Жапек батыр ауылы, №4 орта мектептің 2022-2023 оқу жылында атқарылған психологиялық жұмыстардың есебі


Сыныптағы психологиялық ахуалды анықтайтын сауалнама қорытындысы бойынша барлық сыныпта «Қалыпты» деңгейді көрсетті



бет3/3
Дата10.10.2023
өлшемі101.36 Kb.
#480245
1   2   3
СШ 4 I жартыжылдық есебі 2022-2023

Сыныптағы психологиялық ахуалды анықтайтын сауалнама қорытындысы бойынша барлық сыныпта «Қалыпты» деңгейді көрсетті.
Кәмелетке толмағандардың аутодиструктивтік ықпал етуші жағдайлар мен себептерді анықтау тобының жұмысы
«Мектепте суицидке бейім кәмелеттік жасқа толмағандарды анықтап жанұясымен жұмыс жасау» жұмыстарына
Анықтама
Кәмелетке толмағандардың аутодиструктивтік ықпал етуші жағдайлар мен себептерді анықтау мақсатында ай сайын сауалнама алынды. Оқушылардың бойында агрессия, мазасыздану белгілері анықталған жоқ. Алдын алу мақсатында іс-шаралар ұйымдастырылып отбасына кеңестер берілді.
Мақсаты: Әр оқушының табысты оқуын қамтамасыз ету, адамды және оның құқығын құрметтеуге тәрбиелеу, тәртіп мәдениетіне және қарым-қатынас дағдысын дамыту. Оқушыларды тәртіптік өзіне және басқаларға талап қошылық, киіміндегі тазалық, жинақылықты сақтауды үйрету.
Ұсыныс:
Оқушылармен жұмыс істегенде төмендегі ережелерді сақтау қажет:

  • Оқушыға тосын сұрақ бермеу, тез жауап беруді талап етпеу, оқушыға ойланып, дайындалуына уақыт беру.

  • Жауапты ауызша емес немесе жазба түрінде талап етуге болады.

  • Ауқымды, көлемі үлкен, әр-түрлі, күрделі материалдарды қысқа мерзімде игеруін талап етуге болмайды. Ол материалды оқушының деңгейіне байланысты бөліп беру.

  • Бұндай оқушыларға жаңа тақырып бойынша жауап беруін талап етуге болмайды. Үйде дайындалуға мүмкіндік беріп, келесі сабақта сұраған жөн.

  • Жауап сұрап ынталандыру арқылы оқушының өзінің күшіне біліміне деген сенімін арттыру.

Мектебімізде оқушылар арасындағы киббербуллинг және буллингті анықтау мақсатында қараша айының 7 жұлдызы мен 15 жұлдызы аралығында 7 – 11 сынып оқушыларынан сауалнама алынды. Оқушылардан сұрақтарға шынайы әрі ашық жауап беру сұралды. Сауалнама 9 сұрақтан құралған, жасырын түрде жүргізілді. 7 – 11 сынып аралығында 613 оқушы бар. Сауалнамаға қатысқан оқушылар жас ерекшелігі бойынша талданды.
Сауалнамаға 569 оқушы қатысты.
Қатыспаған оқушылар саны – 44. Себепті – 32, оның ішінде 12 оқушы үйден оқытылады, себепсіз 12 оқушы.
Сауалнама соңында оқушылармен әңгімелесулер жүргізіліп, егерде құқық бұзушылық жағдай орын алса, зорлық – зомбылық көрсе немесе куәсі болса сынып жетекшісіне, психологқа не болмаса тәрбие орынбасарларына айту ескертілді. Сынып оқушыларына буллинг, киббербуллинг тақырыбында тереңірек мағлұматтар берілді. Киббербуллинг, буллинг болған жағдайында заңды түрде жауапқа тартылатындығы, оның құқықбұзушылықтың бір түрі екендігі, интернетті, әлеуметтік желілерді сауатты пайдалану жайында ақпараттар беріліп, оқушылармен бір – біріне әрдайым көмек қолын созу, көмек көрсете білу ұмтылу мақсатында психологиялық жаттығу жүргізілді. Психологиялық жаттығудан кейін кері байланыс алынды, оқушылар өздерінің алған әсерлерімен бөлісті. Сауалнама қорытындысы бойынша негатив жауап берген және буллингке ұшыраған оқушы анықталмады. Сауалнама қорытындысының мониторингі 1 қосымшада көрсетілген.

VIII.Мектебімізде 8-10 сынып оқушыларына жат қылықтардың, нашақорлықтың алдын алу мақсатында «Нашақорлықпен күрес», «Балаларға қатысты қатігездік және онық денсаулыққа тигізер кері әсері» атты тақырыптарында баяндама оқылды. Мектеп оқушыларына «Нашақорлықпен күрес» тақырыбында жадынамалар таратылды. 6-11 сынып оқушыларына whatsapp желісі арқылы «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында видео роликтер жіберілді.
Сұраныс бойынша оқушылармен әңгімелесулер жүргізіліп, егерде құқық бұзушылық жағдай орын алса сынып жетекшісіне, психологқа не болмаса тәрбие орынбасарларына айту ескертілді.
.
ІХ. Үйден оқытылатын және инклюзивті оқушылармен жұмыс жоспары жасалынып, бекітілді. Сол жоспар бойынша жұмыстар атқарылды. 2022 – 2023 оқу жылында мектебімізде 13 оқушы, ал инклюзивті оқыту бойынша 5 оқушы. Үйден оқытылатын оқушыларға айына 1 рет үйлеріне барып көңіл – күйлерін, отбасының психологиялық ахуалын бақылау мақсатында психологиялық жаттығулар жүргізілді. 2 оқушының түзету – дамыту сабақтары мектеп психологында. Инклюзивті оқушылардың 2 оқушымен жеке психологиялық сабақтар жүргізілді. 4 оқушымен аптасына 2 рет психологиялық дамыту жұмыстары жүргізілді. Атап айтатын болсақ, үйден оқитын оқушылармен отбасы суреті, «Өтінемін», «Пілдің аяғы»,ағаштағы орныңыз суреттік әдістемелері, жаттығулары жүргізілді. Нәтиже бойынша әр оқушының өзінің психологиялық дамуына қарай өңделді. Инклюзивті оқушылармен жүргізілген сабақтар өз нәтижесін берді. Балаларда даму алға іргерлеу бар. Жеке балалармен дамыту жаттығулары жүргізілді.
Х. Әлеуметтік өлшемдер төңірегінде құжаттарда өгей ата – анасымен тәрбиеленетін оқушылармен жұмыстар жинақталған. Мектебімізде 12 оқушы бар. Жүргізілген психологиялық зерттеу қорытындысы бойынша ол оқушылармен жұмыстар жүргізіліп, кеңестер берілді.Оқушылардың сынып жетекшілерімен, ата-аналарымен тығыз байланыста болып, жұмыс жүргізілді. Жеке оқушылармен танымдық қабілеттерін анықтау, мазасыздық деңгейін анықтау, отбасымен қарым – қатынасын анықтау негізінде отбасы суреті, өзіндік бағалау деңгейін анықтауға байланысты әдістемелер алынды. Нәтижесінде негативті жауап болмады. Отбасымен қарым – қатынастары жақсы екені анықталды. Ақпан айында 5 – 8 сынып оқушыларынан сауалнама алынды. Сауалнама мақсаты оқушылардың отбасымен, ата-аналарымен қарым-қатынасын, мектепке көзқарасын анықтау. Барлық оқушылардың жауаптары мұқият сараланды. Соның ішінде әлеуметтік статусқа ие оқушыдың жауабында негативті жауап болмады. Отбасында ата – анасымен сырласпаймын, ұқсағым келмейді деген оқушылармен жеке кеңестер мен түзету – дамыту жұмыстары жүргізілді.


Мектеп директоры Л.Қ.Орманбаева

Орындаған: мектеп психологы Өмірбаева А.А.
Телефон: 87478092392

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет