Оперативтік жарақаттар — жоспарлы түрде, емдік немесе диагностикалық мақсатта,ерекше асептикалық жағдайда,тіннің минимальды зақымдануымен,жансыздандыру арқылы,анатомикалық құрлымдық бұзылымдарды тігіспен біріктіріп тігу нәтиежесінде пайда болған жарақаттың түрі.
Кездейсоқ жарақатар- кездейсоқ жағдайда,кез келген себептерден пайда болатын жарақаттың түрі.
Оперативтік жарақаттың түрі.
Тіннің зақымдануына байланысты жарақаттар.
Кесілген;
Ұрылған;
Соғылған;
Жыртылған;
Жаншылған;
Шабылған;
Тістелген;
Аралас;
Атылған.
Кесілген жарақат (vulnus incisum).
Кесілген жарақаттар өткір қарумен жарақаттаған кезде пайда болады (пышақ,алмас,әйнек).Мұндай жарақаттың түрінде айналасындағы тіндер тұтастығы бұзылмайды. Мардымсыз механикалық күштің әсерінен өткір қарудың жолы тереңдеуі мүмкін.Кесілген жарақат кезінде ауру сезімі шамалы,қан кету көп мөлшерде емес,жарақат аузының бітуі жарақат өсіне, Лангеров сызығына байланысты.
Кесілген жарақат қан тамырлардың,жүйке ұштарының,негізгі ағзалардың көп мөлшерде зақымдануына байланысты.
Кесілген жарақат.
Ұрылған жарақат (vulnus punctum).
Ұрылған жарақаттар тар және өткірлеу қарумен жарақаттану кезінде пайда болады (жіңішке пышақ,айыр,ине). Анатомиялық ерекшелігі зақымдану аумағына қатысты тереңдігінің үлкен болуында.Ұрылған жарақат кезінде ауру сезімі айқын емес,жарақаттың аузы анық емес,сыртқа қан кетулер болмайды.Бірақ,тері және шырышты қабат астында гематомалар пайда болуы мүмкін. Басқа жарақаттардан ерекшелігі, сыртқы зақымдану кей кезде тереңдегі ірі тамырлардың,жүйке ұштарының,ішкі ағзалардың бүтіндігінің бұзылуымен бірлеседі.Диагностикалануы қиын. Аса ауыр зардап әкелмеуіне қарамастан, ішкі ағзаларда ауыр деңгейдегі зақымданулар пайда болады.
Ұрылған жарақат.
Соғылған жарақат (vulnus contusum).
Соғылған жарақат бүтін қарумен жарақаттағанда пайда болады.Берік және эластикалық терінің қарсылығын бұзу үшін,тереңдегі сүйек пен бұлшықеттердің әлсіз байланысын бұзуы қажет. Жарақат айналасындағы зақымдану аймағы үлкен,қанға толған,некрозданған. Сондай- ақ, ауру сезімі айқын,сыртқа қан кетулер көп мөлшерде емес, тері астындағы гематомалар саны және зақымданған тіннің некроздану ауқымына байланысты жарақат көрінісі анық болады.