа) тербелiсiне айналдыратын-ортаңғы, перилимфа тербелiсiн жүйке тiтеркенiсiне айналдыратын - iшкi бөлiмдерден тұрады. Тепе-теңдiк сақтау ағзасы iшкi құлақта орналасқан.
Сыртқы құлақ - құлақ қалқанынан, сыртқы есту жолынан тұрып, дабыл жарғағымен аяқталады. Құлақ қалқаны - рупор тәрiздi терi қатпары, шаштармен жабылған, құрамында эластин шемiршегi, өте көп бұлшық ет болады. Жылқы, ит құлақ қалқанында бұлшық ет жақсы дамыған. Құлақ қалқаны негiзiнде май жастығы орналасады. Сыртқы есту жолы құлақ қалқаны негiзiнен басталып, басында шемiршек тәрiздi, кейiн тастай бөлiк құрамына кiретiн сүйек түтiкшесi болады. Кiлегейлi қабығы, құлақ қалқаны негiзi көп қабатты жайпақ эпителиймен жабылған. Есту жолы терiсiнде май және түрi өзгеше тер бездерi болады. Бұл бездер аралас өнiм-құлық бөледi, ол сыртқы құлақтың ластануына кедергi жасайды.
Ортаңғы құлақ дабыл қуысынан, iшiндегi есту сүйекшелерiнен - балғаша, төс, үзеңгiше және есту түтiгiнен тұрады. Құстарда тек жалғыз есту сүйекшесi болады. Дабыл қуысы - самай сүйегi iшiнде түрi дұрыс емес кеңiстiк, латеральды шегi - дабыл жарғағы, медиальды - iшкi құлақтың сүйек қабырғасы есептелiнедi. Ортаңғы құлақты iшкiсiнен бөлiп тұратын қабырғада екi тесiк, терезе (сопақ, дөңгелек) болады. Сопақ тесiк дабыл қуысын ұлу теңдiктi сездiру сатысынан бөлiп тұрады. Ол үзеңгiше тақташасы және байламымен жабылған. Дөңгелек тесiк дабыл қуысын ұлу дабыл сатысынан бөлiп, талшықты жарғақпен жабылады. Есту сүйекшелерi - балғаша, төс, үзеңгiше тұтқалар жүйесi болып келедi, дабыл жарғағынан тербелiстi сопақ тесiкке берiп, тақташа сүйек ұлпасынан тұрады. Буын беттерi шемiршекпен, сырты бiр қабатты жайпақ эпителиймен жабылған, ұсақ көлденең жолақты бұлшық еттермен байланысқан. Есту (евстахиев) түтiгi дабыл қуысын аран қуысымен қосады. Түтiктiң дабыл қуысы бөлiгiнде жатқан жағы сүйек ұлпасынан, жұтқыншаққа жақын жағы шемiршектен тұрады. Есту түтiгi кiлегейлi қабығы бiр қабатты көп реттi жыпылықтағыш эпителиймен жабылған, онда құты тәрiздi жасушалар болады. Меншiктi қабатта эластин талшықтары торы, қойда кiлегейлi, немесе аралас бездер жақсы дамыған. Жылқы есту түтiгi томпайып, қалтарыс құрып, iш жағы көп реттi жыпылықтағыш эпителийi бар кiлегейлi қабықпен жабылады. Есту түтiгi арқылы ортаңғы құлақ дабыл қуысында ауа қысымы реттеледi.
Iшкi құлақты сүйектi, оның iшiнде орналасқан жарғақты шытырмандар құрады. Сүйектi шытырман - самай сүйегiндегi қуыстар жүйесi. Сүйек қабығы жарғақты шытырманмен жұқа дәнекер ұлпа арқау торымен қосылған. Ол шеткi сарысу бостығында жатады, онда шеткi сарысу (иондық құрамымен жасушадан тыс сұйықтыққа ұқсас, бiрақ өте аз белогi болады) айналып жүредi. Жарғақты шытырман екi кең - дөңгелек (қапшық), сопақша (маточка) көпiршiктен тұрады, олар енсiз өзектермен қатынасады. Сопақша көпiршiк үш жарты шеңбер жолымен байланысып, өзара перпендикулярлы жазықтықта орналасады, кеңейген ұштары (кеңiстерi) болады. Қапшық бұранда тәрiздi ұлу жолымен қатынасады. Жарғақты шытырман iшкi сарысу (су тәрiздi сұйықтық, белок, натрий қоюлығы төмен, калий-жоғары) арқылы толады. Жарғақты шытырман тепе-теңдiк сақтау, есту ағзалары қабылдағышында (сезгiш-эпителийлi) түктi жасушалар болады.
Тепе-теңдiк сақтау ағзасы дөңгелек, сопақша және жарты шеңбер жолы кеңiстерiндегi арнайы қабылдағыш аймақтарды қосады. Дөңгелек, сопақша көпiршiктерде дақтар (сары дақтар) болып, жарғақты шытырманның бiр қабатты жайпақ эпителийi призма тәрiздiге ауысады. Дақтарда өте көп сезгiшэпителийлi (түктi) жасушалар болады, неше түрлi қосылу кешенi қолдаушы жасушалармен байланысып, құлақтас жарғағымен жабылады. Сопақша көпiршiк көбiнесе көлденең, дөңгелек көпiршiк - тiк орналасады. Түктi жасушалар көптеген митохондрийлер, дамыған түйiршiксiз эндоплазмалық тор, iрi Гольджи аппаратын сақтайды, бос бетiнде жалғыз бiр жағына ығысып жатқан кiрпiкше (киноцилия), ұзындығы (ең ұзыны кiрпiкшеге жанасады) әртүрлi арнайы ұсақ бүрлер (стереоцилий) орналасады. Бұл жасушалар екi түрге бөлiнедi: бiрiншi түктi жасушалар (алмұрт тәрiздi) - негiзгi бөлiгi кеңейген, толық тостақан тәрiздi орталыққа бағыттаушы жүйке ұштарымен қамтылған; екiншi түктi жасушалар (призма тәрiздi) - биiк, ауыз жағы жiңiшке, төменгi жағы кең, құлақты құмыра сияқты, негiзгi бөлiгiне ұсақ орталыққа, шетке бағытталған жүйке ұштары жанасады. Қолдаушы жасуша - биiк призма тәрiздi жасушалар, бос бетiнде көптеген ұсақ бүрлерi болып, құлақтас жарғағын құруға қатысады. Құлақтас жарғағы - ерекше сiлiкпе тәрiздi зат қабаты, дақтарды жабады, түктi жасушалар стереоцилийлерi, киноцилийлерi батады. Құлақтас жарғағы бетiнде үшкiр цилиндр тәрiздi түрi бар бiрнеше қабат кальций тұздары кристалдары–құлақтастар (статоконийлер) орналасады. Жарты шеңбер жолы кеңiстерi томпақ - кеңiстiң тарағын (кристарды) құрып, жол бiлiгiне перпендикуляр жазығында орналасады. Тарақтар призма тәрiздi эпителиймен төселген, жасушаларының түрi дақтардағы жасушалардай, жалпы саны мыңдап саналады. Стерео-, киноцилийлер сiлiкпе тәрiздi зат қабатына батып, кейiнгiнiң түрi мұнда биiк күмбез тәрiздi болады. Олардың бетiнде құлақтастар болмайды. Тепе-теңдiк сақтау ағзасы қызметi гравитациялық, ұзындық, бұрыштық үдеулердi қабылдаудан тұрады, олар жүйке сигналдарына айналып, орталық жүйке жүйесiне жеткiзiледi, бұлшық ет жұмысын үйлестiредi, ол тепе-теңдiктi сақтап, кеңiстiкте бейiмделуге мүмкiндiк туғызады. Дөңгелек, сопақша көпiршiктер гравитацияға, ұзындық үдеуге әсер етедi. Құлақтас жеке салмағы iшкi сарысуға қарағанда үш есе көп болатындықтан, олар бас ұстау қалпын өзгерткенде инерцияға қабылеттi болып, құлақтас жарғағын ығыстырады. Оған батқан түктi жасушалар стереоцилийдi өзгертедi, орталыққа бағытталған жүйке талшығына берiлетiн қимыл мүмкiндiгiнiң пайда болуын қоздырады. Кеңiстiк тарақтары бұрыштық үдеудi қабылдайды: дене қозғалғанда iшкi сарысу қозғалысын туғызады, ол күмбездi қисайтады, сондықтан стереоцилий иiлуiне байланысты түктi жасушаларды ынталандырады. Күмбездiң кинцилий жағына қозғалуы қабылдағыштар қозуын, қарама-қарсы бағытқа қозғалуы - олардың тежелуiн тудырады. Есту ағзасы ұлу жолының ұзына бойында орналасады. Жарғақты шытырман ұлу жолы iшкi сарысумен толы болады, шеткi сарысу сақтайтын дабыл, теңдiктi сездiру сатылары екi жолымен қоршалады. Олармен бiрге жануарларда бес ирiмге дейiн болатын сүйектi шытырман iшiнде орналасады. Ұлудың бiлiгiне бағытталған бөлiгi - iшкi, оған қарама-қарсы жаққа бағытталғаны - сыртқы деп аталады. Ұлу жолы пiшiнi кесiндiде үш бұрышты болып, сыртқы қабырғасы тамыр тiлiмiнен құралған, сүйектi ұлу қабырғасымен тұтасып кетедi. Ол өзiнен жоғары жатқан теңдiктi сездiру сатысынан теңдiктi сездiру жарғағымен, өзiнен төмен орналасқан дабыл сатысынан - базилярлы тақташамен бөлiнедi. Тамырлы тiлiмдi көп қабатты эпителий қабаты құрады, оралма байламда жатып, одан тығыз қылтамырлар торы өтiп кетедi. Жарғақты шытырманның iшкi сарысу түзiлетiн жерi, ол кортиев ағзасына қоректi заттар, оттегi тасымалдануын қамтамасыз етiп, қабылдағыш қызметiне қолайлы ортаның иондық құрамын қолдайды.
Бұл эпителийде үш түрлi жасушалар болады:
жиек жасушалары - тiлiм бетiн төсейдi, iшкi сарысумен жанасады. Бос бетi қысқа ұсақ бүрлермен жабылған, өсiндiлерiнде митохондрийлер болады, күрделi өрiмдер (негiзгi шытырман) құрады, аралық жасушалар арасына кiрiп, негiзгiлерге де енедi. Жасушалар шытырман қылтамырларында қарқынды натрий ионын тасымалдап, калий ионымен ауыстыруға қажет. Нәтижесiнде iшкi сарысуда калий ионының қоюлығын жоғарылатын жарғақты ион сорабы болады;
аралық жасушалар - пiшiнi жұлдыз тәрiздi, өсiндiлерi қылтамырды қоршайды, басқа жасушалар арасына өтедi;
негiзгi жасушалар - пiшiнi дұрыс емес, жоғарғы өсiндiлерi аралық, жиек жасушалары өсiндiлерiнiң арасына кiредi, негiзгi өсiндiлерi көршi негiзгi жасушалармен және оралма байламдағы фибробластармен өзара iс-қимыл жасайды. Бұл жасушалар тамырлы тiлiм эпителийiнiң түзушi ұлпа элементтерi болып келедi.
Теңдiктi сездiру жарғағы - жұқа қос қабатты тақташа, оралма тарақтан (лимба) оралма байламға дейiн созылады, шеткi, iшкi сарысу арасындағы су мен электролиттер тасымалдауына қатысады. Ұлу жолына қараған жарғақ бетi цитоплазмасында саны көп ұсақ пиноцитоз көпiршiктерi бар бiр қабатты жайпақ эпителиймен төселген. Теңдiктi сездiру сатысына қараған бетi фиброцит тәрiздi жасушалар қабатымен (жайпақ эпителиймен) жабылған. Базилярлы тақташа ұлу жолы түбiн құрады, дабыл сатысы жағынан бiр қабатты жайпақ эпителиймен (фиброцит тәрiздi жасушалармен) төселген, аморфты заттан тұрады, онда коллаген талшықтары шоқтары батып, оралма байламынан оралма сүйек тақташасына тартылған–орталық сүйек дiңгегi өсiнi есту шегiн құрады. Бұл шек ұзындығы ұлудағы орнына байланысты әртүрлi болады, тербелiстiң әртүрлi жиiлiгiн сезiнедi, жоғары жиiлiк тербелiсi ұлу негiзiнде, төменгi жиiлiк - оның жоғарғы ұшында жүредi. Оралма (кортиев) ағза қабылдағыш сезгiш-эпителийлi (түктi), әртүрлi тiрек жасушалардан құралған. Сезгiш - эпителийлi (түктi) жасушалар орталыққа, шетке бағытталған жүйке ұштарымен байланысқан, екi түрге бөлiнедi: iшкi түктi жасушалар - iрi, алмұрт тәрiздi, бiр қатарда орналасады оның барлық жағын iшкi бақайшақ жасушалары толық қоршайды. Құрылысы жағынан тепе-теңдiк ағзасындағы бiрiншi түктi жасушаларға ұқсас, бос бетiнде стереоцилийлер ұзындықта орналасады; сыртқы түктi жасушалар - пiшiнi призма тәрiздi, сыртқы бақайшақ жасушалардың тостақан тәрiздi ойыстарында жатады. Олар бiрнеше қатарда орналасып, тек негiзгi, бос бет аумағында қолдаушы жасушалармен жанасады. Бұл жасушалардың ортаңғы бөлiгi iшкi сарысумен жуылады, сондықтан iшкi жасушаларға қарағанда уытты заттар әсерiне өте сезгiш, құрылысы тепе-теңдiк ағзасындағы екiншi түктi жасушаларға ұқсас болады. Бос бетiнде жүздеген стереоцилийлер кездесiп, бiрнеше қатарда V немесе W әрпi тәрiздi болып, ұлу негiзiнен жоғарғы ұшына дейiн орналасады. Стереоцилий соңдары дiрiлдек тәрiздi бүркеме жарғағына батады. Бүркеме жарғағын оралма лимба ернеуiндегi теңдiктi сездiру жасушалары өндiредi, гликопротеиндерi болып, тығыз аморфты затқа батқан талшықтардан тұрады. Ол оралма лимбасынан сыртқы шек жасушаларына (Гензен) дейiн бiр шетiмен бекiп, барлық оралма ағзаларының үстiнде салбырап тұрады. Тiректi (қолдаушы) жасушалар бес түрге: бағана, бақайшақ, шекаралық, сыртқы қолдаушы, ұсақ жасушалар болып бөлiнедi. Бағана-жасушалар (iшкi, сыртқы) базилярлы тақташада жататын негiзi кең, орталық бөлiгi енсiз, бос ұштарымен сүйiр бұрыш құрып, цитоплазмадан оларға қаттылық беретiн ұсақ түтiктер шоғыры өтедi. Сөйтiп iшкi сарысуға толы үш бұрышты кеңiстiк - iшкi туннель құрылады. Сыртқы және iшкi бағана-жасушалар жайпақ жоғарғы өсiндiлерiн көлденең сыртқы түктi жасушалар бос бөлiгiне жiбередi. Бақайшақ жасушалар iшкi, сыртқы болып бөлiнедi, биiк призма тәрiздi жасушалар, негiзгi жарғақта жатады. Iшкi бақайшақ жасушалар iшкi түктi жасушаларды толық қоршайды, араларына жүйке талшықтары енiп, түктi жасушаларда өз ұштарын құрады. Сыртқы бақайшақ жасушалар сыртқы түктi жасушалармен екi жерде байланысады: бос бетiнде ойыс болып, оған түктi жасушалар негiзi батады, ал ұсақ түтiктер шоғырын, жайпақ тақташа болып аяқталатын ұзын өсiндiсi (бақайшақ) сыртқы түктi жасушалар бос бөлiгiнде көлденең жатады. Бағана-жасаушалар өсiндiлерiмен бiрге сыртқы түктi жасушалар бос бөлiгiн, талшықтары ғана шығып тұратын етiп, бекiтетiн ретикулярлы жарғақ құрады. Бұл жарғақ сыртқы түктi жасушалар ең сыртқы қатарынан сыртқы шекаралық жасушаларға (Гензен) ауысады. Бақайшақ жасушалары цитоплазмасына жүйке талшықтары енiп, түктi жасушалардың негiзгi бөлiгiнде өз ұштарын құрады. Шекаралық жасушалар iшкi жағында сәйкес жатқаны–iшкi, сыртқы бақайшақ жасушалар сыртындағысы-сыртқы (Гензен) болып бөлiнедi. Олардың биiктiгi сыртына қарай төмендеп, iшкi жүлге, сыртқы қолдаушы жасушалармен сәйкес шектеседi. Сыртқы қолдаушы жасушалар гензен жасушалар сыртына қарай жатады, текше пiшiндi, цитоплазмасы ақшыл болады, сыртқы жүлге жасушаларына дейiн созылады. Iшкi жүлгенi жабатын жасушалармен ұқсас келедi. Ұсақ жасушалар цитоплазмасы қоңыр болып, базилярлы тақташа, сыртқы қолдаушы жасушалар арасында орналасады, негiзгi жарғақта жатады. Олар ұлудың негiзгi иiнiнде ғана кездесiп, сiңiру, секреция қызметтерiн атқарады. Дыбысты қабылдау күрделi механизмдермен қамтамасыз етiледi. Дыбыс толқыны дабыл жарғағы тербелiсiн туғызады, дыбыс сүйекшелерiн қозғалысқа келтiредi, оны шеткi сарысуға, базилярлы жарғаққа бередi. Кейiнгi тербелiс ұлу бөлiгiндегi айтарлықтай ұзын шектi күшейтiп, бүркеме жарғаққа батқан түктi жасушалар стереоцилийлер өзгеруiне жеткiзедi. Мұнда электрлiк потенциал пайда болып, ұлудың бұранда түйiнiндегi (аксондары ұлу жүйкесiн құрады) биполярлы жасушалар дендриттерi ұшына берiледi. 90% артық орталыққа бағытталған жүйке талшықтары iшкi түктiде, ал 10% ғана сыртқы жасушаларда аяқталады. Есту бұзылуы дыбыс тербелiстерiнiң iшкi құлаққа өтуiндегi кедергiлерге: сопақша терезе алды үзеңгiшенiң табиғи, жасанды қимылсыздығынан, түктi, қолдаушы жасушалар, жұқпалы процесте есту жүйкесiнiң бүлiнуiнен, акустика жарақаттауынан, құлақтас уытты заттары, оның iшiнде дәрi-дәрмек әсерiнен бұзылады.
Дәм сезу ағза ауыз, тiл, ерiн, жұтқыншақ алды бөлiмi, өңөш, көмекейде байқалады. Негiзiнен тiлдiң саңырау құлақ тәрiздi, жiпше, өзекше (қалытқы), жапырақша бүрлерiнде орналасады. Саңырау құлақ тәрiздi бүр қызуды, дәм тiтiркенуiн қабылдап, түйсiк қызметiн атқарады. Бүрi көп қабатты жайпақ мүйiзденбейтiн эпителиймен жабылған, бүйiр эпителий қабатында дәм бүйрегi жатады. Бұл бүйрек ұзынша, бiр-бiрiне тығыз жанасқан дәм (сопақша ядролы, жасуша негiзiнде орналасады, цитоплазмасында дамыған түйiршiксiз эндоплазмалық тор, митохондрийлер болады), қолдаушы (iрi ядролы, цитоплазмасында эндоплазмалық тор, Гольджи аппараты бар) жасушалардан тұрады. Жiпше бүр жануарларда жиi кездеседi. Бетiнде екiншi өсiн құрыла алады, сырты көп қабатты жайпақ мүйiзденген эпителиймен төселедi. Жыртқыш жануарлар эпителийi бетiнде мүйiздi оймақша кең таралған. Өзекше (қалытқы) бүр тiл кiлегейлi қабығы түбiнде орналасады, көлемi үлкен, саны көп болмайды. Жапырақша тәрiздi бүр күйiстiлерде болмайды. Пiшiнi жапырақтай, ұзын тiлге көлденең жататын кiлегейлi қабық қатпарларынан тұрады.
Иiс сезу (үшiншi жұп) кеуiлжiрлерi терең, iшкi танаутесiкте орналасады. Онда кеуiлжiрлердi сыртқы, iшкi деп, екiге бөледi. Iшкi кеуiлжiрлер саны әр мұрын қуысында беске жетедi. Иiс сезу ағза қызметiн-газ күйiндегi заттардың химиялық тiтiркенуiн қабылдауды, мұрынның ортаңғы кеуiлжiрi, оған сәйкес мұрын пердесi кiлегейлi қабық бөлiгi орындайды. Эпителий тәрiздi қабатпен жабылып, үш түрлi - қабылдағыш, қолдаушы, негiзгi жасушалардан тұрады. Қабылдауыш (иiс сезу) жасушалар эпителий қабатының бетiне жететiн қысқа шеткi, ұзын - орталық өсiндiлерi болады. Шеткi өсiндiлер пiшiнiне қарап, иiс сезу жасушаларын - таяқша және сауытша тәрiздi деп, екiге бөледi. Таяқша тәрiздi иiс сезу жасушалар саны көп кездеседi. Итте оның саны 250 млн болады. Иiс сезу жасушалары эпителий қабаты бетiнде ұшы қалыңдап - иiс сезу күрзiсiн түзедi. Күрзi бетiнде ұзындығы 100 мкм жететiн иiс сезу кiрпiкшелерiн ажыратады. Жануарлар түрлерiне тән кiрпiкшелер саны әртүрлi, iрi қара иiс сезу жасушаларында–17, қойда–40-50, итте–100-150 болады. Иiс сезу кiрпiкшелер жылжымалы, тоғыз жұп шеткi, екi орталық ұсақ түтiкшелерi қалыпты негiзгi денелерiнен тарайды, негiзiнде ұсақ бүрлер орналасады. Иiс сезу жасушалары аксоны бiраз митохондрийлер, 2-18 ұсақ бүрлер сақтайды. Бұл аксондар леммоцит цитоплазмасының желiсiне батып, өткiзгiш сым тәрiздi жүйке талшығын құрады. Қолдаушы жасушалар иiс сезу жасушаларын қоршап, тiректiк, секрет бөлу, қоректiк, кейбiр деректерге қарағанда қорғаныш қызметтер атқарады. Негiзгi жарғақта орналасқан негiзгi жасушалар қарқынды көбейiп, иiс сезу эпителийiнiң түзушi жасушасы болып есептеледi.
Сезiм түйсiгi ағзасына - тiтiркендiргiштерге әсер беретiн, көптеген әртүрлi ерiктi, қапшықтанған, қапшықтанбаған ерiксiз жүйке ұштарынан тұратын терi - жабындағы қабылдағыш алаң, терiнiң, бұлшық еттiң, сiңiрдiң сыртқы бетiндегi қабылдағыштардың жанасуды, түскен қысымды қабылдауы жатады. Онда құрылысы жүйке ұлпасы мен терi - жабында сипатталған қысым-, механо-, жылу-, түйсiк-, ауырсыну, басқа қабылдағыштарды ажыратады.
Өзін - өзі бақылау сұрақтары:
-
Көз алма қабырғасындағы сыртқы қабық бөлiмдерiн ата.
-
Көз алма қабырғасындағы ортаңғы қабыққа қандай бөлiмдер кiредi?
-
Тор қабықтың жарық микроскопында көрiнетiн қабаттарын ата.
-
Сыртқы және iшкi шекаралық жарғақтар неден құралған?
-
Тор қабықтың сыртқы және iшкi түйiршiктi қабаттары не құрады?
-
Тор қабықтың сыртқы және iшкi торлы қабаттары неден құралған?
-
Көру жүйесiн нелер түзедi?
-
Таяқша және сауытша торшалардың электронды микроскоптағы құрылысының ерекшелiктерi неде?
-
Сезiм ағзаларына қандай құрылым, қызмет белгiлерi тән?
-
Есту және тепе-теңдiк ағзаларының қай жерiнде сезгiш торшалар орналасады?
-
Құрыш жарғақты шытырман қабырғасын атап, ондағы құрылым және қызмет ерекшелiктерiнiң маңызы неде екенiн баянда.
-
Кеңiстiң тарағы және статикалық дақ дегенiмiз не? Олар қай жерде орналасады?
-
Талдаушы күрделi рефлекторлық доғаның қай бөлiмiн түзедi?
-
Есту және тепе-теңдiк талдаушыларының нейроциттерiн ата.
Әдебиеттер. Бірінші дәрістің соңында берілген.
ПРАКТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАР – оқудың бір түрі, студенттердің өзін-өзі бақылауын, іздену әдетін қалыптастыруын, жұмыс істеу дағдыларын дамытуға бағытталған. Бұл сабақтар пәннің күрделі сұрақтарын терең зерделеуге мүмкіндік туғызады, студенттің өз бетімен дайындалғанын тексереді және оны бақылаудың негізгі түрі болып келеді. Осы сабақтар үстінде студенттер көкейтесті мәселелерді сауатты баяндап, өз ой - пікірін ерікті айтып, түрлі жағдайларды қарастырып, өзінің кәсіптік құзырын дамытуға мүмкіндік алады.
1 тақырып: Микроскоп, онымен жұмыс істеу ережесі.
Мақсаты: Микроскоп бөлшектерінің аттарын есте сақтап, гистологиялық препаратты зерделеу (бейнесін салу), ғылыми зерттеу (зерзаттарды өлшеу) үшін, олардың атқаратын жұмысын (жұмыс орнын ұйымдастыру, жарықты қою, ортаға дәл келтіру, жарық сәулелерін жинақтау, жарық сүзгісін таңдау) білу.
1 тапсырма. Микроскоптың оптикалық және механикалық бөлімдерін; объектив және окуляр түрлерін; жарық сәулелерін жинақтау үшін микро және макробұрандаларды (кремальер) қолданудың, жиынтық көбейту формуласын V=Vоб х Vок; көру қабілеттілігін зерделеудің ілімін оқып, білу.
2 тапсырма. Микроскоптың құрылысын еске алып, оның бөлшектері аттарын білгеннен кейін оқу дәптеріне мына негізгі ережелерді жазып алып, оларды жақсы меңгеріп алған жөн.
МИКРОСКОППЕН ЖҰМЫС ІСТЕУДІҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ
-
Микроскопты сол жаққа, сурет дәптерін оң жаққа қойып, кіші ұлғайтқыштағы микроскопты сол көзбен, оң көзді жұмбай (қыспай) қарап, айнаның ойыс жағын жарық көзіне бағыттап, біркелкі, әрі жеткілікті жарықты табу.
-
Препараттың жабын шынысы жоғары бетінде болып, зерделенетін құрылымды үстел саңылауының дәл ортасына орналастыру қажет.
-
Кремальераны бұрап, жарық шоғырын табу. Линза мен препарат қоятын үстел арасы 1 см жуық болуы керек.
-
Окулярға қарап отырып, бұрандалардың көмегімен препараттың біркелкі боялған және жұқа жерін тауып, кесінді көрінісін толық қарап шығып, зерделенетін құрылымды үстел саңылауының дәл ортасына қою қажет.
-
Фокусты өзгертпей револьвердің көмегімен үлкен ұлғайтқышқа ауыстыру керек (дұрыс ауысқанда револьвер шырт етеді).
-
Окулярға қарап отырып, бейне анық көрінгенше микробұранданы оңға немесе солға сәл қозғалту қажет.
-
Препаратты үлкен ұлғайтқышта зерттеп, бейненің суретін салып алғаннан кейін, тубусты көтеріп, револьверді кіші ұлғайтқышқа ауыстырғаннан кейін ғана, оны үстелден алуға болады. Препаратты зерделегенде осы тәртіпті қатты сақтау шарт. Өйткені сабаққа ұсынылатын препараттар осы кезеңде көп сынады.
-
Сабаққа берілген барлық препараттарды зерделегеннен кейін кіші ұлғайтқыштағы микроскопты жапқышпен (ақ орамал) жауып, оқу үстелінің ортасына (шетінде болса, үзіліс кезінде біреу қағып кетуі мүмкін) жылжытып қою керек. Препараттарды кезекшінің тақтайшасына қайта жинастырып салу керек.
АЛДЫҢҒЫ САБАҚТАРДА ОСЫ ЕРЕЖЕЛЕРДІ, ОРЫНДАЛУ РЕТІН ҮНЕМІ САҚТАУ СТУДЕНТ МІНДЕТТЕРІНІҢ БІРІ.
3 тапсырма. Оқу үстеліне “МБИ”, “Биолам” микроскоптарын қойып, олардың ортаға дәл келтіруін, жарық сәулелерін жинақтауын, препаратты әр объективте көрсетуін, қажетті жарық сүзгілерін тауып алып, зерзатты өлшеу қажет.
Бақылау есебі:
-
Зертханалық сабақта студент микроскоптың объективі 40 есе, окуляры 15 есе ұлғайтылған препаратты қарауда. Сонда зерделеудегі құрылым қалыпты күйінен неше есе ұлғайтылған?
-
Зертханалық сабақта студент препаратты кіші ұлғайтқышта қарап, оны үлкен ұлғайтқышта көргісі келіп, бірнеше рет талпынғанымен бейнені көре алмады, ал оның үстіне препаратты сындырып алды. Ол препаратты зерделеуде қандай кемшіліктер жіберіп алды?
-
Препаратты зерделеуде қажетті құрылым көру аймағының оң жақ шетінде байқалды. Студент оны көру аймағының дәл ортасына қоюуы үшін препаратты қай жаққа, қалай жылжытуы керек?
Оқу жоспарында белгіленген барлық зертханалық сабақтарды өткізуге арналған әдістемелік ұсынымдар З.Қ. Тоқаевтың “Гистология, эмбриология және цитология практикумында” (Семей, 2001. Беттері 3 – 154) берілген.
Өзін - өзі бақылау және зертханалық жұмыстарды қорғау сұрақтары:
-
Микроскоптың құрылысы қандай?
-
Микроскоппен жұмыс iстеудiң негiзгi ережелерiне не жатады?
-
Микроскоптардың көру қабiлеттiлiгi дегенiмiз не?
-
Электронды микроскоптың ерекшелiгi неде?
-
Микроскоптардын қандай түрлерiн бiлесiз. Олардың ерекшелiктерi неде?
-
Есеп шешімдерін қорғау.
Достарыңызбен бөлісу: |